Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20.12K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2023-06-18 12:14:19
Астанадағы "Керуен" сауда орталығында Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды.
820 views09:14
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 07:17:20
Абай облысында жаңбыр жауды

Бұған дейін Абай ауданы Озерки ауылында жаңбыр шақыру үшін тасаттық рәсімі өткізілген
819 views04:17
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 13:02:34
Абай облысында жоғалып кеткен орман шаруашылығы қызметкері өлі табылды

Абай облысында трактормен өрт сөндіруге шығып, жоғалып кеткен Сергей Архипов өлі табылды.

"️Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылған. Ол трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүргені айтылды.
1.2K views10:02
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 12:01:28
Елімізде 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы бүгін Тоқаев «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және жақын туыстарына көңіл айту кезінде хабарлады.

Сонымен қатар, оларға жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке арнайы тапсырма берді.

«Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл - бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар»,- деді Президент.

@ztb_qaz
192 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2023-06-05 13:24:31
Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді дөрекі түрде итеріп жіберді.

Оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Бейнежазбада полицейдің қызмет көлігінің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше әйел оған рұқсат бермей жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың біріне дөрекі күш қолданады. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік әйелдер кейін адвокатты талап еткен.

"Аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталды. Департамент басшылығы полиция қызметкерінің дөрекі іс әрекеті үшін баға беретін болады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
172 views10:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 15:03:16
306 views12:03
Ашу / Түсініктеме
2023-06-01 15:03:11 «Қазақтелекомның» TV+ платформасы App Store және Play Market-те
тегін қосымшалар арасында көш бастады
 

«TV+ Kazakhtelecom» қызметі App Store және Play Market алаңдары ұсынған тегін қосымшалардың ішінде ең көп жүктелген сервиске айналды. Бір аптадан аз уақыт ішінде оны 156 мыңнан астам қолданушы жүктеп, рейтингтің  ұшар басына шықты. Сонымен қатар осы алаңда тұсауы бір апта бұрын кесілген Salem social media-ның туындысы «Черный двор» телехикаясы да қаралым жағынан алға шығып, рекордты жаңалауда. 7 күннің ішінде қылмыстық драманы 65 мыңнан астам бірегей көрермен тамашалаған.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында «Қазақтелеком» қазақстандық Salem social media компаниясымен TV+ платформасында эксклюзивті қазақстандық контентті қалыптастыру үшін ынтымақтастық туралы шарт жасасқан болатын. Ал осы жұмысты бастау үшін Қырғыз елінің 1.1 STUDIO продакшнымен бірлесіп түсірілген «Черный двор» криминалдық драма жанрындағы трагедиялы киносериал таңдалды. Сериалдың сюжеттік желісі өмірде болған оқиғаларға негізделген және Бішкектің кедей және қауіпті аймағында тұратын 5 дос туралы өрбиді. Олар өмірдегі өз орындарын тездетіп тауып, қамсыз өмір сүруді армандайды, бірақ бір ғана қате шешім олардың өмірін мәңгілікке өзгертіп қиындатады.
«Черный двор» телехикаясының тұсаукесері 25 мамырда TV+ арнасында өтті, және алғашқы күні фильмнің 5-сериясы жарық көрді. Кино туындының қалған 5 сериясын көрермендер бүгін, яғни 1 маусымда TV+ платформасында тамашалай алады. Кинокартина платформа пайдаланушыларының үлкен қызығушылығын тудырды: бір аптадан аз уақыт ішінде жаңа пайдаланушылар саны 66 мыңға өсті, ал 791 мың пайдаланушы TV+ қосымшасындағы осы сериалға өткен, бұл көрсеткіш жобаны бейне мазмұн қаралымы бойынша бірінші орынға шығарды. Жалпы, бүгінгі таңда фильмнің алғашқы 5 сериясын 66 мыңнан астам қолданушы көріп үлгерген, және олардың қатары сәт сайын көбейіп отыр. Олардың көпшілігі «Қазақтелеком» қызметіне де, сериал авторлары мен актерлеріне де оң пікір қалдырған.
«TV+платформасын пайдаланушыларына арнап жасалған осындай мүмкіндіктер үшін «Қазақтелекомға» үлкен алғыс. Жаңа серияның шығуын бірнеше апта күтудің қажеті жоқ. Фильм авторларына құрмет, өте қызықты сюжет, жоғары деңгейдегі актерлер ойыны", - деп атап өтті TV+платформасын пайдаланушылардың бірі.
Айта кетейік, жақын арада TV+ платформасын пайдаланушылар үшін «МСБ», «Qarga» және «Шеше» сияқты эксклюзивті фильмдер қолжетімді болады.
«Біз платформамызды қазақстандық өніммен байытуға ерекше назар аударамыз және көрермендер тарапынан аса қызығушылықты байқап отырмыз – тек соңғы аптада TV+ мобильді қосымшасына деген қызығушылық бірнеше есе өсті. Мұндай жетістікке жетудің бір сыры отандық киноиндустрия өкілдерімен бірлескен жобалардың арқасы деп білеміз. Отандық кинотуындылар TV+ сервисінің пайдаланушылары үшін «KZ-де жасалған» онлайн-кинотеатрында қолжетімді. Бұл айдар платформа іске қосылған алғашқы сәттен бастап жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар былтыр қосымшамызда еліміздегі алғашқы qazaqsha онлайн-кинотеатры пайда болды, оның мазмұны тек мемлекеттік тілде ұсынылады", - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің ірі телеком-операторының телевизиялық платформасының қызметтерін барлық қазақстандық провайдерлердің абоненттері пайдалана алады. TV+ қызметіне қосылу үшін интернетке кіру жеткілікті. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» қазіргі уақытта жаңа пайдаланушылар үшін тиімді акцияны іске қосты: 150 телеарна мен үш онлайн-кинотеатры бар пакетке жазылудың алғашқы айы небәрі 10 теңге тұрады. Танымал TV + бейне қызметіндегі барлық жаңалықтардан хабардар болу үшін @telecom.tvplus Instagram аккаунтының ресми парақшасына жазылуды ұсынамыз.
318 views12:03
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 11:07:05
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты көпшілік алдында қорлау және абыройына нұқсан келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік жойылуы мүмкін.

Әділет министрлігі тиісті түзетулер Мәжілістің қарауына жіберілгенін мәлімдеді.

«Заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарлануда. Қазір аталған заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетсек, ҚР ҚК-нің 373-бабы бойынша, егер Тұңғыш Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілген жағдайда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
682 views08:07
Ашу / Түсініктеме
2023-05-31 06:28:36
Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады

Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.
872 views03:28
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 09:42:47
Түркістан облысы Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорлаған. Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстап, қамауға алды.

«Аталған факт ҚР ҚК 121 бабының 4-бөлігі «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ал зардап шеккен қыз осыған дейін реанимацияға жатқызылған. Қазір ол үйде ата-анасымен бірге, жағдайы тұрақты.
2.4K views06:42
Ашу / Түсініктеме