Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20.12K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2023-01-19 09:59:19
Кәсіпкер, Choco холдингінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, Рамиль Мухоряповтың ісі бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни алауыздықты қоздырғаны туралы деректі тексеру үшін соталды тергеу жүргізілген.

"Соталды тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігі бойынша қабылданды. Алматы прокуратурасы қабылданған іс жүргізу шешімімен келісті", - деді Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкердің қазақ тіліне қатысты айтқан мәлімдемесі Желіде дау туғызған болатын.
153 views06:59
Ашу / Түсініктеме
2023-01-17 08:17:45
Шымкентте борышын өтеп жүрген сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты.
Туыстарының сөзінше, 35748 артиллерия дивизионының жауынгері Самрат Тыныштықбайдың 5 күн бұрын ғана ақыл-есі дұрыс болған.
Кейінгі екі-үш күнде есін жоғалтып, аяқ асты өзгеріп кеткен. 20 жастағы сарбаздың туыстары бұл әскери бөлімдегі әлімжеттіктің кесірі болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
«Күдігіміз бар, ұрған болуы керек. Әйтпесе, екі күнде ол бүйтіп жынды адамға ұқсап қалмайды ғой. Жынды адам сияқты боп қалған. Оны қорқытып, үркітіп, ұрып-соғып, соны білдірмейтін қылған. Жаңа біреу «психотроп зат салып жіберуі де мүмкін» деді. Сап-сау баланы екі күннің ішінде әскери бөлім психауруханаға жатқызған. Не деген оңбаған адамдар!», – дейді сарбаздың апасы.
727 views05:17
Ашу / Түсініктеме
2023-01-13 10:27:17 Елбасы туралы заң өз күшін жояды. Депутаттар Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады.

Сенаттан қатысып отырған 44 депутаттың барлығы жақтады. Мәжілістен қатысып отырған 93 депутаттың бәрі заң жобасын мақұлдады.
425 views07:27
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 06:22:30
Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туған күні (111 ж).
Осыған орай кеше талдау жасап, мына кестені дайындап қойдым. Күндеріңіз сәтті болсын.
900 views03:22
Ашу / Түсініктеме
2023-01-11 08:10:51
Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күшін жойды.

«2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады», – делінген қаулы мәтінінде.
87 views05:10
Ашу / Түсініктеме
2023-01-06 13:08:28
2022 жылдың қанды қаңтары кішкентай қазақстандықтарды да аямады. Қаңтардың 7-сі күні азық-түлік сатып жүріп, отбасымен көлікте оқ атылып, қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Меделхан баршаның есінде болса керек.

Бүгін қылмыстық істің жабылғаны белгілі болды. Адвокат Рафик Бейсебековтың айтуынша, ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бөлігі 1-тармағының 2-тармағы негізінде істі тоқтатқан: «Жоқ. әрекеттегі қылмыстық құқық бұзушылық туралы».

Адвокат бұған дейін іс «Кісі өлтіру» бабынан «Билікті асыра пайдалану» бабына ауыстырылғанын, сонымен қатар, қайта саралау туралы шешімнің құпияланғанын айтты.

Өкінішке орай, біз ешқашан білмедік, мүмкін емес.
128 views10:08
Ашу / Түсініктеме
2023-01-06 09:52:05 Сот Қаңтар оқиғасы кезінде "қылмыстық топ құрды" деп айыпталып, қамалған Арман Жұмагелдиевтің ("Дикий Арман" деген лақап атпен де мәлім – ред.) қамау мерзімін 7 наурызға дейін ұзартты. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың хабарлауынша, Алматы тергеу соты "қылмыстық іспен танысу кезеңінде" тергеу органдарының Жұмагелдиевтің қамау мерзімін созу жөнінде өтінішін орындаған.

Бұған дейін кей адвокаттар Жұмагелдиевтің ісіне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған еді.

37 жастағы Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда қамауға алынған. Оған "заңсыз қару сақтады", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық етті" және "қарақшылықпен шұғылданды" деген айыптар тағылған. Жұмагелдиев бұл айыптарды мойындамайды.
375 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2023-01-04 08:26:17 Үкіметтегі ауыс-түйіс:

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Әділет министрі лауазымына;

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына;

Асхат Раздықұлы Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымына;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына;

Ғани Бектайұлы Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
145 views05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-12-31 21:05:31
Жаңа 2023 жыл құтты болсын!

С Новым 2023 годом!
218 views18:05
Ашу / Түсініктеме
2022-12-29 11:47:14 Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендер 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар бірінші 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бір жыл ішінде тағы бұзса – 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Қамауға алынбайтын санаттағы азаматтарға 50 АЕК (152 150 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Өз өміріміз үшін, жақындарымыз үшін жолда мұқият болайықшы…
394 views08:47
Ашу / Түсініктеме