Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20.12K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2023-03-15 10:41:01
Кеше Алматыда «Қайрат» футбол клубы «Каспийді» қабылдады. Матч алаң иесінің пайдасына 3-1 есебімен аяқталды.

Ойыннан кейін стендтерде төбелес басталды.
Мұның бәріне СОБР араласты.
2.8K views07:41
Ашу / Түсініктеме
2023-03-09 07:16:26 Қандай балағат сөздер дөрекілікке жатпайды?

Елімізде қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға жаза күшейтілді. Алайда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қандай жағдайда балағат сөз айту дөрекілікке жатпайтынын түсіндірді.

«Қоғамдық орындарда айтылған балағат сөз үшін жауапкершілік бұған дейін қарастырылған. Алдағы уақытта ол қатаңдатылды. Біз бірден былапыт сөзге мән береміз, ал негізі заң алдымен вандализммен күресуге арналған. Бізде көпқабатты тұрғын үйлерді, жедел сатыны бүлдіру фактілері жиі тіркеледі. Оларды жауапкершілікке тарту мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бүлдіру, зиян келтіру әрекеттері бойынша жауапкершілік күшейді. Оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөз айту да бар», - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.

Сонымен қатар министр қоғамдық орындарда қандай жағдайда былапыт сөйлеу дөрекілікке жатпайтынын айтты.

«Мысалы, мен қазір балағат сөз айтсам жазалауға болады, өйткені бұл жерде камера бар, дыбыс бар. Дегенмен өмірде әртүрлі жағдай болады. Мәселен байқамай аяғына балғаны құлатып алса, аузынан дөрекі сөз шығып кетуі мүмкін. Бұл қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептелмейді», - деді министр.
25 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2023-03-07 13:42:57
Американдық танымал рэп орындаушы Тоқаев туралы ән орындады

Мемлекет басшысы күннің басты ньюсмейкеріне айналды. Америкалық рэпер Jay Z ол кісі туралы ән жазды. Керемет

Dauletten
233 views10:42
Ашу / Түсініктеме
2023-03-05 07:43:22
Шавкат Рахманов қарсыласы Джефф Нилмен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 285 турнирінде өтті.
189 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2023-03-01 07:03:32 Көктем де келіп қалды

Бүгін алғыс айту күні. Барлық оқырманымызға алғыс айтамыз

Сонымен қатар наурыз айы еліміз үшін ерекше, себебі бұл айда бірнеше мереке бар. Қазақстандықтар қосымша 4 күн демалады.
121 views04:03
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 08:25:30 Қазақстанда 7-20-25 бағдарламасы бойынша қаржыландыру мөлшері өспейтін болды

Ұлттық банк аталған ипотека бойынша банктерден несие алуға өтініш бере алмайтын қазақстандықтардың ұжымдық үндеуіне жауап берген.
"Жылдық 100 миллиард теңге лимитті алып тастау немесе бірінші тоқсанның ішінде барлық соманы игеру туралы ұсыныс қолдау таппайды", - делінген мәлімдемеде.

2023 жылдың басынан бері әр тоқсанға 25 млрд-тан келетін жылына 100 млрд теңге болатын лимит қосылды. Бұл ең алдымен үйді салушыға алдын ала төлем жасағандар үшін ауыр соққы болды, сондықтан адамдар бұл шектеулерді қайта қарауды сұрады.

"Лимит енгізу туралы шешім инфляция мен тұрғын үй құнының одан әрі өсуін шектеуге бағытталған. Оның үстіне, қоғамдық пайдалы бағдарламалар нарықтық өнімдерге тұрақты балама болмауы керек, сондықтан олардың ұзақтығы мен бюджеті шектеулі болуы шарт", - дейді Ұлттық банк өкілдері.
217 views05:25
Ашу / Түсініктеме
2023-02-21 11:15:07
Зілзаладан кейін жетім қалған балаларды асырап алуға 300 мыңға жуық түрік отбасы кезекке тұрды.

Қамқорлықсыз қалған балаларды асырап алуға 290 мың өтініш келіп түскен.
Отбасы істері және халыққа қызмет көрсету министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі кезінде құтқарылған 1788 баланың 1225-і туыстарына тапсырылған. 479 бала ем қабылдап жатса, тағы 84 бала министрліктің арнайы мекемелеріне жатқызылған.
2.4K views08:15
Ашу / Түсініктеме
2023-02-20 14:59:56
Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған (оқиға орнына келген күзетшілердің бірі жараланған).
Шабуылдаушыны полиция қамауға алды.
123 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2023-02-19 11:16:45
Біз ұйықтап жатқанда қазақстандық құтқарушылар Түркиядан Алматыға ұшып келді. Оларды жақындары күтіп алды.

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды, 250 мың текше метрден астам үйінділер бөлшектеді.
819 views08:16
Ашу / Түсініктеме
2023-02-18 17:40:42 «Халықтың тілегі мені Нартай Аралбайұлы деп танытты! Тұлғаға балап төрін берді, сұңқардай түлетті. Томағамды сыпырып, сол ағайынның аманатын арқалап, «Аманаттың» тізімінен сайлауға түспекпін! Шенеуніктер мен депутаттарды реактив болып сырттай сыбағанша, проактив болып іштен өзгертуге үлесімді қоссам деген үмітпен дүбірге қосылдым!», - дейді «AMANAT» атынан партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған танымал журналист Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев.



615 views14:40
Ашу / Түсініктеме