Get Mystery Box with random crypto!

Конституциялық сотқа Эльвира Әзімова жетекшілік етеді Эльвира | Жаңалықтар 🇰🇿

Конституциялық сотқа Эльвира Әзімова жетекшілік етеді

Эльвира Әзімова Конституциялық сот төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

49 жастағы Әзімова 2019 жылдың қыркүйегінен бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

Адам құқығына қатысты жиі сыналатын Қазақстанда биыл омбудсменнің өкілетін арттырып, аймақтардан өкілдігін ашуға мүмкіндік беретін заң қабылданған.