Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20.12K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2023-02-14 11:49:02 Тоқаев Түркияға қосымша көмек жіберуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.
529 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2023-02-11 10:53:37
Біздің Түркиядағы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері фотосуреттерін жібереді, олар жер сілкінісі кезінде (көпшілігі аман қалған) ең қауіпсіз жер тоңазытқыштың жанында екеніне таң қалды.
174 views07:53
Ашу / Түсініктеме
2023-02-08 06:01:14 Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.
984 views03:01
Ашу / Түсініктеме
2023-02-06 11:54:27 Сәлеметсіз бе, ата-ана

Балаңызбен үй тапсырмасын орындауға уақытыңыз жоқ па
Оның математикадан үлгерімін небәрі 1 айда көтеруді қалайсыз ба


Қазақстанның ең мықты математиктері мен IT-мамандары бірігіп 1-11 сынып оқушыларына арналған МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТРЕНАЖЕР шығарды. Бүгінгі күнде олар 6500+ оқушының математикалық білімін көтеріп, алдыңғы қатарлы оқу орындарына түсуге көмектесті.

Жаңашыл методиканың авторы, математик-ұстаз Асқар Бақытжанұлы ата-аналарға арналған "Математиканы үйренудің тиімді 3 әдісі" атты ВЕБИНАР өткізеді

Вебинар бүгін 20:00-де (Астана уақытымен) өтеді

Вебинарға қатысқан ата-аналарға арнайы сыйлық ТЕГІН диагностика

Орындар саны шектеулі
Дәл қазір тіркеліңіз:
https://qalanmath.kz/bg_common?utm_source=telegram_dau&utm_medium=telegram_dau
739 views08:54
Ашу / Түсініктеме
2023-01-27 12:50:37
Сенсация! Шахматшы Бибісара Асаубаева әйгілі гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде айтулы сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді.

Ресейлік әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар. 

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Оның салқынқанды ойынымен Сергейдің керемет қорғанысына қарамастан, жеңіске жеткен.
1.8K views09:50
Ашу / Түсініктеме
2023-01-26 14:21:04
Елена Рыбакина Australian Open жарысының финалына шықты.

1 сағат 42 минутқа созылған ойында Елена 7:6 және 6:3 есебімен екі сетте-ақ жеңіске жетті. Осылайша "Үлкен дулыға" санатындағы жарыста топ жаруға бір табан жақындай түсті.
1.9K views11:21
Ашу / Түсініктеме
2023-01-25 08:49:36 Қаңтарда азапталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов өзінің шағымы бойынша тергеудің тоқтатылғанын растамады. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметіне Рузахуновтың өзі хабарлады.

Викрам Рузахуновтың адвокаты Бақытбек Автандил да Азаттыққа тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады.

"Қазақстандағы адвокаттар Алматы облысы арнайы прокуратурасының тергеушілеріне хабарласып көрді. Олар істің тоқтатылмағанын айтты. Бұл дезинформация. Жуырда Викрам тергеуге қатысу үшін Алматыға баруға тиіс" деді заңгер.
2.6K views05:49
Ашу / Түсініктеме
2023-01-23 12:39:17 Әр Қазақстан азаматында қанша гектар жер болуы керек екені бекітілді!

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген мәжілісінде айтты.

«Биылғы 11 қаңтарда Үкімет жер пайдалану құқығы бір қолда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдады.
Республика бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін – 51 мың гектар мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасатынын атады.

«Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды айқындауды, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар салатын айыппұлдардың шекті мөлшерін ұлғайтуды, сондай-ақ әкімдіктердің лауазымды адамдарының сауда-саттық пен конкурстарды және өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу жауапкершілігін анықтауды және т.б. көздейтін мәселелер бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді.
«Биылғы 18 қаңтарында Заң жобасы Парламент Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданып, Сенатқа жолданды», - деді Әбілхайыр Тамабек.
4.5K views09:39
Ашу / Түсініктеме
2023-01-20 10:10:51 Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатқанын хабарлады.

"Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатты. Операция сәтті өтті. Бірінші президенттің өміріне қауіп жоқ. Қазір ол [дәрігерлер] бақылауында. Операция ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті" деп жазды Үкібай.

20 қаңтарда мемлекеттік "Хабар" агенттігінің бұрынғы басшысы Александр Аксютиц Facebook парақшасында Назарбаевтың Астанадағы ауруханалардың біріне жатқызылғанын, дәрігерлер экс-президенттің жүрегін тексеріп жатқанын хабарлаған. Ізінше Qumash телеграм-арнасы экс-президенттің Астанадағы ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында екенін жазды.
411 views07:10
Ашу / Түсініктеме
2023-01-20 08:26:07 Назарбаев ауруханаға жатқызылуы және мүмкін операциясы туралы хабарланды
639 views05:26
Ашу / Түсініктеме