Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20.12K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 27

2021-05-03 22:43:39
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар туралы статистиканы жариялады.

3 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 1 378 495 адам вакцина салдырды.

Екпе салдырған азаматтар саны бойынша бірінші орында - Алматы қаласы. Одан кейінгі орында Алматы облысы. Өңірде 162 мыңнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған. 28 мыңға жуық адам «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырған.
32.5K viewsedited  19:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 15:51:07
Қазақстанға тағы бір елден жеткізілген Hayat Vax вакцинасы жайлы не белгілі

Жақында елімізде коронавирусқа қарсы үшінші вакцина пайда болды. Ол - қытайлық Sinopharm технологиясымен өндірілген араб вакцинасы Hayat-Vax. Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталмыш вакцина жайлы толығырақ мәлімет берді.

Hayat Vax вакцинасы туралы не білеміз? Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы - бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Рас-Аль-Хайма қаласындағы Julphar фармацевтикалық өндірісінде шығарылған. Hayat Vax вакцинасын БАӘ денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылдың 09 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді. Бүгінгі күні Қытайдан басқа вакцина БАӘ-де өндіруге рұқсат етілген. Ресми мәліметке сүйенсек, әлемнің 34 мемлекетіне бұл вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолдануға жіберілген.
32.8K viewsedited  12:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 11:30:38
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала ауруханаға түсті

Оралда төтенше жағдай болды. 2 мамыр күні кешкісін қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желді оқиғаның видеосы пайда болды. Бейнеден әткеншектің кенет тоқтап қалып, балалардың бір-біріне соғыла бастағанын байқауға болады. "Байғұс балалар. Бұл кадрлар қорқынышты фильмді еске түсіреді. Көмекке асыққан жігіттерге рақмет", - дейді Виктория есімді куәгер. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай туралы хабар 2 мамыр күні шамамен кешкі 20:00 шамасында түскен. Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар 8 баланың жарақат алғанын анықтаған. "Олардың бесеуі ұл, үшеуі қыз бала. Балалар негізінен денесінің көгеруі, жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы сынды жарақаттар алған. 10 жастағы баланың жіліңшегі сынған. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деп хабардар етті ведомстводан.
29.0K viewsedited  08:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 16:51:32
Алматылық оқушы әлем университеттерінен шақырту алды!

Алматылық оқушы Кибриянұр Абдугафарова әлемнің іргелі университеттерінен шақырту алды. Енді ол АҚШ-тағы Ричмонд және Дрексель, Канададағы Британдық Колумбия және Оңтүстік Кореядағы КАИСТ университеттерінің қай-қайсында да оқи алады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Кибриянұрдың нақты ғылымға деген қызығушылығы бала кезден басталады. Математиканы жақсы көрген ол, кейін келе физиканы да ерекше зейін сала оқиды. Ал, жоғары сыныпта химия пәнімен танысқан соң, болашағын осы ғылыммен байланыстырамын деп шешеді. "Химия өте қызықты әрі таңғаларлық ғылым. Күрделілігі де бар. Әр тапсырманы орындаған сайын, жаңа білімді меңгересің. Тағы бір қызығы, мұнда формула жаттаудың қажеті жоқ. Логикалық ойлау арқылы есепті шешесің", – деді 12-сынып оқушысы Кибриянұр Абдугафарова.
34.5K views13:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 20:30:22
Қазақстандық әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиевке коронавирус диагнозы қойылған болатын. Бірнеше күн бойы ол ауыр халде жатып, ӨЖЖ құралына қосылған болатын.
35.8K views17:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 15:45:48
Көктемнің соңғы айы керемет мейрамдардан басталады! Бүгін қазақстандықтар ел азаматтарының бірлігі мен келісімінің символы - халық бірлігі күнін атап өтуде!

1 мамыр - республикамыздың мәдениетінің сан алуандығы мен рухани дәстүрлері байлығының көрінісін тапқан мереке.

Біздің көпұлтты мемлекетімізде 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.

Тәуелсіздігіміздің тарихы - баршамыздың Достық шежіресі!

Жыл сайын біздің достығымыз нығайып, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім сақталсын!

Мерекелеріңізбен құрметті оқырмандар!
35.2K views12:45
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 16:05:59
Қазақстандықтардың қашан маскасыз жүре алатыны белгілі болды.

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кезінде қазақстандықтар қашан маскасыз жүре алатыны туралы айтты.

«Әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маска тағу режимінен шығу мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз», - деді Цой.
36.9K views13:05
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 05:42:00
​​"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 4 мамырда басталады

Құжаттар 2021 жылдың 27 қазанына дейін қабылданады. Стипендия тағайындау биыл үш кезеңде жүреді: маусым, тамыз және қараша айларында.

Магистратура мен докторантураға түсушілер "Болашақ" бағдарламасының тізімінде көрсетілген шетелдік жоғары оқу орындарының біріне өз бетінше түсуі тиіс. Осыдан кейін ғана халықаралық стипендияға құжат тапсыра алады.

Айтпақшы, биыл қабылдау процестері толығымен автоматтандырылған, сондай-ақ биолог, биотехнолог, вакцинология саласындағы мамандарға басымдық беріледі.
38.4K views02:42
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 20:01:11 ​​ Несие тарихының мерзімі қысқарды.

Бүгін сенаторлар қабылдаған заң коллекторлық агенттіктерге бөгде адамдардың телефон нөмірлерінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті болады. Сенаторлардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі сөйлесу немесе заңнаманы бұзудан сақтайды.

Сонымен қатар, несие тарихы нашар адамдар енді аса қажет болған жағдайда несие ала алады. Егер бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде қабылданған түзетулерге сәйкес бұл мерзім 5 жылға дейін қысқарады.

Заңда банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша проблемалы берешектерді сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Енді мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық тәртібі көзделіп отыр, ол банктердің қарыздарына ғана емес, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне де қолданылады. Сондай-ақ қарыз алушылардың кредиторларға өтініштерін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.
29.7K views17:01
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 16:37:04
Жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетуге асықпаған.

Ақтау қаласының маңында жұмыс барысында ер адамды тоқ ұрған. Ол ес-түссіз жатқандықтан, куәгерлер оқиға орнынан шамамен 1 км жерде орналасқан жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, шақыртуға ешкім келмеген.

Куәгерлердің бірі алғашқы көмекті күтпестен, өзі жедел жәрдем стансасына жүгіріп барған. Оның айтуынша, сол сәтте қызметкерлер шай ішіп отырған көрінеді.

Әйтеуір дегенде зардап шеккен адамды жедел жәрдем көлігі алып кетіп, Маңғыстау облыстық ауруханасына апарған. Әзірге ер адамның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілмеді.
25.7K views13:37
Ашу / Түсініктеме