Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар 🇰🇿

Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿 Ж
Telegram арнасының логотипі qaznewskz — Жаңалықтар 🇰🇿
Арна мекенжайы: @qaznewskz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 20.12K
Арнадан сипаттама

Реклама: @krgvkurse

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-12-16 06:57:26
Осыдан 31 жыл бұрын «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» құжатқа қол қойылды. Қазақ азат атанды. Әлем картасында Қазақстан атты мемлекет пайда болды.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!
510 views03:57
Ашу / Түсініктеме
2022-12-15 08:27:56
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаның жан түршігерлік мәліметтері.

Балаларды асып өлтірген ер адам 15 жасар өгей қызын зорлағаны хабарланды.

Әйелімен жанжалға не себеп болды.
604 views05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-12-15 08:14:58
түрме ауруханасы!!!!
660 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-12-15 07:58:09
14 желтоқсанда Тбилисидегі "Вивамеди" клиникасында аштық жариялаған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили бірнеше сағаттан соң аштығын тоқтатты.

"Билік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін" алты жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы президенттің мәлімдемесін адвокаты оқып берді. Онда экс-президент сыншылардың өзін "денсаулығын саналы түрде құртып жатыр" деп айыптауына жол бергісі келмейтінін және Еуропарламент депутаттарының да құқығының сақталуын қадағалаймыз деп уәде бергендігін атап көрсеткен.

Аштыққа Грузия әділет министрлігіне қарасты қылмысты атқару департаментінің оған аурухана палатасынан сотқа онлайн қосылуына рұқсат бермеуі себеп болған. Аштықты тоқтату туралы өтініште талабының орындалғаны-орындалмағаны айтылмайды.

Дәрігерлер бұрынғы мемлекет басшысының денсаулығының нашарлауына алаңдаушылық білдіреді.
688 views04:58
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 11:11:47 Мемлекет басшысы несиесін төлей алмай жүргендерге қатысты Жарлыққа қол қояды.

«Бүгінде проблемалық несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам несиесін төлей алмайды. Көпшілігі шарасыздықтан ескісін өтеу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» Заң күшіне енуі керек.

Кепілсіз онлайн микрокредитті де қатаң реттеу қажет. Кейбір елдерде оған тыйым салынған.

Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан «қорғау» тетігін ойластырған жөн. Жақын арада мен тиісті жарлыққа қол қоямын»,
- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
214 views08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 09:05:12 Президент:

«Тағы бір мәселе. Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз.

Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек»
169 views06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 09:03:33 Мемлекет басшысы:

«ЕКІНШІ. Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек. Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр.

Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек»
179 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 08:59:55 Президент:

«БІРІНШІ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет. Негізі, бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті.

Петропавлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ. Ал жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар.

Павлодар облысының әкімі өз өтінішімен қызметінен босатылды. Ал құзырлы мемлекеттік орган – Энергетика министрлігінің ешқандай әрекетін көрген жоқпыз, бұл мекеме апатқа селқос қарап, бейтараптық танытты. Сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Олар баяу қимылдап, салғырттық танытты»
193 views05:59
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 08:20:20
Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз.

Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады»
111 views05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 08:11:22
Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз.

Сондықтан, сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады»
154 views05:11
Ашу / Түсініктеме