Get Mystery Box with random crypto!

Шымкентте борышын өтеп жүрген сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты | Жаңалықтар 🇰🇿

Шымкентте борышын өтеп жүрген сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты.
Туыстарының сөзінше, 35748 артиллерия дивизионының жауынгері Самрат Тыныштықбайдың 5 күн бұрын ғана ақыл-есі дұрыс болған.
Кейінгі екі-үш күнде есін жоғалтып, аяқ асты өзгеріп кеткен. 20 жастағы сарбаздың туыстары бұл әскери бөлімдегі әлімжеттіктің кесірі болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
«Күдігіміз бар, ұрған болуы керек. Әйтпесе, екі күнде ол бүйтіп жынды адамға ұқсап қалмайды ғой. Жынды адам сияқты боп қалған. Оны қорқытып, үркітіп, ұрып-соғып, соны білдірмейтін қылған. Жаңа біреу «психотроп зат салып жіберуі де мүмкін» деді. Сап-сау баланы екі күннің ішінде әскери бөлім психауруханаға жатқызған. Не деген оңбаған адамдар!», – дейді сарбаздың апасы.