Get Mystery Box with random crypto!

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар | Жаңалықтар 🇰🇿

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендер 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар бірінші 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бір жыл ішінде тағы бұзса – 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Қамауға алынбайтын санаттағы азаматтарға 50 АЕК (152 150 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Өз өміріміз үшін, жақындарымыз үшін жолда мұқият болайықшы…