Get Mystery Box with random crypto!

Сенсация! Шахматшы Бибісара Асаубаева әйгілі гроссмейстер Серг | Жаңалықтар 🇰🇿

Сенсация! Шахматшы Бибісара Асаубаева әйгілі гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде айтулы сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді.

Ресейлік әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар. 

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Оның салқынқанды ойынымен Сергейдің керемет қорғанысына қарамастан, жеңіске жеткен.