Get Mystery Box with random crypto!

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұрынғы президе | Жаңалықтар 🇰🇿

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатқанын хабарлады.

"Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатты. Операция сәтті өтті. Бірінші президенттің өміріне қауіп жоқ. Қазір ол [дәрігерлер] бақылауында. Операция ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті" деп жазды Үкібай.

20 қаңтарда мемлекеттік "Хабар" агенттігінің бұрынғы басшысы Александр Аксютиц Facebook парақшасында Назарбаевтың Астанадағы ауруханалардың біріне жатқызылғанын, дәрігерлер экс-президенттің жүрегін тексеріп жатқанын хабарлаған. Ізінше Qumash телеграм-арнасы экс-президенттің Астанадағы ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында екенін жазды.