Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 525

2022-04-22 14:31:15
Таиланд 1 мамырдан бастап туристерге елге кіру шектеулерін жеңілдетеді

Ел билігі вакцинацияланған шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест тапсыру талабынан бас тартты.

Ал вакцинацияланбаған туристер Таиландқа жеткеннен кейін COVID-19-ға антиген тестін, сондай-ақ мемлекетте болған бесінші күні жедел тест тапсырады.

Жақын уақытта барлық антивирустық шектеу, соның ішінде вакцина алмаған шетелдіктерге арналған карантин жойылуы мүмкін. Мұндай жоспар елде эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда жүзеге асырылады.

@qazaqstantv
760 viewsedited  11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 14:29:03
Елордада көмір қоймасынан 42 келі марихуана табылды

Жеке тінту кезінде сатуға дайындалған 234 грамм «гашиш» есірткі заты бар 35 түйіншек анықталған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 42,5 келі.

Олардың «қара нарықтағы» құны 25 млн теңге.

@qazaqstantv
727 views11:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:48:13
Алдағы демалыс күндері солтүстік аймақтарда -10 градусқа дейін күн суытады

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың қалған аумағында жаңбыр жауады.

Елдің шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ, оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ және қатты жел соғады деп болжанды.

@qazaqstantv
1.3K viewsedited  10:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:26:00
Министр Асхат Аймағамбетовке тікелей эфирде 2,5 мың сауал келіп түсті

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирдегі жаңа «Жедел желі» интерактивті бағдарламасы эфирге шықты. Алғашқы хабарға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, білім саласы бойынша халықтан түскен 2,5 мың сауал назарға алынды.

Жаңа жобаға Үкімет мүшелері, Парламент өкілдері, өңір басшылары мен әр саладағы жауапты тұлғалар шақырылып, тікелей эфирде әлеуметтік желілер мен jedeljeli@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы келіп түскен халық көкейіндегі сауалдарға жауап беріледі.

Бір ерекшелігі, жобаны телеарнаның бес журналисі бірге жүргізеді.
Олар көрерменннен түскен сұрақтарды сұрыптап, спикерден жауап алады. Эфир барысында жауабы алынып үлгермеген сұрақтар тиісті ведомствоға жолданып отырады.

«Жедел желі» жобасының мақсаты - жоғары қызметтегі жауапты тұлғалардың халықпен диалог орнатуына, мәселенің транспаренттілік қағидасымен шешілуіне мүмкіндік беру.
1.5K viewsedited  10:26
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 13:15:52
Атырауда ауланған алып балықтан 35 келі уылдырық алынды

Уылдырықтар дернәсілдік кезеңге дейін инкубаторларға орналастырылады.

@qazaqstantv
1.5K viewsedited  10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 12:23:36
Қазақ елі Виктор Зайбертпен қоштасты

Елордада өткен қаралы жиынға марқұмның туған-туыстары, әріптестері, билік өкілдері қатысып естеліктер айтты.

Ботай мәдениетін ашқан әйгілі ғалым 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
819 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 11:17:16 «Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден төледі

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді.

Бұл санаттағы зардап шеккендерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңгені құрады.

Қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден, ауыр жарақат алған 2 баланың туыстарына 3 млн теңгеден төленді. Бір бала оқ атылған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала көлікте әкесімен бірге болған.

@qazaqstantv
1.6K viewsedited  08:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 10:18:41 QNET қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу басталды

Қаржы мониторингі агенттігі аталған компанияның Қазақстан аумағында тіркелмегенін, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтынын, банктік қызмет пен операцияларды жүргізуге лицензиясы жоқ екенін хабарлады.
2.2K views07:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 09:51:04
Қайрат Құдайберген қандай күдікке ілінді: Алматы прокуратурасының түсіндірмесі

«Алдын ала тергеу мәліметінше, Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман») «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевпен бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.

Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан», - деді Алматы қаласының прокуратурасы.

Прокуратураның айтуынша, Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған акция заңғы қарсы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласқанын атап өтті.

«Ақпарат қатысушылардың ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталды»,-делінген ақпаратта.
6.3K viewsedited  06:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 09:15:42 Алматы қаласының прокуратурасы депутат Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын растады

qazaqstan.tv порталының журналисіне берген жауабында
прокуратура депутат Қайрат Құдайбергеннің қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен 21 сәуір күні уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын айтты.

@qazaqstantv
1.1K viewsedited  06:15
Ашу / Түсініктеме