Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 521

2022-04-24 18:53:58
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекеттік органдардың сылбыр жұмыс істеуіне жол берілмейді

Ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Толығырақ тілші бейнематериалында

@qazaqstantv
2.7K viewsedited  15:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 18:27:11
«Жаңа саяси реформалар негізінде бар қазаққа ортақ Жер мәселесіне нүкте қойылды»

«Apta» қонағы - «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов.

@qazaqstantv
2.7K viewsedited  15:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 17:45:18 Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген бір айға қамалды

Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.

@qazaqstantv
3.0K viewsedited  14:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 16:54:29
Бүгін 20.50-де Ұлттық арна құмар ойындардан зардап шеккендер туралы «Құмарлық құрбаны» деректі фильмін ұсынады.
330 viewsedited  13:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 10:47:40
Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып, оқиға орнында қайтыс болды

Жол апаты 23 сәуірде түнде Талдықорған қаласынан 15 шақырым жердегі Қарабұлақ ауылында болған.

19 жастағы жүргізуші ұсталып, қамауға алынғаны хабарланды.
2.2K views07:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 10:33:59
Солтүстік Қазақстанда шағын автобус ағашқа соғылып, 17 жастағы бойжеткен қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға Асаново елді мекенінің маңында болған.

5 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілген.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ал әзірге көлік жүргізушісі ұйықтап кеткен деген болжам бар.
2.3K views07:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 09:04:43 Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі көше жартылай жабылады

25 сәуір мен 5 мамыр
аралығында Қабанбай батыр даңғылы;

23 сәуір мен 25 мамыр аралығында Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін және Қ. Күмісбеков көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектеледі.
2.7K viewsedited  06:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 07:02:57
Камал Смайыловтың туғанына 90 жыл

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасы сағат 17:30-да мемлекет қайраткерінің мерейтойына орай «Тұлға» деректі фильмін ұсынады.

Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы, қоғам қараткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына орай «Жалын» телевизиялық жастар байқауын жариялады.

Байқауға өтінімдер қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады. Толық ақпарат:https://qazaqstan.tv/zhalyn
864 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 06:02:32
Президент Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандыратынын атап өтті.

- Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, үйлесім тапқан пасха дәстүрлері барлық этнос және діни наным өкілдерін бауырластыра түседі. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.
Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін, - деді Президент.
1.4K viewsedited  03:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 05:37:15 Бүгінгі ресми валюта бағамы:

USD – 443,99
EUR – 479,69
RUB – 5,67

@qazaqstantv
1.5K views02:37
Ашу / Түсініктеме