Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 522

2022-04-23 21:07:21
Ауа райына байланысты 24 сәуір күні барлық өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында және Павлодар, Ақмола облыстарында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Алматы облысында қар аралас жаңбыр, бұршақ, дауыл, ал Алматы қаласында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Түркістан облыстарында найзағай, жаңбыр, бұршақ жауады.

Оралда тұман, Ақтөбе облысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл тұрады.

Қызылорда облысында қатты жел, найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстанда қатты жаңбыр, қар күтіледі.

Қарағанды, Қостанай облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

@qazaqstantv
228 viewsedited  18:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 19:57:01
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісі жол үстінде есінен танып қалды

Салдарынан жолаушылар мінген автобус жол жиегіндегі тротуарға шығып кеткен.

Оқиға Бауыржан Момышұлы мен Тұрар Рысқұлов көшелерінің қиылысында болды. Автобус жүргізушісін сона шағып алғандықтан, көлік рулін игере алмай қалған. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілді. Адамдар дін аман.
1.5K viewsedited  16:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 19:35:45
«Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының қатысушысы Асқар Алтайұлы


@qazaqstantv
1.8K viewsedited  16:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 18:27:58
«Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының қатысушысы Кәусар Медерқұл

Әйгілі «Derniere dance» әнін орындаған үміткерге тәлімгерлер таласып қалды.

@qazaqstantv
794 viewsedited  15:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 18:04:44 Шығыс Қазақстанда 230 адамды кене шақты, оның 80-і –балалар

Ең бастысы – кене энцефалитіне ешкім шалдықпаған.

Бүгінге дейін 201 адамға иммуно-глобулин вакцинасы салынды.

Мамандардың айтуынша, облыста кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті. Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.
1.2K viewsedited  15:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 17:53:00
Азық-түліктің қымбаттауына жол бергендер жауапқа тартылады

Елде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 0,6%-ға өскен.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге бағаны ұстап тұру мақсатында аграрлық өнімдерді жедел түрде тікелей жеткізу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін мұқият қадағалап отыруды тапсырды.
111 viewsedited  14:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 17:23:20
Атырау облысында өзеннен атпен өтпек болған азамат суға кетті

Қайғылы оқиға Тайсойған ауылы маңында болған.

26 жастағы жігіт малын іздеп шыққан. Құтқарушылар оның денесін екі тәуліктен кейін тапты.
679 viewsedited  14:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 16:09:21
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы бүгін «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке шықты

«Qazaqstan», «Abai tv», «Balapan», «Qazsport» телеарнасы мен «Қазақ радиоларының» 150 қызметкері
Сарыарқа ауданына қарасты Ш.Қосшығұлұлы мен Земляничная көшесі аралығындағы аумақты тазалап, белгіленген аумақтан 1000-ға жуық қап қоқыс шығарылды.

Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай қала тазалығына үлес қосқан әріптестеріне алғыс білдіріп, ұжым үшін қоғамдық шаралардың маңызы зор екенін айтты.
1.5K views13:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 15:28:11
Кентаудағы 70 жыл бұрын пайдалануға берілген жылу электр орталығы 100% тозып тұр

Энергетика министрі Болат Ақшолақов өңір басшылығына тиісті шешімдер қабылдауды тапсырды.
1.8K views12:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 11:15:39 Тиісті жұмысты белгіленген мерзімде орындамағандар жауапқа тартылсын – Президент Осыған дейін Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдардың нашарлығына байланысты мәселе көтерілген. Қасым-Жомарт Тоқаев осы өңірдегі автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін…
3.1K viewsedited  08:15
Ашу / Түсініктеме