Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 524

2022-04-22 18:14:32
«Qnet» қаржы пирамидасы: жетекші өкілдерінің бірі үйқамаққа алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айласына түспеуге шақырады.
1.1K viewsedited  15:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 17:51:21
Бүгіннен бастап рұқсат етілмеген орындарда көлік қою полицияның қатысуынсыз автоматты түрде тіркеледі

Бұл «Дозор-М» фото-бейне технологиясымен реттеледі.

Егер темір тұлпарды тұраққа дұрыс қоймаса немесе көрінген жерге қалдырса, жүргізуші 15 мыңнан 30 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Айып ақша қала бюджетіне түседі.
491 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 17:32:31
Қай салада қағазбастылық көп деп ойлайсыз?

Эфирде - «Ашық алаң» бағдарламасы
Anonymous Poll
52%
Білім беру
27%
Медицина
14%
Құқық қорғау
6%
Сіздің нұсқаңыз
263 voters853 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 16:40:35
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынамын. Бұл – Ата заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады.
1.6K viewsedited  13:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 16:37:18 Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекіту керек - Президент

- Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы, – деді Президент.
1.6K views13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 16:35:56
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едәуір күшейеді - Президент

Мемлекет басшысы адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулердің маңызы зор екенін айтты.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едәуір күшейеді. Бұл шенеуніктердің өздері қабылдайтын актілердің сапасына деген жауапкершілікті арттырады деп санаймын. Конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз уәкілдің құзыреттері мен кепілдіктері бекітіледі. Жалпы, әзірленген өзгертулер мен толықтырулар топтамасына Жолдауда айтылған саяси бастамалар мен Конституцияға енгізілуі қажет түзетулерді іске асыруға тиісті нормалар ғана енгізілгенін атап өткен жөн. Басқа да өзекті өзгертулер конституциялық және басқа да заңдар аясында бекітіледі, – деді Президент.
1.5K views13:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 16:32:13 Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Ақордада Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді.
1.4K views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 16:26:16
«Болашақ» бағдарламасының миссиясы орындалды. Қазір сыртқа бала оқытып қажеті жоқ. Біз өзіміздің ішкі, отандық мектептеріміз пен жоғары оқу орындарымызды дамытуымыз қажет. Ұлттық дәстүр бойынша білім алған азамат әруақытта отаншыл болады»

Саяси ғалымдарының докторы, Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы «Abai tv» арнасының «Сарасөз» бағдарламасында қонақта. Жоба жүргізушісі – Махат Садық.
1.5K viewsedited  13:26
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 15:21:59 Биыл түлектердің мектеп бітіру кеші өтеді

Бірақ бұл іс-шараның барлығы мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің арнайы өкілі айтты.

Кеште неге рұқсат етілмейді:

аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды тартуға;

мерекелік дастархан ұйымдастыруға;

автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;

мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;

ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға болмайды.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 16-17 маусымда тапсырылады.

@qazaqstantv
874 views12:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 15:12:14 12 маусымнан бастап Милан – Алматы – Милан бағытындағы тікелей жолаушылар әуе рейстері ашылады

Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылады.
994 views12:12
Ашу / Түсініктеме