Get Mystery Box with random crypto!

Министр Асхат Аймағамбетовке тікелей эфирде 2,5 мың сауал келі | Qazaqstan.tv

Министр Асхат Аймағамбетовке тікелей эфирде 2,5 мың сауал келіп түсті

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирдегі жаңа «Жедел желі» интерактивті бағдарламасы эфирге шықты. Алғашқы хабарға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, білім саласы бойынша халықтан түскен 2,5 мың сауал назарға алынды.

Жаңа жобаға Үкімет мүшелері, Парламент өкілдері, өңір басшылары мен әр саладағы жауапты тұлғалар шақырылып, тікелей эфирде әлеуметтік желілер мен jedeljeli@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы келіп түскен халық көкейіндегі сауалдарға жауап беріледі.

Бір ерекшелігі, жобаны телеарнаның бес журналисі бірге жүргізеді.
Олар көрерменннен түскен сұрақтарды сұрыптап, спикерден жауап алады. Эфир барысында жауабы алынып үлгермеген сұрақтар тиісті ведомствоға жолданып отырады.

«Жедел желі» жобасының мақсаты - жоғары қызметтегі жауапты тұлғалардың халықпен диалог орнатуына, мәселенің транспаренттілік қағидасымен шешілуіне мүмкіндік беру.