Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 526

2022-04-22 08:51:19
Талғарда зауыт маңында ірі қара малдың қаңқасы мен терісі шашылып жатыр

Дәулет ауылында орналасқан балық сүйегі ұнын өндіретін зауыт аумағында ірі қара малдың қаңқасы мен терісі бейберекет шашылып жатқан видеоны жергілікті белсенділер түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.

«Кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтіруде» деп дабыл қаққан халық зауыттың жұмысын тексеруді талап етуде. Талғар ауданының әкімдігі бұл жәйтті өз қадағалауына алды.

@qazaqstantv
1.4K viewsedited  05:51
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 08:28:18 Бас прокуратура: 67 мың сотталған азаматтың 2 пайызы ғана жұмысқа орналасқан

Уәкілетті органдардың қызметінде пробация туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Еңбек министрлігінің жұмыспен қамтылған адамдарды статистикалық есепке алумен ғана шектелгені анықталды.

Өткен жылы 67 мың пробация қызметінің 1,5 мыңы ғана жұмысқа орналасқан.

Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша әкімдіктердің қызметі жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмаған.

Соның нәтижесінде сотталғандар арасында қылмыстың қайталану деңгейі төмендемеген.

2021 жылы пробациялық бақылаудағы азаматтар ұрлық (784), алаяқтық (109), тонау (105), кісі өлтіру (31), тонау (24) және зорлау (20) сынды қылмыстарды жасаған.

Бас Прокурордың ұсынысымен Премьер-Министр уәкілетті органдарға тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
1.6K viewsedited  05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 07:42:55
Павлодардағы өрт: ауруханаға түскен мектеп оқушысының денсаулығы бірқалыпты

8-сынып оқушысы эвакуациядан кейін үйіне барған соң өзін жайсыз сезінген.

Лоқсып, басы ауырған қыз баланы жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жатқызды.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның денсаулығы бірқалыпты.

@qazaqstantv
1.9K viewsedited  04:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 07:28:06 Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.

Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

@qazaqstantv
2.0K viewsedited  04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 06:14:23 Тиісті жұмысты белгіленген мерзімде орындамағандар жауапқа тартылсын – Президент

Осыған дейін Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдардың нашарлығына байланысты мәселе көтерілген. Қасым-Жомарт Тоқаев осы өңірдегі автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы да айтқан.

Сол кезде Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берген. Бірақ мәселе әлі күнге дейін түбегейлі шешімін таппаған.

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден айтарлықтай қалып келеді. Қаржы мәселесінде де түйткілдер бар болып шықты.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жол мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

Ал тиісті жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамағандар жауапқа тартылсын, деді Президент.

@qazaqstantv
2.5K viewsedited  03:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 05:59:34 Pfizer вакцинасын қабылдағандар саны миллионнан асты

21 сәуір күнгі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 9 477 068 адам, екінші компонентін 9 227 495 адам салдырды.

@qazaqstantv
2.4K viewsedited  02:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 05:55:19 Павлодар облысының барлық әлеуметтік нысандары өрт қауіпсіздігіне тексерілетін болады – әкім

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook парақшасында 28-ші мектептің шатырын тез және сапалы түрде қалпына келтіру үшін облыс әкімдігінің резервінен ақша бөлінетінін жазған.

«Сонымен қатар, шатыр мен электр сымдарының сапасына қойылатын талаптарды күшейту қажет. Жалпы, біз өрт қауіпсіздігі саласындағы жағдайды одан әрі егжей-тегжейлі талдап, тиісті өзгерістерді ұсынамыз және енгіземіз»,-деді облыс әкімі.

Өңір басшысы құрылысы аяқталған және жөндеуден өткен оқу орындарын қабылдау тәртібін өзгертуді тапсыратынын да айтқан.

@qazaqstantv
2.5K viewsedited  02:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 05:01:34 Бүгінгі ресми валюта бағамы:

USD – 444,04
EUR – 484,54
RUB – 5,76

@qazaqstantv
285 views02:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 19:00:17
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: Эфирде қоғамда талқыланып жатқан ең өзекті, түйткілді сұрақтар қойылды. Мұндай мүмкіндікті пайдалану - мен үшін де өте маңызды. «Жедел желі» бағдарламасын ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс айтамын.

@qazaqstantv
3.6K views16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 18:45:57 Тікелей эфирдегі «Жедел желі» бағдарламасы аяқталды. Эфирде жауабы беріліп үлгермеген Сіздерден келіп түскен барлық сұрақтар ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданады.
3.8K views15:45
Ашу / Түсініктеме