Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqstan.tv

Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv Q
Telegram арнасының логотипі qazaqstantv — Qazaqstan.tv
Арна мекенжайы: @qazaqstantv
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 53.27K
Арнадан сипаттама

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.
Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.
@qazaqstantvshare_bot

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 523

2022-04-23 09:55:22 Сапта тұрған сарбаз кенеттен есінен танып, қайтыс болды - Қорғаныс министрлігі

Жауынгер биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған.

"22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды.

Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген министрлік хабарламасында.


Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды.
317 views06:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 09:21:48
Мемлекет басшысы Ботаникалық бақта көшет отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты

Еріктілер мен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіретіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.
898 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 05:49:58 Бүгінгі ресми валюта бағамы:

USD – 443,99
EUR – 479,69
RUB – 5,67

@qazaqstantv
327 views02:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 22:59:56
«Мен қызыл жіппен қасиетті жерлерді араладым, оған сол жерлердің энергетикасы сіңген»

Танымал блогер Super Mamasita (Әлия Байтуғаева) «1001 түн» студиясында көпшілікке ұсынған ақылы қызыл жібі туралы айтты.
389 viewsedited  19:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 21:17:09
Әшекей бұйымдар адамның энергетикасына әсер етеді деп ойлайсыз ба?

Эфирде - «1001 түн»
Anonymous Poll
38%
Иә
62%
Жоқ
409 voters1.3K views18:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 20:19:15
Инстаграм арқылы блогерлердің курсын сатып алып көрдіңіз бе?

Эфирде - «1001 түн» бағдарламасы
Anonymous Poll
15%
Иә
82%
Жоқ
2%
Сатып алғалы жүрмін
377 voters919 views17:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 19:50:20
Президент Рамазан айында арнайы дастарқан жайып, ауызашар берді

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөйлеген сөзінде бұл игі дәстүрдің халықты береке-бірлікке шақыратынын айтты.

Мемлекет басшысы ислам дінінің өркениет құндылықтарын, бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын атап өтті.

Жұртымыз қашанда бейбіт өмірді бағалай білген. Біз осы ұстанымнан айнымаймыз. Ол үшін елімізге береке-бірлік, өзара түсіністік қажет. Ислам адамдарды бөлінуге емес, бірлікке шақырады. Имандылық – ең асыл қасиет. Сондықтан, дәстүрлі дініміз ұрпақ тәрбиесінің өзегі болуы керек. Ұрпаққа осындай өнегелі тәрбие беру – бәріміздің ортақ міндетіміз, – деді Мемлекет басшысы.
451 viewsedited  16:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 19:25:32
ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арнап салынған үйлер сапасыз болып шықты

Күршім ауданындағы салынғанына 1 жыл болған үйлердің қабырғасы көгеріп, төбесінен су сорғалап жатыр.

Мұнда жалпы екі пәтерлі жеке 10 үй салынған. Құрылысына республикалық қазынадан 300 миллион теңгеге бөлінген. Шамамен бір үйдің бағасы 5-8 миллион теңге болады.

@qazaqstantv
892 viewsedited  16:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 19:07:15
СК-Фармация украиналық дәріні алмастыру үшін өзге нарық іздеп жатыр

Қазақстан Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасымен келісімді бұзды. Өйткені ондағы дәрі шығаратын зауыттар жұмысын тоқтатқан.

Ол жақтан бізге 25 түрлі препарат келетін еді.

Енді оны Үндістан, Қытай немесе Еуропа елдерінен жеткізу көзделіп отыр.

@qazaqstantv
1.1K viewsedited  16:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 18:45:55
Ресей азаматтарына Қазақстандағы банктерден шот ашу қиындай түсті

Енді банк карточкасы осында оқып, жұмыс істейтін немесе бизнеспен айналысатын азаматтарға ғана беріледі. Әрі уақытша немесе тұрақты тіркеуде тұру қажет.

Бұған дейін елімізден ЖСН алған ресейліктердің саны 14 есе көбейгенін хабарлаған едік.
494 views15:45
Ашу / Түсініктеме