Get Mystery Box with random crypto!

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар | Qazaqstan.tv

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден төледі

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді.

Бұл санаттағы зардап шеккендерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңгені құрады.

Қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден, ауыр жарақат алған 2 баланың туыстарына 3 млн теңгеден төленді. Бір бала оқ атылған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала көлікте әкесімен бірге болған.

@qazaqstantv