Get Mystery Box with random crypto!

Таиланд 1 мамырдан бастап туристерге елге кіру шектеулерін жең | Qazaqstan.tv

Таиланд 1 мамырдан бастап туристерге елге кіру шектеулерін жеңілдетеді

Ел билігі вакцинацияланған шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест тапсыру талабынан бас тартты.

Ал вакцинацияланбаған туристер Таиландқа жеткеннен кейін COVID-19-ға антиген тестін, сондай-ақ мемлекетте болған бесінші күні жедел тест тапсырады.

Жақын уақытта барлық антивирустық шектеу, соның ішінде вакцина алмаған шетелдіктерге арналған карантин жойылуы мүмкін. Мұндай жоспар елде эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда жүзеге асырылады.

@qazaqstantv