Get Mystery Box with random crypto!

​​Құрметті шетелдік отандас оқушылар мен атажұртқа оралған қан | «Otandastar Qory»

​​Құрметті шетелдік отандас оқушылар мен атажұртқа оралған қандас балалар!

Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Отандастар қоры" өткізген "Ұлы Дала ұстазы" халықаралық байқауы мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Сайыс талабына сай тақырыптық шығармалар мен Ыбырай Алтынсарин өлеңдері жатқа оқылған бейнероликтер қабылданып, қазылар алқасының әділ іріктеуінен өткізілді.

Байқауға алыс-жақын 10 шет елден және тарихи Отаны Қазақстанға оралған қандас оқушылардан ұзынсаны 150-ден астам материал түсіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 3 үміткер үздік деп танылды.

Сонымен, БАЙҚАУДА БАҒЫ ЖАНҒАНДАР:

1-орын: Арай Мұқарапқызы (Моңғолия)
2-орын: Бекзат Жұмабекова (Өзбекстан)
3-орын: Умид Нури (Ауғанстаннан оралған қандас) есімді қарымы зор қандастарға бұйырды.

Жүлдегерлерге алдағы 2022 жылғы жаз маусымында ел ордасы - Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жазғы демалыс лагеріне тегін жолдама беріледі.

Оза шауып, олжа салған озаттарды жеңісімен құттықтай отырып, "Үздік үштіктің" бейнероликтерін жанкүйер болған көпшіліктің назарына ұсынамыз!

Сонымен қатар, ұлтымыздың ұлы тұлғасын ұлықтауға белсене атсалысып, байқауда бақ сынасқан барша қатысушыларға риясыз ризалық білдіре отырып, озат оқушылар мен балғын балаларды баптаған ұлағатты ұстаздарға да көптен көп алғыс айтамыз!

ВИДЕО: https://www.facebook.com/OtandastarQory/videos/932091161060876/