Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-07-27 09:55:15 Сәрсенбінің жақсы жаңалығы: Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды

Есеп комитетінің Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне жүргізген аудитінің нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды.

Сөйтіп 1,3 млн теңге республикалық бюджетке қайтарылды.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрі бойынша 8 қола медаль ғана бұйырған еді.

https://t.me/nehabarkaz
225 viewsedited  06:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 07:58:08
Талғарда көлік пен тұрғындар жүретін көшелерде көкпар ойнаған ер адамдар халықтан кешірім сұрады.

Ойынға бірнеше ауыл азаматтары қатысқан және видеодағы қазақстандықтардың сөзінше, жолдың ортасына шығып кетіп, ойын ойнау ойда болмаған.

Алматы облысының полицейлері көкпарды бастаған ойыншыларды 10 тәулікке қамады. Оларға қатысты 3 әкімшілік іс қозғалды.

: Tengrinews.kz

https://t.me/nehabarkaz
323 viewsedited  04:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:57:02
7 жылға сотталған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты.

2020 жылдың желтоқсанында қоғамдық қордан 80 млн теңге ұрлағаны үшін және алаяқтыққа барғаны үшін кінәлі деп тапқан еді. Кейін оның жазасы 6 жылға дейін қысқартылды.

Телеарналардың бірі өңірдің бұрынғы басшысы келтірген нұқсанның орнын толтырғанын анықтады. Сот жазаны жеңілдетіп, оның бас бостандығын 3 жылға шектеуді жөн деп санаған екен.

Дегенмен енді Ысқақов мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

https://t.me/nehabarkaz
223 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 19:07:48 Қазақстандық ет өндірушілердің өнімдері енді Сауд Арабиясында сатылады.

Бұл туралы келісім Тоқаевтың Сауд Арабиясына барған іс-шарасында жүзеге асты.

Сиыр мен қой еттерін импорттауға қатысты санитарлық және техникалық талаптардың хаттамасына Сауд Арабиясындағы ауыл шаруашылығы секторы бойынша вице-президент Мохаммед Альнасар және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қол қойды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, хаттама қазақстандық өндірушілерге өз кәсіптерін дамытуға үлкен көмек болмақ.

https://t.me/nehabarkaz
201 viewsedited  16:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 16:09:28
193 viewsedited  13:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 13:39:11
302 viewsedited  10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 11:01:03
235 views08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 06:04:01 Білгенге маржан. Кезінде КСРО азаматтарына Мекке мен Мәдинаға қажылыққа бару 1932 жылдан кейін тыйым салынған.

1932 жылға дейін дипломаттар Нәзір Төреқұлов пен Кәрім Хәкимовтың ерең еңбегінің арқасында мұсылмандарға киелі қалаларға емін-еркін барып келуге рұқсат берілген еді.

1937 жылы Иосиф Сталин қазақтан шыққан дипломат Нәзір Төреқұловты ату жазасына кесіп, бір жылдан кейін татар ұлтынан шыққан әріптесі Кәрім Хәкимовты да осындай жазаға тартқан.

Ал олардың әйелдері "Алжир" лагеріне жіберілген.

https://t.me/nehabarkaz
398 views03:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 05:40:46
409 views02:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 09:07:36 Алматыда 24-28 шілде аралығында күн 36-38 градусқа дейін ысиды.

ТЖД қалалықтардан бастан күн өтіп кетпеуі үшін күн астында көп жүрмеуге кеңес береді.

Ыстықпен қалай күресіп жатырсыз?

https://t.me/nehabarkaz
24 views06:07
Ашу / Түсініктеме