Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-28 15:43:54
Қазақстанның бір емес, үш боксшысы әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді. Олар:

• Геннадий Головкин WBA Super, IBF және IBO чемпионы;

• Жәнібек Әлімханұлы жақында ғана WBO чемпионы;

• Мейірім Нұрсұлтанов WBO International чемпионы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Ал Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі қыркүйектің 17-сі өтеді.

https://t.me/nehabarkaz
804 viewsedited  12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 14:26:05 Күні кеше Атырауда мұнай компаниясының 100 жылдығына орай концерт өтіп, оның барысында 120 бала жоғалып кетті.

Абырой болғанда олардың барлығы бір сағаттың ішінде табылды.

Концертті көруге барлығы 15 мыңнан аса адам келген.

https://t.me/nehabarkaz
868 viewsedited  11:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 14:19:31
Алматының "Оптовка" базарында өрт шықты.

Тілсіз жау бір қабатты сауда дүкендерін, асхананы шарпыды.

Өрт сөндірушілер оны 25 минуттың ішінде сөндірді.

: @almaty_kris_p

https://t.me/nehabarkaz
1.1K views11:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 08:04:42 Жаңа оқу жылында бакалавриаттардың стипендиясы 20 пайызға көтерілді

Ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өсті.

Бакалавриаттың шәкіртақысы енді 36 600 теңге. Магистратураның шәкіртақысы — 86 987 теңге, докторантураның шәкіртақысы — 195 000 теңге.

https://t.me/nehabarkaz
3.1K views05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 06:01:54
Шымкентте ер адам қалыңдығын некелескен түні ұрып-соғып, өлтіріп қойған

Марқұм бойжеткеннің анасы президенттен қызын қатыгездікпен өлтірген кісіні жазалауды сұрап, мемлекет басшысына видео жолдады.

Тоқаевқа өтініш түскен соң күдікті ұсталып, қамалды. Оның туысқандары қыздың анасынан кешірім сұрап алмақ болған екен.

4 қызды жалғыз өзі тәрбиелеп өсірген әйел күдіктіге әділ жаза берілуін талап етіп отыр.

Өз сөзінде ол ер адам 2019 жылы да бір қызды ұрғанын, бірақ бұл ісі үшін жазаланбағанын айтты.

Видео заңгер Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасында пайда болды.

https://t.me/nehabarkaz
4.7K views03:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 12:43:30
Қант бағасы қашан арзандайды? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді.

: "Qazaqstan" телеарнасы

https://t.me/nehabarkaz
3.1K viewsedited  09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 12:35:11
Жетісайда орналасқан базарда 450 сауда дүкені өртеніп кетті.

Тілсіз жаудың салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кәсіпкелермен кездесіп, 20 күнде қалпына келтірілетінін, олар базарда 1 жыл тегін отыра алатынын мәлімдеді.

: IG-acc #saryagashcity

https://t.me/nehabarkaz
2.4K views09:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 11:52:29
Егер жанармай құю бекеттеріндегі заң бұзушылықтарды байқап қалсаңыз, төмендегі нөмірлерге хабарлай аласыз:

Қалалық телефон нөмірі: +7 (7172) 78-69-55

Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31

WhatsApp/Telegram: +7 (708) 812-02-31

Жаңа ақпаратпен Энергетика министрлігі бөлісті.

https://t.me/nehabarkaz
1.3K views08:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 11:25:32 Әлихан Смаилов Үкімет отырысында келесі жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын ақшаның үлесі азаятынын айтты.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін трансферттер едәуір төмендейді.

2023 жылы 1,4 трлн теңгеге, 2024 жылы 800 млрд және 2025 жылы 500 млрд теңгеге азаяды.

https://t.me/nehabarkaz
737 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-26 20:29:23
Медиаменеджер, "Муз-ТВ" арнасының бұрынғы басшысы Арман Дәулетияров марқұм анасының үйін мешітке айналдырмақ.

Бұл туралы ол Айман Дәулетияровамен көзі тірісінде келіскен екен. Мешіт Ресейде, нақтырақ айтқанда Орынбор облысы, Соль-Илецк ауданы, Тамарұтқұл ауылында орналасады.

Арман Дәулетияровтың анасы шілденің 12-сі қайтыс болған еді.

: IG-acc #arman_dav

https://t.me/nehabarkaz
730 viewsedited  17:29
Ашу / Түсініктеме