Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-28 19:19:23
Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов Facebook-тегі парақшасында көші-қон мәселесімен, өңірлердегі тұрмыс-тіршілікті жандандырумен, қандастарға ақпараттық көмек көрсетумен айналысатын TÀUEKEL қоғамдық ұйымының ресми құрылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар ұйым Қазақстанға көшіп келуді армандайтын қандастарға көмектесуге, оларға құқықтық, психологиялық қолдау көрсетуге де бағытталған.

https://t.me/nehabarkaz
193 views16:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 19:05:49
Жезқазған тұрғындары қантқа емес, бензинге кезекке тұрды.

Қалада ол талонмен сатылып жатыр, төрт күннен бері оны іздеп табу қиын.

Қала әкімдігі бұл туралы біледі. Ұлытау облысының әкімдігімен бұл мәселені шешуге тырысып жатыр екен.

: @halyqunimedia

https://t.me/nehabarkaz
215 viewsedited  16:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 18:54:58 Алматы облысы ТЖД қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды.

ТЖД басшысының бұрынғы орынбасары Ахашов 6,7 млн теңге көлемінде пара алған.

Қонаев қаласындағы ТЖБ-ның басшысы Түркістанов 47,1 млн теңге көлемінде пара алған.

"Золотое руно" казино ойын залының жетекшісі Аталықоваға пара бергені үшін 6,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

https://t.me/nehabarkaz
225 viewsedited  15:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 18:03:09
Фильмдер мен мультфильмдерді қазақ тіліне дубляждау ісі бірте-бірте көтеріліп, дамып келеді.

Мультфильмдердің дыбысталып қана қоймай, таза қазақ тілінде шығатыны қандай керемет десеңізші.

Ara анимациялық студиясы көрермен назарына "Шырақ" атты туындысын ұсынды. Оның тұсаукесері 2023 жылға жоспарланған.

Айта кететін жайт, студия серіктестерінің бірі — кезінде танымал болған Jokeasses вайн-жобасының мүшесі Бексұлтан Қазыбек.

Фильмдерді қазақ тіліне аудару туралы мәселені ол әлеуметтік желідегі парақшасында жасалған жобаларды мысалға ала отырып айтқан еді. Сондай-ақ фильмдерді дубляждауға толығымен кірісетінін де ескерді. Біз бұл туралы жаздық.

Кинотуындыларды мемлекеттік тілге аудару күрделі процесс. Бірақ көріп отырғанымыздай еңбек өз жемісін беріп жатыр.

: IG-acc #ara.studio

https://t.me/nehabarkaz
283 viewsedited  15:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:55:42
Маңғыстау облысында 1 айлық жаңбырдың нормасы 1 күнде жауған.

Қазгидрометтің сөзінше, айлық көрсеткіш деген 1-13 мм жаңбыр.

Ақтауда жаңбыр 27 шілде күні сағат 23:00-де басталып, 06:00-де аяқталған. Сосын сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін қайта жауған.

Көшелерден су сорылып жатыр.

*Тек ыстықты басуға көмектесетін жаңбыр жауса екен өңірлеріміз бен қалаларымызда, шіркін.

: Қазақпарат

https://t.me/nehabarkaz
372 viewsedited  09:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:34:46 Қазақстаннан көмір шығару жарты жылға шегерілмек.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмірді Қазақстаннан 6 айға дейін көлікпен шығармауды ұсынды.

Мұның мақсаты — оған деген тым үлкен сұранысты төмендету және "елде көмір қалмады" деген әңгімені болдыртпау.

Сіздің ойыңызша мұндай шара қажет пе?

https://t.me/nehabarkaz
144 views08:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 09:00:34 11 бала коронавирустың асқынып кеткен түрімен жансақтау бөліміне түсті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19-дың кесірінен балаларда мультиқабыну синдромы дамып, инфекциядан бойда бар дерттер асқынып кетуі мүмкін.

Министрлік өкілдері коронавирустың салдарымен күресу үшін вакцина алуға кеңес береді.

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 3175 адамды құрады.

https://t.me/nehabarkaz
264 viewsedited  06:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 20:09:39
Алматыда кішкентай қызды періштесі
қақты.

Видеодан балақай баспалдақтармен көтеріліп болған соң 100 килограмдық пандустың құлап кеткенін көруге болады.

Сәл болмағанда ол қыздың үстіне құлап кетер еді.

ПИК-де бұл жағдайға олардың қатысы жоқ екенін, пандусты құрылысшы компания қойғанын айтып, жауапкершіліктен құтылыпты.

Оқиға Almaty City ТК-де орын алды.

: IG-acc #zhaloby.almaty

https://t.me/nehabarkaz
130 views17:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 14:11:26
"Қайрат" футбол клубының ойындарын қазақ тілінде жүргізіп жүрген Әділет Бисариевті жаңа басшылық жұмыстан шығарып жіберіпті.

Жүргізушінің сөзінше, басшылық қазақ тіліне қарсы, оның жұмыссыз қалуының себебі де осы.

Бисариев видеосында мән-жайды өз көзқарасымен түсіндіріп берген

: IG-acc #alataufans_
: IG-acc #bisariev.adilet

https://t.me/nehabarkaz
35 views11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 12:17:33 Қазақстанда кино мәселесіне қатысты дау мәселесі жайлы естімеген адам сірә жоқ шығар.

"Қазақфильмде" жемқорлық гүлдеп тұрғанын, ғимараттың жақын арада қирап қалуы мүмкін екенін Ақан Сатаев та айтқан.

Енді бүгін киноны қаржыландыруға 5,6 млрд теңге бөлінетіні анықталды.

2022 жыл аяқталғанша мемлекет 62 фильмді қаржыландырады.

Салыстыра кетсек, 2019 жылы — 17 кинотуынды, 2020 жылы 39 фильм мемлекеттің қолдауымен жарық көрген.

5,6 млрд теңгенің 4,95 млрд теңгесі әлеуметтік маңызы бар фильмдерге, соның ішінде анимациялық туындыларға жұмсалады.

https://t.me/nehabarkaz
300 views09:17
Ашу / Түсініктеме