Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-01 11:26:52
Соңғы уақытта аты Қайрат Сатыбалдымен тығыз байланысып кеткен Бекболат Тілеухан қазір Түркияда жүр.

Бұл туралы TikTok желісіне жүктелген видеодан белгілі болды.

: TT-acc #sultanalitiktok

https://t.me/nehabarkaz
439 views08:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 05:41:13
Атырау облысы, Махамбет ауданының әкімі суға батып кетті.

Қайғылы оқиға шілденің 31-і, түстен кейін орын алды. 39 жастағы Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне түсіп, қайтып шықпаған.

Әкімнің денесі әлі табылған жоқ. Ол бұл қызметке былтыр ақпан айында кіріскен еді.

: Махамбет ауданының ресми сайты

https://t.me/nehabarkaz
282 viewsedited  02:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 07:50:57
Күні кеше Скриптонит деген сахналық лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында үлкен концерт өткізді.

Кешті ол Қаңтар оқиғасының құрбандарын, Украинадағы соғыста қаза тапқан боздақтарды, әлі күнге дейін өмірі қиылып жатқан украиналықтарды еске алудан бастады.

Сол азаматтарға құрмет ретінде бір минуттық үнсіздік жариялады.

: @adyrnaportal

https://t.me/nehabarkaz
515 viewsedited  04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 07:33:05
Бүгінгі күннің тағы да бір жақсы жаңалығы Асу Алмабаевтың MMA бойынша Brave CF 60 атты турнирінде жеңімпаз атануы.

Ол ең жеңіл салмақ дәрежесінде америкалық спортшы Зак Маковскимен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл Алмабаевтың кәсіби мансабындағы 16-шы жеңісі.

: IG-acc #kazak_vines, #okolosporta__kz

https://t.me/nehabarkaz
489 views04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 07:29:35
Бүгінгі күннің керемет жаңалағы — Дарын Асқарбектің Италияда өтіп жатқан еркін күрестен Әлем чемпионатында жеңіске жетуі.

17 жастағы қазақстандық 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда АҚШ-тан келген қарсыласы Патрик Джексенді 11:10 есебімен жеңді.

https://t.me/nehabarkaz
471 viewsedited  04:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 12:46:23
Алматы облысында 500 кг киіктің мүйізін сатып жібермек болған екі ер адам ұсталды.

Полицияның мәліметінше, 25 және 43 жастағы азаматтар бұл дүние Қытайға 55 млн теңгеге өткізуді көздеген.

Екеуіне қатысты ҚР ҚК-нің 339 бабы
"Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

: Informburo.kz

https://t.me/nehabarkaz
266 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 07:59:56 Пияз бағасы екі есе қымбаттаған заман.

2022 жылдан бері көкөністің бағасы
109%ға өсті, бұл 2018 жылдан кейінгі ең жоғары өсім.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы – 191 теңге. Ең жоғары баға Алматы облысында. Бұл өңірде пияз 308 теңге.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, ішкі нарықта пияздың қымбаттауы көршілес елде пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты.

Сол себепті Қазақстанда пияз экспортының көлемі артыпты. Ал ішкі нарықта пияз тапшылығына қауіп төніп тұрған жоқ.

https://t.me/nehabarkaz
73 views04:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:57:11
Желіде Ресейдегі өмірдің неткен тамаша екенін сипаттайтын видео пайда болды.

Роликте мемлекетте газ, жарық, су арзан екені айтылады, ел әдемі қыз-келіншектерімен, тарихымен, мәдениетімен мақтанатыны ескерілді.

Қызық мұнымен бітпейді, УКСР туы көрсетіліп, украиналық "Енджі Крейда" тобының клипінен үзінді алынған.

Видео шетелдіктерді алдау үшін, алдау деппіз ғой, Ресейге тарту үшін түсірілген.

: IG-acc #villagemsk

https://t.me/nehabarkaz
223 viewsedited  09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:44:08 27 шілде күні Жамбыл облысы шекара қызметінің офицері қайтыс болды.

ҰҚК мәліметінше, Азат Үмбетұлы
Қордай аудандық орталық ауруханасында өмірден озды, оның миына қан кеткен.

https://t.me/nehabarkaz
118 views04:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 06:27:33 Алматыда ірі дистрибьюциялық компания 200-ге жуық қызметкерді бір күнде жұмыстан шығарып жіберген.

КТК арнасының хабарлауынша, енді қызметкеткерлер жалақыларын даулап жүр.

TezCo дистрибютерлік компания қаржылық қиындықтарға байланысты қарамағындағы қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр болыпты. Бірақ супервайзер мен мерчендайзерлерге басшылық екі айлық қосымша сыйақыны бермеген.

Мұны ескерген қызметкерлер наразылыққа шықты.

https://t.me/nehabarkaz
201 views03:27
Ашу / Түсініктеме