Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-21 16:41:45
Павлодарда 26 өрт сөндіруші ЖЭО-да пайда болған тілсіз жаумен күресіп жатыр.

ҚазТагтағы әріптестеріміздің хабарлауынша, өртті сөндіру үшін 8 техника алдырылды. Сонымен қатар өрт сөндірушілерге "Семсер-өртсөндіруші" ЖШС-нің төрт қызметкері көмектесті. Көмекке бір техника берілді.

Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

: Павлодар облысының әкімдігі

https://t.me/nehabarkaz
105 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 16:28:54
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Мұхтар Әуезовтың
музей-үйі бар. Ол 1959 жылы салынған.

Сол үйдің алдына біртуар жазушымыздың бюсті қойылды.

Оның ашылуы салтанатына президентіміз қатысып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

https://t.me/nehabarkaz
135 viewsedited  13:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 16:19:18
Қазақстанда енді дәрі өндірушілер өнімдерін маркілейді.

Мұның технологиясы дайындалып жатыр. Тұтынушылар дәрінің сыртын (қорабын) сканерлеп, өндіруші, тасымалдаушы және дәрінің мөлшері туралы да біле алады.

Мұндай шара қабылдануының басты себебі — KHIDI CIS аналитикалық агенттігінің мәліметінше, қызметі мемлекет бақылауынан тыс жүзеге асырылатын көлеңкелі фармацевтика нарығының үлесі 10-12%-ды құрайды. Басқаша айтқанда — 53 млрд теңге. Бұл қазақстандықтардың денсаулығына зиян келтіреді.

Маркілеу арқылы жасанды өнімдерді анықтау, олардың таралуын тоқтату сынды шаралар қабылданбақ.

: Informburo.kz

https://t.me/nehabarkaz
156 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:30:54 ​​Мектептердегі оқу жылын екі аптаға ұзарту жоспарланып отыр.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 апта, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасы болады.

Қолдайсыздар ма?

https://t.me/halyqunimedia
344 views14:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 20:45:34
Сауль Альварес Геннадий Головкинді үздіктердің бірі ретінде мойындады.

"Головкин — мықты әрі дарынды боксшы. Қайталап айтқым келмейді, бірақ ол рингте өз-өзін жақсы ұстайды. Оны менің ең мықты қарсыласым деп санауға бола ма? Ол тек үздіктердің біреуі", - деді Канело.

GGG мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі қыркүйектің 17-сі өтеді.

Күтесіз бе?

https://t.me/nehabarkaz
107 views17:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 13:08:07
369 viewsedited  10:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 11:31:41 Қаржылық пирамиданы жарнамалайтын азаматтарға қарсы күрес бастауын тауып, жалғасып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мұндай 3000-нан аса сайт бұғатталды.

Алаяқтарға қатысты 44 іс қозғалып, 6,5 млрд теңгенің мүлкі тәркіленген.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырды" деген күдікпен 20 іс қозғалып, 17-сі сотқа жолданды.

Ал бюджет қаржысын жымқырғандарға қатысты 115 іс қозғалып, 53 млрд теңге мемлекетке қайтарылды.

https://t.me/nehabarkaz
166 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 11:13:51
Жоғары Сот Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа қатысты 2016-шы жылғы үкімді жойды.

ҚазТАГ-тағы әріптестеріміздің хабарлауынша, Матаевтар толығымен ақталды, олар қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекетінен шеккен зардабын өтетуге құқылы.

: Тұрар Қазанғапов

https://t.me/nehabarkaz
193 views08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 08:58:20
Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қаринова балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңмен жүретінін мәлімдеді.

Бірінші кезекте жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензиялаудан өтеді. Сосын қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген қазір жұмыс істеп тұрған ұйымдар лицензияланады.

Балабақшаға бармай-ақ, қауіпті жағдайлар Ұлттық білім деректері базасы арқылы автоматтандырылған жүйеде анықталатын болады.

Қалай ойлайсыз, қабылданып жатқан шаралар кейбір балабақшалардағы бассыздықты тоқтатуға көмектеседі ме?

https://t.me/nehabarkaz
290 views05:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:12:13 Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы бойынша 545 адам сотталғанын мәлімдеді.

8 өңірде 30 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. 4 мыңнан аса сот сараптамасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта 349 күдікті қамауда отыр.

Арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілерімен 32 қылмыстық іс бар.

Барлығы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 479 қылмыстық іс жолданған.

https://t.me/nehabarkaz
353 views10:12
Ашу / Түсініктеме