Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 10:40:48
Өзінің Facebook-тегі парақшасында Әміржан Қосанов осы күзде өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтқан еді.

https://t.me/nehabarkaz
658 viewsedited  07:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 20:33:10
Алматы облысының тұрғындары асырап алған балаларын құл секілді жұмсап, соққыға жыққан.

Видеодан балалар жаққа аяқ-киім, оқтау да ұшып жатқанын байқауға болады.

Осы оқиғаға байланысты облыстық полиция тексеріс бастады. Материалдар сотқа жіберілді.

Үш ұлы мен бір қыз уақытша балалар үйіне тапсырылды.

: IG-acc #kris_p_kaz

https://t.me/nehabarkaz
311 viewsedited  17:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 15:43:15
Қазақстан Пәкістанға 188,8 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл 400 мың доллар.

Осы ақша нөсер мен тасқын судың салдарынан зардап шеккен елді қайтадан қалыпқа келтіруге жұмсалады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Пәкістанда табиғи апат 1033 адамның, соның ішінде 343 баланың өмірін қиды. 35 млн адам үйсіз, азықсыз қалды.

https://t.me/nehabarkaz
415 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 10:33:02 Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі кішкентай бала жүріп бара жатқан жүк пойызынан секіріп кеткен

9 жастағы бала ауруханада жатыр, ал 7 жастағы бала алынған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды. Екеуі бір үйдің балалары.

Тамыздың 29-ы сағат 22:40-та полицияға жергілікті тұрғын, 53 жастағы шопан хабарласып, "Тамды-Талас" аралығында жүк пойызына мініп алған екі баланы көргенін айтқан.

40 минуттың ішінде полиция қызметкерлері 9 жастағы ұлды Билекөл ауылының жанынан, ал оның 7 жастағы інісін "Жұма" станциясының жанындағы теміржолдардың қасынан тапқан.

Балалар Талас ауданының орталық ауруханасына жеткізілген еді.

Тергеушілердің сөзінше, екеуі анасымен бірге Қаратау ауылында тұрады, ата-анасы ажырасып кеткен.

Тамыздың 29-ы олар Жамбыл облысы Тамды ауылына апасына қонаққа барған. Қараусыз қалған ұлдар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды жөн көрген.

"Тамды" станциясында пойыздың соңғы вагонына мініп алған балалар пойыз қатты жүре бастағанда қорқып кетіп, "Жұма" станциясына жақын жерден секірген.

Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті.

https://t.me/nehabarkaz
496 views07:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 10:10:36
Соңғы үш айдың ішінде теңгенің долларға шаққан бағамы көтеріліп, сәл түсіп те отырды. Қызыққа толы жаз осылай теңге де болды.

: IG-acc #qazyna.qz

https://t.me/nehabarkaz
476 views07:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 09:07:15
Тоқаев Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады.

Оның орнына Түркістан облысын енді Дархан Сатыбалды басқарады. Жаңа әкім осыған дейін Өзбекстандағы елшісі болып жұмыс істеген.

https://t.me/nehabarkaz
496 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:44:52
Совет одағы орталық комитетінің соңғы бас хатшысы Михаил Горбачев 91 жасында өмірден озды.

Ресейлік БАҚ оның "созылмалы аурудан көз жұмғанын" хабарлады.

https://t.me/nehabarkaz
526 views03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 12:01:21
СҚО-да ауыл тұрғындары жолды өздері жөндеп жатыр.

Уәлиханов ауданы, Бидайық ауданы, Целинная көшесінің тұрғындарына жолды жөндеп беруге уәде берген. Бірақ жолды жөндеу туралы уәде жүзеге аспаған соң, ауыл тұрғындары жөндеу жұмыстарына өздері кіріскен.

Жөндеу материалдарын да өздері алған. Бұл туралы Pavlodarnews басылымы хабарлады.

: Pavlodarnews.kz

https://t.me/nehabarkaz
384 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 19:06:57 Қарағандыда сарбаз қайтыс болды

Қайғылы оқиға ТЖ министрлігінің 52 859 әскери бөлімінде орын алды.

24 жастағы азаматтың әскери шеру кезінде жүрегі кенет тоқтап қалған. Алдын-ала болжам бойынша, өлім панкреонекроздан болған.

Бірақ ер адам көзі тірісінде денсаулығына шағымданбаған.

https://t.me/nehabarkaz
542 views16:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 06:41:13
Президент Twitter-дегі парақшасында Қазақстанда болған ядролық жарыстардың салдарын еске алып, мұндай қайғылы оқиға қайталанбауы тиіс екенін айтты.

Бүгін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.

https://t.me/nehabarkaz
656 views03:41
Ашу / Түсініктеме