Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-23 08:47:09 Рейстерді кешіктіргені үшін "Эйр Астана" компаниясы 3 млн 63 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

16 шілде күні Алматы-Мале рейсінің жолаушылары ұшуды 15 сағаттан артық күткен. Осыған байланысты компания екі күн көлемінде тергеуден өтті.

Әкімшілік іс қозғалып, 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

https://t.me/nehabarkaz
83 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 21:14:41
Тергеу соты Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 26-шы тамызға дейін ұзартты.

Қорғаушы тарап мемлекеттік қызметкердің денсаулығының нашарлауын, отбасылық жағдайын айтып, шешімнің күшін жеңілдетуге тырысты. Бірақ сот Мұхамедиұлы елден қашып кетуі мүмкін деп санап, өтінішті қанағаттандырмады.

Материалдарды оқу барысында экс-министрдің суицидке бейімді екенін айтты.

https://t.me/nehabarkaz
340 viewsedited  18:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 17:09:55
Тамара Дүйсенова 72 жасқа дейін жұмыс істемек.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Мүмкіндігім болса, жұмыс істегім келсе, 72 жас та жақсы деп отырмын. Жұмыс істей алсам, неге зейнетте отыруым керек. Зейнетке қай уақытта шығу керек болса, сол уақытта шығамын. Одан кейін мүмкіндігім болса, қоғамдық жұмыс болса да, өз отбасыма жұмыс істеуге дайынмын", - деді ол.

Қазір Дүйсенова 57 жаста.

https://t.me/nehabarkaz
401 viewsedited  14:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 16:51:35 Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны соңғы тәулікте 2480 адамды құрады.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі бір өңір қызыл аймаққа өтетін болса, қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Pfizer вакцинасының 300 мың данасы сатып алынбақ.

Бұл вакцинаны 12 жастан асқан балаларға да, екіқабат әйелдерге де, бала емізетін келіншектерге де салуға болады.

21 шілдедегі деректерге сүйенсек, оны екі рет 1 175 838 адам алған.

https://t.me/nehabarkaz
402 views13:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 11:54:01
1.1K views08:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 10:49:00
Тарихи сәт. Американың "Хейвард-филд" стадионында, жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионатында алғаш рет еліміздің әнұраны ойнады.

Видеода жеңімпаз Нора Джеруто оң қолын жүрек тұсына қойып, әнұранды айтып тұр.

Күні кеше ол 3000 метр қашықтықта кедергілермен жүгіруде – 8:53.0 уақытымен бірінші болып келіп, рекорд орнатты. Қазақстанға жеңіс сыйлады.

Қазақстанның Ұлттық құрамасында ол 2022 жылдың 29 қаңтарынан бастап өнер көрсетеді.

: @sportilinet

https://t.me/nehabarkaz
475 views07:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 10:25:31 Елордада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты өтіп жатыр.

Мемлекеттік қызметкер сот әділ өтуі үшін отырысқа журналистерді қатыстыруды сұраған. Алайда оның бұл өтініші орындалмады, прокурордың тілшілер сот залынан ақпарат ала алмасын деген өтінімі ескерілді.

https://t.me/nehabarkaz
458 views07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 05:20:30
528 views02:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 20:56:25 Павлодардағы 3-ЖЭО үш сағаттан аса уақыттың ішінде, сағат 22:39-да өшірілді.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

https://t.me/nehabarkaz
152 views17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 18:41:13
Болат Назарбаев ауыр дертпен күресіп жатыр. Қазір ол Алматы немесе Алматы облысында орналасқан ауруханада ем қабылдауда.

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды. Тұңғыш президенттің бауыры көмей обырына шалдыққан және дерт ауруханаішілік пневмониясы мен тромбозының кесірінен асқынып кеткен.

Бұдан бөлек, Болат Назарбаев инсулинге тәуелді қант диабетімен ауырады екен.

Ол Израиль мен Түркияда емделген.

https://t.me/nehabarkaz
121 viewsedited  15:41
Ашу / Түсініктеме