Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-18 08:18:28 Қайрат Сатыбалдыұлы және оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев пен "ӨКМ" ЖШС операторы басшыларының заңсыз шығарылған активтерін қайтару жалғасуда.

Қазір тергеп-тексеру органдары қабылдаған шаралармен шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді.

Айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарды. "Қазақтелеком" АҚ, "Көліктік сервис орталығы" АҚ және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңге өтелді.

ӨКМ Операторы ісі бойынша 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілді, оның шамамен 100 млрд теңгесі жеңілдікті автонесиелеуге бағытталды.

https://t.me/nehabarkaz
173 views05:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 20:38:42
Кеудемізді еліміз үшін қуаныш пен мақтаныш кернейтін кездердің бірі осындай

Видеода Мағжан Шамшадинше алтын алқа тағу сәті, көк тудың көтеріліп, әнұранның айтылатын сәті бейнеленген.

: Qazsport телеарнасы

https://t.me/nehabarkaz
216 viewsedited  17:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 20:27:36
Балалар амбудсмені Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында президентпен кездесе алмай жүргенін жазды.

Оның сөзінше, екеуінің кездесіп, ресми әңгімелесуін қаламайтындар бар. Сондықтан ол амалының жоқтығынан әлеуметтік желі арқылы балалар құқығын қорғауды күшейте түсу керек екенін мемлекет басшысына жеткізуге тырысыпты.

Жазба астында пікір қалдырған қазақстандықтар екіге бөлінді, бірі Саинға жұмысы үшін алғыс айтып жатса, енді бірі оның жазбасы жай ғана көзбояушылық екенін жазды.

Президент үкіметтің соңғы отырысында балалар жылында балаларға жасалынып жатқан зорлық-зомбылық деңгейінің арта түсуін қатаң сынға алған еді.

https://t.me/nehabarkaz
225 views17:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 19:56:12
236 viewsedited  16:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 19:33:04
Мектеп оқушысы дәретхана шұңқырына құлап кеткен қызды құтқарып, ерлік жасады

Әлихан дәретхана шұңқырына құлап кеткен 3 жасар қызды құтқарып қалды. Оқиға Алматы облысы Іргелі ауылында болған.

Әкесі 10 жастағы ұлына арқан байлап, шұңқырға түсірген. Ол қызды аман-есен алып шықты.

ТЖД-нің хабарлауынша, Әлихан баланы құтқарып, ерлік көрсеткені үшін марапатталады.

https://t.me/halyqunimedia
262 views16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 14:48:41
360 views11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 17:01:55
Атырау облысында 1000-нан аса қой өртеніп кетті.

Куәгерлердің сөзінше, өрт Ресей Федерациясының территориясында басталып, Атырау облысына таралған.

"Үйге жақындағанымда жел көтерілді де от тез тарап кетті. Үйде балаларым бар еді, өзім әрең жүгіріп жеттім. Айналадағы барлық шөп жанып кетті. Салдарынан 1039 бас қой тірідей өртенді, олардың ішінде менің де малым бар еді", - деді шопан.

1000-нан аса қой "Сүйіндік" қой зауытына тиесілі еді.

Құрманғазы ауданындағы ТЖД бөлімі құрғақ шөптің жанып кеткенін мәлімдеді. Тілсіз жау Астрахань облысына таралған. Оны 4 техниканың көмегімен 30 адам сөндірді.

https://t.me/nehabarkaz
472 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 12:32:48
ҚазҰУ-да "Балық шаруашылығы" мамандығы жабылып жатыр.

Бірнеше жылдан бері балық өсірумен айналысатын кәсіпкер, ҚазҰУ түлегі Марлен Тұрсынәлі өзі білім алған ордасында осындай шешім қабылданып жатқанын хабарлады.

"Елде 2030 жылға дейін өсірілген балық көлемін 270 мың тоннаға дейін ұлғайту және балыққа арналған жем өндіретін 5 жаңа зауыт ашу жоспарланған еді. Алайда білім министрлігі қажетті саланың мамандарын дайындағысы келмейтіндігін күні бүгінгі шешім дәлелдеп отыр", - деп жазған ол Instagram-дағы парақшасында.

https://t.me/nehabarkaz
129 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 10:04:53 Ең бастысы — киіктерді атуға тыйым салынды.

"Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс.

Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет, – деді президент.

https://t.me/nehabarkaz
224 viewsedited  07:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 10:02:52 Серікқали Брекешев президенттен
геология және биоаулантүрлілік саласындағы сапасыз орындалған жұмысы үшін сөгіс жарияланды.

Нақтырақ айтқанда, министрдің киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды.

"Қаржы бөлінді. Алайда, бұл маңызды міндет әлі орындалмады, сылтау көп. Бұл ретте, біліктілік жоқ па, әлде қасақана орындалмай отыр ма? Орындаушылар үшін түбі жақсылыққа апармайтынын ескертемін.

Бұл, ең алдымен, тиісті министрлікке, сондай-ақ басқа да министрліктерге қатысты. Министрге сөгіс жариялаймын, – деді ол.

https://t.me/nehabarkaz
221 views07:02
Ашу / Түсініктеме