Get Mystery Box with random crypto!

НЕХабар (қазақ редакциясы)

Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы) Н
Telegram арнасының логотипі nehabarkaz — НЕХабар (қазақ редакциясы)
Арна мекенжайы: @nehabarkaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.
Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin
Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 58

2022-04-22 07:27:51
Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу салынды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәлімдеді.

https://t.me/nehabarkaz
286 viewsedited  04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 04:28:02
Сандар сөйлесін. Ресейлік олигархтар санкциялардың салдарынан осылай "кедейленіп" қалған екен.

Желі қолданушылары мұндай миллиардтар үш ұйықтаса да түсіне кірмейтінін айтып, әзіл-қалжыңы аралас шындықты жазып жатыр

https://t.me/nehabarkaz
76 viewsedited  01:28
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 13:46:41
Қоғам қайраткері, бизнесмен Арман Шораев Қазақстан да Украинаның күйін кешуі мүмкін деген пікір білдірді. Nege.kz басылымына берген сұхбатында ол:

"Егер бізге Путин соғыс жариялайтын болса, Петропавл мен Шымкентке дейінгі аралықты екі-ақ аптада жаулап алады. Өйткені, біздің әсекерилердің жартысынан көбі – Ресейдің әскери училищесінде оқыған мамандар.

Генералдар да, полковниктер де, майорлар да – сол жақтан оқып келгендер. Сондықтан, Путин режимі үшін бізді басып алу өте оңай. Соғыс басталар кезде, біздің 36% халық Путинді жақтады. 36% дегеніміз, шамамен 6 миллион халық.

Өкінішке қарай, біз Украина сияқты тату, біртұтас ел емеспіз. Әлі күнге дейін біртұтас ел бола алмай келеміз. Тәуелсіздік алғалы аттай 30 жыл өтті. Бірақ қазақша білмейтін миллиондаған қазақ бар.Адам қай тілде сөйлесе, жаны сол тілде емес пе?! - деді.

Толық сұхбатты осы сілтемені басып оқи аласыз

https://t.me/nehabarkaz
447 views10:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 09:53:43 Болат Әбілов: "Қаңтардың 6-сы алаңда ешқандай террористер болған жоқ.

Олар өздерінің жаман істерін қаңтардың 5-і аяқтап, қала аралап кетті. Сондықтан ол жерде оқ құшқандар плакат пен ту ұстаған бейбіт тұрғындар".

Мұндай батыл мәлімдемені бизнесмен әрі меценат қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың туысқандарына құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған Qantar орталығының баспасөз мәслихатында жасады.

Ақпарат Әлішер Елікбаевтың Telegram-арнасында пайда болды.

https://t.me/nehabarkaz
195 viewsedited  06:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 09:43:52 Тоқаевтың өкімімен Мақсат Қожабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұл лауазым енді Ұлан Сарқұловқа тиесілі.

https://t.me/nehabarkaz
212 views06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 09:31:04
Дәрігерге қол көтеруді, мұғалімге айғайлауды қоғам әдетке айналдырып алған ба?

Қарағандыда науқас сынған қолына гипс салып бергісі келген дәрігерін жұдырықпен бір ұрды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Патриот каналындағы әріптестіріміздің хабарлауынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүріп жатыр, қол көтерген азамат заң алдында жауап береді.

https://t.me/nehabarkaz
225 viewsedited  06:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 08:38:25
Қазақ тіліндегі кітаптар санының көбеюі, әрине, қуантпай қоймайды.

Facebook-тегі парақшасында Асхат Аймағамбетов мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет кітаптары көптеп оқылуы үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтып берді.

https://t.me/nehabarkaz
283 viewsedited  05:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 08:12:50
Өркен Кенжебек ырымдап қызыл жіпті 4500 теңгеге сатып жүрген блогерді және оның сөзіне сеніп, жіпті сатып алып жүрген қазақстандықтарды сынады.

Видеода ол ақылға қонымсыз дүниелерге сену Жаратқанға серік қосумен бірдей екенін мензеп, қарапайым жіп адам өміріне әсер ете алмайтынын ескерді.

Тревел-блогермен келісесіз бе? Ойыңызды жаза отырыңыз.

https://t.me/nehabarkaz
322 viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 04:49:51
Қаңтар оқиғасы кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері соққыға жыққан Чолпонбек Сыдықов есіңізде ме?

ҚР азаптауға қарсы коалициясы қырғызстандыққа елімізде мүдделерін қорғайтын адвокатты ұсынады. Бұл туралы Азаттықтағы әріптестіріміз хабарлады.

47 жастағы Қырғызстан азаматы Чолпонбек Сыдықов қаңтардың 8-і Жамбыл облысындағы блок-посттан өтіп бара жатып тұтқындалған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны аяусыз ұрып, жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар екенін күшпен мойындатты.

Екі аяғы сынған Сыдықов қаңтар айының соңында Бішкекке жеткізілген еді.

https://t.me/nehabarkaz
427 viewsedited  01:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 19:01:16
Қазақстандықтар Азия чемпионатынан 9 медальмен оралды.

Ұлан-Батырда (Монғолия) грек-рим күресінен жарыс өз мәресені жетті. Біздің еліміздің атынан өнер көрсеткен 10 спортшы екі сайыс күнінің нәтижесі бойынша 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Жеңіс құтты болсын

https://t.me/nehabarkaz
505 viewsedited  16:01
Ашу / Түсініктеме