Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 35

2021-05-03 05:20:00 Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес еліміздегі мешіттер аумағында жұма намазын оқуға рұқсат берілді.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-05-02/36061-3-mamyrdan-bastap-zhuma-namazyn-okuga-resmi-ruksat-berildi-foto/
3.4K views02:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 00:35:14
3.7K views21:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 10:15:37
Ораза мен Құран

@muftyat_kz
4.3K views07:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 17:01:50 ​​ Алла Тағала Құранда: «(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», – деген («Ағла» сүресі, 14-15 аяттар).

Касир ибн Абдулладан, әкесінен, атасынан жеткен хадисте: «Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы аят туралы сұрағанда, ол: «Бұл аят пітір садақа жайында түсірілген», – деп жауап берген.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс-әрекеттерден тазарту әрі кедейлерді тамақтандыру үшін пітір садақаны парыз етті. «Кім оны (айт) намаздан бұрын берсе, ол зекет болып қабылданады, ал намаздан кейін берсе, жай ғана садақа болып есептеледі» деді (Әбу Дәуіт, Ибн Мажә).

Ханафи мәзһабында пітір садақа екі келі бидай (ұн, талқан, т.б.) не мейізбен немесе төрт келі құрма не арпамен есептеледі. Дегенмен азық-түліктің орнына пітір садақаға оның ақшалай құнын бергені абзал («Әл-фәтауа әл-һиндия», 1/210-211).

Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен есептеуге пәтуа берген. Сөйтіп биылғы 2021 жылы пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса өз еркі. Алайда садақаны өзінен де жағдайы төмен адамға бергені дұрыс. Қайтыс болған адамдар мен ана құрсағындағы бала үшін пітір садақа берілмейді.

Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛ
«Мұнара» газеті, №7, 2021 жыл

@muftyat_kz
#сұрақжауап
4.0K views14:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 10:20:03
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтауы

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-04-30/36035-birligimiz-bekem-bolgai/
3.2K views07:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 05:20:00
Мереке құтты болсын!

@muftyat_kz
3.1K views02:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 01:00:05
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Біздің оразамыз бен кітап иелері оразасының арасындағы айырмашылық – сәресі ішу», - деген (хадисті Имам Муслим жеткізген).

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#рамазан2021
3.6K views22:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 19:57:09
Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім жаман сөзден және жаман істен өзін тыймаса, оның тамақ пен сусыннан тыйылғанының Алла Тағала үшін ешбір қажеті жоқ», - деген.

Олай болса, хадис оразаның әсіл мақсаты асқазан және тән қалауынан тыйылу арқылы белгілі бір рухани деңгейге жетуді мұрат ету керектігін меңзеуде.

Осыған байланысты имам Ғазали:
«Білгенің жөн, оразаның үш деңгейі бар. Көпшіліктің оразасы (умум), ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус).

Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу.

Ерекше ораза – құлақ, көз, тіл, қол, аяқ және басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю.

Ал, арнайы ораза – жүректің оразасы, яғни жаман ой мен пікірден тұтастай тыйылып, толығымен Аллаға берілу», - деген екен.

Демек, оразаның сауабы, басқаша айтқанда деңгейі адамның Рамазанды қалай өткізгендігіне байланысты.

@muftyat_kz
#ғибратнама
3.8K views16:57
Ашу / Түсініктеме
2021-04-29 13:28:10
ТӨРТ-ТҮЛІК МАЛДЫҢ ЗЕКЕТІ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

#сұрақжауап

https://www.muftyat.kz/kk/qa/oraza/2021-04-29/36016-tort-tulik-maldyn-zeketi-kalai-beriledi/
3.4K views10:28
Ашу / Түсініктеме