Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 34

2021-05-08 08:53:52
Алла Тағала дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

@muftyat_kz
3.8K views05:53
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 08:20:35 ​​ РАЙАН МЕШІТІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Соңғы жылдары ұл бала өмірге келсе, Райан, қыз бала дүниеге келсе, Раяна деп ат қою сәнге айналды. Бұған себеп Сәһл ибн Сағдтан (р.а) имам Бұхари имам Мүслім жеткізген ораза ұстаушылар ғана кіретін жәннаттағы «Райан» есігі жайлы хадис десек, қателеспейміз.

Жақында ғана мешіттеріміздің арасында Рамазанға қатысты атау берілген құлшылық үйлері бар ма екен деген ой келді. Өйткені елімізде жаңадан салынған мешіттерді көбіне Рамазан айында немесе айт мерекелерінде ашу игі дәстүрге айналған. Сөйтіп үш мыңға жуық мешіттің ішінен «Райан» атауы берілген Алла үйі көзге ілінді. Ол мешіт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында орналасқан.

«1994 жылы мешіттің орнында болған ескі үй жергілікті тұрғындардың қаражатына сатылып алынса, жамағат жиырма жылдан астам уақыт намазхана ретінде пайдаланып келді. 2016 жылы ақсақалдар мен жастар ақылдаса келе, ескі үйді бұзып, жаңадан мешіт салу жөнінде бір тоқтамға келді. Құрылысқа Колесникова көшесінің интернационал тұрғындары түгел атсалысты, қаржылай да көмектесті. «Біздің көшемізден де азан дауысы естілсінші» деп қарияларымыз зейнетақысынан жырып, жаңа мешіттің құрылысына демеушілік жасады. Қазақ, түріктерден бөлек, орыстар мен немістер ұлты өз алдына, діні бөлек болса да, Алла үйінің іргетасын да, кірпішін де қалап, бой көтеруіне көмектесті. Ынтымақ, бірліктің, татулықтың арқасында бір жыл ішінде сауапты іс жүзеге асты.

2017 жылы Алматы аймағы өкілдігінің бас имамы Қуаныш Наржанов мешіттің ашылуына арнайы қатысып, оған «Райан» атауын берді. Райан деген – хадистерден белгілі болған ораза ұстаушылар ғана кіретін жәннаттың бір есігі. Өңір имамы Қуаныш Наржанов та, Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Сапархан Төреқұлов та мешіт құжаттарын тіркеуге көп көмектесті. Оларға Алла разы болсын!» дейді мешіт имамы Балқия Анварұлы.

Шағын ғана құлшылық үйінде бір мезетте 175 адам намаз оқи алады. Ғимараттың биіктігі – 5 метр, ұзындығы – 16 метр, ені – 12 метр. Мұнарасының биіктігі – 16 метр. Бүгінде Есік қаласында жұмыс істеп тұрған 4 мешіттің ішіндегі «ең жасы» да осы – «Райан» мешіті.

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#қазақстанмешіттері
2.8K views05:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 04:00:11
Әлеуметтік желіде мына бір сөз таралып, жамағат арасында түрлі талас-тартыстарға себеп болуда. Онда «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Үмметімнен біреуінің қаза болған намазы болса, рамазан айының соңғы жұмасында жұма мен екінті арасында 4 ракат қажет намазын оқитын болса, 400 жылдық қаза намазын өтеген сияқты болады. Бұл намазды бөлмей төрт ракат қылып оқиды. Бірінші ракатта зам сүре етіп 10 рет Аятул-күрсі, екінші ракатта 15 рет Кәусар сүресі, үшінші ракатта 3 рет Кафирун сүресі, төртінші ракатта 3 рет Ықылас сүресі оқылады», делінген.

Осы хадис рас па?

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/articles/ramazan-dristeri/2021-05-06/36114-zhuma-kungi-kazhet-namazy-turaly-akparat-ras-pa/
2.5K views01:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 21:25:28
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

@muftyat_kz
2.6K viewsedited  18:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 18:30:01
Қадір түнінде оқылатын дұға

«Аллаһумма иннәкә ғафу’ун тухиббуль ғафуә, фәғфу анни!»

Мағынасы: «Уа Жаратушы ием! Сөзсіз Сен кешірімдісің әрі кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

Айша анамыз Алланың Елшісінен: «Қадір түнінде не айтсам болады?», – деп сұрағанда, Ол ﷺ осы дұғаны айтуды кеңес еткен (Әл-Хаким).

@muftyat_kz
#қадіртүні
3.0K views15:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 10:25:57
Адамды құрдымға кетіретін үлкен күнә.

@muftyat_kz
3.5K views07:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 14:17:30
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тәжікстан Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзодамен және Қырғызтан бас мүфтиінің міндетін атқарушы Жоробай ажы Шергазыевпен телефон арқылы сөйлесті.

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-05-04/36084-bas-mufti-tzhikstan-muftiimen-telefon-arkyly-soilesti/

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-05-04/36085-kmdb-toragasy-kyrgyzstannyn-din-basshysymen-soilesti/
3.5K views11:17
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 01:20:25 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы pinned a photo
22:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 16:00:18
3.8K viewsedited  13:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 08:57:35
#ҚұранТыңдайық | «Зілзәлә» сүресі

«Хикмет» студиясы

@muftyat_kz
#muftyatkz
3.6K views05:57
Ашу / Түсініктеме