Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 32

2021-05-21 05:00:01
Жұма мүбәрак болсын!

وَلَنَبْلُوَنَّكُم بِشَيْءٍ مِّنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِّنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنفُسِ وَالثَّمَرَاتِۗ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ

«Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен һәм мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз. Ендеше, сабырлы болғандарды сүйіншілеп қуанта бер»

«Бақара» сүресі, 155-аят

@muftyat_kz
#muftyatkz
1.7K views02:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 18:00:59 ​​ Бір күні ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (ﷺ) қызы Фатима әкесінен сұрайды:

- Әкетай! Дүние жүзінде ең бірінші жұмаққа кіретін кім?
- Анау төменгі ауылда, пәлен үйде тұратын бір кісі бар. Бірінші жұмаққа кіретін – сол, - деді Алла елшісі (ﷺ).

Хазреті Фатима бұл кісіні көруге құмартады. Айтқан үйге барып, есікті қағады. Арғы жақта қартайған бір әйел кісінің дауысы шығады:

- Бұл кім екен?
- Мен ғой, Фатима. Хазреті Пайғамбардың қызы Фатима.
Енді әлгі дауыстың қиналып, абыржып шыққаны байқалады:

- Айналайын, қызым! Сен ренжімеші! Бірақ отағасының рұқсаты болмаса, сені үйге кіргізе алмаймын. Мен бүгін рұқсат сұрап қояйын. Сен ертең келе аласың ба?

Бұл Фатима үшін күтпеген жағдай еді. Алғашқыда сасып қалады. Бірақ кері қайтып кетеді. Ертеңіне әлгі қақпаны тағы барып ұрады. Қасына сүйікті ұлдары Хасан мен Хусейнді ертіп алады. Әлгі әйел тағы да жөн сұрайды:

- Бұл кім, қасыңдағы кімдер?
- Бұл мен ғой, Фатима. Қасымдағы балаларым.
- Жаным, Фатима, айыпқа бұйырмашы. Мен күйеуімнен тек сен үшін рұқсат сұрап едім. Балаларың келетінін білмедім ғой. Тағы да ертең келесің бе? Рұқсат алып қояйын.

Фатима кері қайтады. Күн өткен сайын таң қалысы артып жатыр. Ертесіне тағы келеді.

- Бұл кім?
- Фатима.

Сол кезде есік ашылады. Міне, қызық, кешеден бері дауысына қарап, үлкен апа шығар деп жүргені жап-жас, әп-әдемі келіншек екен. Фатима таң қалып сұрайды:

- Менімен сөйлесіп жүрген апа қайда?
Әлгі әйел ауызындағы тасты шығарып алып тастады да: «Ол мен ғой» - деді.

- Ұртыңызға неге тас салып алғансыз?
- Жолдан әрі-бері өтушілер болып қалып, менің себебімнен күнәлі болып қалмасын деген ниетім еді...

Міне, жұмаққа алғаш кіретін әйел осындай болған екен. Осы оқиғадан үлгі алуымыз керек-ақ. Күйеуіне соншалықты адал, діндар әйел. Сондай-ақ әйел кісінің даусының өзі кейде адамды күнәға батырып қоюы ықтимал.

Асылбек Әуезханұлы

@muslim_kz
@muftyat_kz
#ғибратнама
1.3K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 09:19:28
Расында, Құран оқу – бұл үлкен ғибадат, зікірдің ең жақсысы. Өйткені Құран оқумен бірге адамның иманы күшейеді. Оның сауабы соншалық көп, оны Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді.

#сұрақжауап

https://www.muftyat.kz/kk/qa/namaz/2021-05-20/36279-birneshe-adam-okygan-kuran-khatym-sanala-ma/
1.5K views06:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 14:47:06
Сауд Арабиясы үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпанда қабылдаған шешіміне сәйкес, осы жылдың 3 ақпаны мен 17 мамырына дейін әлемнің бірқатар елдеріне шекарасын жапқан еді. Дегенмен тікелей әуе қатынастарына шектеу қойылмаған біршама мемлекеттен аздаған ұмрашылар тобы қасиетті мекендерге табан тіреу бақытына ие болды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-05-19/36285-saud-arabiiasy-oz-shekarasyn-birkatar-
1.3K views11:47
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 14:28:20
Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Менің алғашқы оразам» үздік эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Рамазан айының басында басталған шығармашылық байқауға Нұр-Сұлтан қаласынан қатысқан үміткерлердің ең жасы 14 жаста болса, ең үлкені 70 жастағы ақ жаулықты әжейлер еді. Яғни ниет етіп қатысқандардың саны көп болды, оның ішінде еліміздің өзге қалаларынан, Шымкент, Қызылорда өңірлерінен де шығарма жолдап, қатысқан жандар бар.

#рамазан2021

https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-05-18/36267-esse-baikauynyn-zhenimpazdary-marapattaldy/
793 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 19:16:56
Бүгінде адамды рухани тұрғыдан аздыратын әрекеттер мақсатты түрде насихатталуда. Соның бірі – біржынысты қатынас. 

#сұрақжауап

https://www.muftyat.kz/kk/qa/kunlar/2021-05-17/36261-birzhynysty-katynas-zhaily-din-ne-deidi/
981 views16:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 14:33:01
Мүфтият тынысы. 10-16 мамыр

«Хикмет» студиясы

@muftyat_kz
#мүфтияттынысы
1.3K viewsedited  11:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-15 10:07:58 «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, елордадағы «Астана» және Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медреселерінде шәкірт тәрбиелеп, өзіндік ізін қалдырған Хасан Аманқұловқа шәкірттері құрмет көрсетіп, Ораза айтта ерекше сый жасады.

#оразаайт2021

https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-05-15/36230-medrese-tulekteri-ustazga-kurmet-korsetti-foto/
2.6K views07:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 20:47:45 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы pinned a photo
17:47
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 07:20:44
«Нағыз намаз – мешіттен шыққанда, нағыз Қажылық – Меккеден оралғанда, нағыз рамазан – ораза біткенде басталады»

Нәжіб Фазыл Қысакүрек, түрік жазушысы

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#muftyatkz
2.9K views04:20
Ашу / Түсініктеме