Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 26

2021-07-02 17:53:13
әл-Жәббар – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа, соны кімге де болсын істете алады.

Алла Тағаланың бұл көркем сипаты Құранның «Хашр» сүресінде кездеседі.

«Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Мәлик (шексіз билік иесі), Қуддус (Өзі қандай мінсіз әрі пәк болса, күллі ғаламды да әрдайым таза ұстаушы), Сәләм (есендік пен тыныштық кепілі), Мумин (күмән мен үрейден арылтып, жүректерге иман нұрын ұялатушы), Муһәймин (күллі жаратылысты бақылауында ұстаушы һәм қорғаушы), Азиз (ұлылық пен үстемдік иесі), Жәббар (күллі болмысты Өзіне бойсұндырушы, зұлымдықты жойып, әділдікті орнатушы), Мүтәкәббир (ұлылығын паш етуге толық құқылы болған теңдесі жоқ ұлылық иесі). Алла оларды Өзіне серік етіп қосқандарынан және серік қосуынан мүлдем аулақ»

«Хашр» сүресі, 23-аят

@muftyat_kz
#99көркемесім
539 viewsedited  14:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 05:01:44
«Уа, Раббымыз! Біздің күнәларымызды кешіре көр! Кінә-қателіктерімізді (амал дәптерімізден) өшіре көр және бізді дүние салғаннан кейін, Өзіңе жақын болған ізгі әрі кемел мүміндердің қатарына қосқайсың!»

«Әли Имран» сүресі, 193-аят

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#жұмамүбәракболсын
1.2K views02:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 20:42:55 ​​ Төртінші ғасырда өмір сүрген Әбу Бәкір Шибили деген бір тақуа кісі болатын. Имам Шибилиге бағдаттық әлдебір наубайшы оның білімдарлығы мен тақуалығына тәнті болып, өмірінде бір рет көруге қатты ынтық болады. Солай бола тұра жұмысын тастап кете алмайды. Имам Шибили жайлы сөз бола қалса: «Шіркін, сол кісіні бір рет көрсем ғой», – деп армандайды екен.

Бір күні наубайшының алдына киімі жұпыны ақ сақалды қарт келеді. Қарт:

– Алла разылығы үшін жарты нан беріңізші, – дейді. Наубайшы ашуланып:

– Аулақ жүр. Сендерден әбден шаршадық қой. Алла разылығы дегенді үйреніп алғансыңдар, қайта-қайта мазалап, – деп қуып жібереді. Қолын жайып келген ақсақал ләм-мим деместен теріс айналып, өз жөнімен кетеді. Мұны көрген ел наубайшыны сөгіп:

– Сен не істедің? Бұл ақ сақалды қария сен тәнті болып жүрген имам Шибили ғой.
– Мына ескі-құсқы киім киген адам ба?
– Иә.
Аңтарылған наубайшы Шибилидің артынан тұра жүгіріп, қуып жете етегіне жармасып, «мені кешіріңіз» деп жалынады.

Алла разылығы үшін жарты нанын бөліп бере алмаған наубайшыға дәріс болсын деп имам Шибили оған мынадай ұсыныс жасайды:

– Бағдат алаңында жүз алтыныңды қиып, халыққа тамақ таратсаң, кешірейін, – дейді.

– Құп болады. Сіз үшін жүз алтын сөз болып па? – деп келісілген жерде халыққа ас береді. Жұрт тегіс келеді. Тамақ жеп болған ел Шибилиден үгіт-насихат етуін күтеді. Адамдардың бірі:

– Жиналған халық жәннат пен тозақ жайлы насихат айтуыңызды сұрайды. Осы жайында уағыз айтсаңыз, – деп өтінеді. Сонда Имам Шибили былай дейді:

– Жәннаттықтардың кім екенін білмеймін, әйтсе де, тозақтықтардың кім екенін сұрасаңдар, айтайын. Жиналғандар бір-біріне қарасты. Жамағат келіскен сыңай танытып:

– Олай болса тозақтықтардың кім екенін айтыңыз, – десті.
– Тозақтық адам көргілеріңіз келсе, сіздерге тамақ берген мына наубайшыға қараңыздар! Айнала тып-тыныш. Бәрі аң-таң. Сонда Шибили жағдайды былай түсіндіреді:

– Мына наубайшы Алла разылығы үшін жарты нан бермеді, бірақ Шибили үшін жүз алтындық ас беруден тайынбады, – деді. Жамағат үнсіз, терең ойға батқан күйі:

– Имам Шибили бізге ұмытылмас сабақ берді. Бәріміз бұдан ғибрат алуымыз керек,– деп сыбырлап қоя берді.

@muftyat_kz
#ғибратнама
481 viewsedited  17:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 07:11:53
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы COVID-19 індетіне қарсы екпе алды. Отандық QazVac вакцинасын салдырған Бас мүфти екпеден соң өзін жақсы сезінгенін мәлімдеді.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-07-01/36833-bas-mufti-koronaviruska-karsy-ekpe-saldyrdy-foto/
1.3K views04:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 18:10:29
Әл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды.

Бұл көркем есім Құран Кәрімдегі 22 сүренің 40 аятында кездеседі.

«Егер сендерге ақиқатқа жеткізетін анық дәлелдер келгеннен кейін тура жолдан таятын болсаңдар, онда біліп қойыңдар, Алла – Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі)»

«Бақара» сүресі, 209-аят.

@muftyat_kz
#99көркемесім
1.0K views15:10
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 13:19:38
ҚМДБ-ның төл басылымы «Мұнара» рухани-танымдық газетінің бас редакторы, журналист Серікбол Хасан БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың грантын иеленді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

#мұнарагазеті

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-25/36794-munara-gazetinin-bas-redaktory-prezident-grantyn-ielendi/
1.2K views10:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 05:25:17
«Уа, Раббым! Көкірегімді кең қылып, иман нұрына, ілімге толтыра көр! Ісімді жеңілдете көр! Тілімдегі түйінді шеше көр! Олар менің сөзімді жақсы түсінетін (ұғатын) болсын»

«Таһа» сүресі, 25-28-аяттар

@muftyat_kz
#жұмамүбәракболсын
4.1K views02:25
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 11:54:06
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Муфтият» баспасы еліміздегі мұсылман жамағатының рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Намаз оқып үйренейік» кітапшасын шығарды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-23/36760-namaz-okyp-uireneiik-kitapshasy-okyrmanga-zhol-tartty-foto/
872 views08:54
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 17:48:30
Әл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады.

Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.

Құранда тек бір жерде аталады. Ол – Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірнешеуі зікір етілетін «Хашр» сүресінің 23-аяты.

@muftyat_kz
#99көркемесім
453 views14:48
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 12:30:01 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы pinned « Жәбірейіл (а.с.) періште бір күні былай деп тілепті: ⠀ –Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) деген Әбу Бәкірдің (р.а.) достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын…»
09:30
Ашу / Түсініктеме