Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 29

2021-06-07 09:32:57
Елімізде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен Ислам энциклопедиясы жарық көреді. Бұл туралы Өскеменде өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде мәлім болды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-07/36547-elimizde-islam-entsiklopediiasy-zharyk-koredi-foto/
1.1K views06:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 19:19:54 ​​ Мектеп және университет түлектерінің араға бес жыл немесе он жыл салып білім алған ордасында бас қосу үрдісі бар. Осы жылдар арасында жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өмірлеріндегі өзгерістерді айтып, сағыныштарын басады. Менің айтпағым, осындай бір кездесу жайы.

Арада жыл өткен екен. Дипломға сай жұмыс істеп жатқаны бар, нәпәқасын басқа саладан тауып жүргендері бар. Барлығы уәделесіп анасындай боп кеткен алғашқы ұстазының үйіне келеді. Біреуі үйленген. Екіншісі армандаған қызметіне орналасқан. Ал үшіншісі әлі де бағы ашылмай жүр. Мұғалім шәкірттерін мұқият тыңдап отыр. Тек арагідік күлімсіреп қояды.

Біраз уақыттан кейін мұғалім кофе әкелейін деп ас үйге бет алды. Сүтпісірім уақыттан кейін кофе қайнатылған ыдысты жайылған дастарқан басына қойды. Артынан әртүрлі кеселер әкелді. Шынысы бар, фарфоры бар, тіпті қағаз стакан да бар екен. Ортаға тәттілер қойды. «Кофені өз қалауларыңша құйып алыңдар» деді.

Жастар көп ыдыстың ішінен әдемісін алуға тырысып жатты. Ақыры, барлығы кофе құйып, тәтті күлшелерден дәм ауыз тие бастады. Мұғалім шәкірттерінің көңілін өзіне аударып, бір нәрсе айтпақ болды. Барлығы ұстазына қарап тұр. Сонда мұғалім бәсең дауыспен: «Байқайсыңдар ма, сендердің барлығың тек әдемі кесені таңдадыңдар. Қарапайым кесеге назар да аударған жоқсыңдар. Адам өміріндегі басты уайым мен күйзеліс осыдан туындайды. Біз әр нәрсенің сыртына көбірек көңіл бөлеміз. Алайда сендерге негізгі керегі ыдыс емес, оның ішіндегі кофе. Кеселерің әртүрлі болғанымен ішіндегі кофе барлығыңда бірдей. Бірақ сендер әдемі әрі қымбат шыны ыдыстарға ұмтылдыңдар. Кофе – сендердің өмірлерің. Ал қызмет, мал-дәулет және осы сияқты дүниелер – шыны ыдыс. Демек бар болғаны құрал, негізгі мақсат емес. Біз ыдысты таңдауға көп уақыт жұмсаумен кофенің рақатын сезіну сәтінен айырыламыз» деп сөзін тәмамдады.

Мал-дүние жинаумен бәсекеге түскен адам сырттай қарағанда ең бақытты жан боп көрінеді. Сондықтан сол адам сияқты болғымыз келеді. Алайда ол адамның түнгі ұйқысы тыныш емес. Дәулеті жетіп тұрса да, қабағы қара бұлт сияқты сейілмей тұрады. Себебі ол құралды мақсат деп біледі. Ал негізгі мақсатқа онша мән бермейді. Дүниенің құрал екенін білген сахабалар «Бұл дүниемен ақыретімді сатып аламын» деп дүние ізгілік және жақсылық жасайтын құрал екенін айтып өткен.

Төлеби Оспан, «Мұнара» газеті, №4, 2021 жыл

@muftyat_kz
#ғибратнама
1.6K views16:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 17:58:39
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тараз шаһарында өткен «Әулие ата» мешітінің қайта ашылу салтанатынан кейін «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен Жамбыл облысының 5 отбасына тұрғын үй кілті табысталды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-04/36534-el-ulesi-pterge-bas-mufti-tarazdyk-5-otbasyga-pter-kiltin-tabystady-foto/
952 views14:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 18:01:04
Әр-Рахман – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Алла Тағала мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ, ол адам қаталдықтан арылады.

Алла Тағаланың әр-Рахман сипаты Құранда 56 рет аталады, соның ішінде «Мәриям» сүресінің 17 аятында кездеседі. Одан бөлек 78 аяттан тұратын «әр-Рахман» сүресі бар.

Раббымыздың бұл сипатын мұсылман баласы күніне бірнеше рет зікір етеді. Намаздағы сүрелер, ғибадаттардан бөлек, бір жақсы істі бастарда «биссмилләһир рахманир-рахим» деп айту әдетке айналған.

@muftyat_kz
#99көркемесім
2.0K views15:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 16:48:17
Тараз шаһарында бір ғасырдан астам тарихы бар 1907 жылы салынған «Әулие ата» мешіті күрделі жөндеуден кейін жамағатқа есігін қайта ашты. Көненің көзі болған мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-04/36532-gasyrlyk-tarikhy-bar-kone-meshit-kaita-ashyldy-foto/
1.4K views13:48
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 06:00:17
Көк байрағымыз ешқашан құламасын!

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#рәміздеркүні
897 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 03:45:00
Ислам дінінде әркім өз еңбегінің жемісін көруге құқылы. Жазушы жазған кітабының, өнертапқыш ойлап тапқан туындысының иесі атануы тиіс.

#сұрақжауап

https://www.muftyat.kz/kk/qa/kunlar/2021-05-31/36459-avtorlyk-kukyk-zhaily-sharigat-ne-deidi/
976 views00:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 20:14:37
Құран Кәрімде аты аталған пайғамбар

@muftyat_kz
#пайғамбарлартарихы
1.2K views17:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 17:00:34 ​​ Ассалаумағалейкүм, ағайын! Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

«Ең көркем есімдер Аллаға тән. Ендеше, Оған сол есімдерімен үн қатып, дұға етіңдер...» («Ағраф» сүресі, 180-аят) деген. Ал пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадисте:

«Алланың 99 есімі бар. Кім оларды зікір етіп жүрсе, жәннатқа кіреді» (Бұхари, Мүслім) делінген.

Исі мұсылман баласы Алланың Құран және сүннетте келген 99 көркем есімін жаттап, зікір етіп, сонымен дұға жасап жүрсін деген ниетпен Жаратушы иеміздің ұлық есімдерін назарларыңызға ұсынбақпыз. Көркем есімдердің арабша жазылуы мен айтылуы, сондай-ақ қазақша мағынасы мен қысқаша анықтама беруді де ұмытпадық.

Алла – Оның (Алла Тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.

@muftyat_kz
#99көркемесім
1.9K views14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 14:00:40
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ескі мешіт жанынан қайта жаңғыртып салынған «Мұхаммед-Нұр» құлшылық үйінің ашылу салтанатына қатысты.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-02/36506-bas-mufti-zhana-meshittin-ashyluyna-katysty-foto/
1.3K views11:00
Ашу / Түсініктеме