Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 28

2021-06-14 19:00:48
Әл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден ада және адам баласының ойына келетін пішін-келбеттен тыс.

«Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Мәлик (шексіз билік иесі), Қуддус (Өзі қандай мінсіз әрі пәк болса, күллі ғаламды да әрдайым таза ұстаушы), Сәләм (есендік пен тыныштық кепілі), Мумин (күмән мен үрейден арылтып, жүректерге иман нұрын ұялатушы), Муһәймин (күллі жаратылысты бақылауында ұстаушы һәм қорғаушы), Азиз (ұлылық пен үстемдік иесі), Жәббар (күллі болмысты Өзіне бойсұндырушы, зұлымдықты жойып, әділдікті орнатушы), Мүтәкәббир (ұлылығын паш етуге толық құқылы болған теңдесі жоқ ұлылық иесі). Алла оларды Өзіне серік етіп қосқандарынан және серік қосуынан мүлдем аулақ»

«Хашр» сүресі, 23-аят

@muftyat_kz
#99көркемесім
571 views16:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 20:03:15
Бұл жөнінде бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі хабарлады.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-12/36641-lem-musylmandary-biyl-da-kazhylykka-bara-almaidy/
940 views17:03
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 06:01:24 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы pinned «​​ Мектеп және университет түлектерінің араға бес жыл немесе он жыл салып білім алған ордасында бас қосу үрдісі бар. Осы жылдар арасында жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өмірлеріндегі өзгерістерді айтып, сағыныштарын басады. Менің айтпағым, осындай бір кездесу…»
03:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 05:18:09
رَبِّ هَبْ لِي حُكْمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ

«Уа, Раббым! Менің бойыма даналық бере көр! Мені (үнемі игі істер істейтін) ізгі құлдарыңның қатарына қоса көр!»

«Шұғара» сүресі, 83-аят

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
#күндердіңсұлтаны
939 views02:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 13:38:13
Күн тұтылғанда қандай намаз оқылады?

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/qa/namaz/2021-06-10/36609-kun-tutylganda-kandai-namaz-okylady/
912 views10:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 17:40:00
Әл-Мәлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды, қиындыққа мойымайды.

Алла Тағаланың әл-Мәлик есімі Құран Кәрімнің «Фатиха», «Таһа», «Му'минун», «Хашр», «Жұма» және «Нас» сүрелерінде кездеседі.

«Күллі жаратылыс атаулының Хақ Патшасы (шын иесі) Алла қандай ұлы десеңші! (Уа, Мұхаммед! Өзіңе уахи келгенде): Құран аяттары өзіңе толық уахи етілмейінше ұмытып қалмайын деген оймен оны іле-шала қайталауға асықпа. «Раббым, ілімімді арттыра көр», – деп дұға ет» («Таһа» сүресі, 114-аят).

@muftyatk_z
#99көркемесім
1.1K views14:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 14:33:47
Өскемен қаласында өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінде «Ғибадат тұтқасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-09/36588-gulamalar-kenesinde-gibadat-tutkasy-kitabynyn-tusaukeser-rsimi-otti-foto/
242 views11:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 17:40:00 ​​ Негізінде ауызды жауып намаз оқу мәкруһ саналады1.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл іске тыйым салған. Себебі ауызды жауып намаз оқу қырағат етуге, бекітілген зікір-тәсбихтарды айтуға кедергі болады. Егер ауызын қолымен жапса, қолға байланысты бекітілген сүннетті тастаған болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намазда қолдарыңды (көтере бермей) тыйыңдар» деген.

Егер ауызын киімімен жабатын болса, онда мәжусилерге (отқа табынатындарға) ұқсап қалады. Өйткені олар отқа табынатын кезде беттерін орап, жауып алатын болған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бетін орап намаз оқуға тыйым салды. Тек есінеген кезде ауызды жабудың оқасы жоқ деген2.

Дегенмен белгілі бір себептерге байланысты, яғни жұқпалы індет таралған уақытта «зәрулік жағдайларда тыйым салынған істерге рұқсат беріледі» деген қағидаға орай, ауызды жауып намаз оқуға болады. Себебі Алла Тағала Құранда:

«Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар»3, – деп бұйырған.

Оған қоса бұны Омардың (р.а) Шам еліне барып, онда оба ауруы тарағанын естіп, сақтық шарасы ретінде кері қайтқаны құптайды4.

Қорыта айтқанда, ауызды жауып намаз оқу – мәкруһ. Алайда коронавирус және т.б. жұқпалы індет таралған жағдайда намазды медициналық бетпердемен оқуға рұқсат етіледі.

Нұрсұлтан Маметбай, Жамбыл облысы бойынша пәтуаға жауапты маман

1 Имам Тахтауи, Хашияту ат-Тахауй ғәлә Марақил Фалах, 350. Әл-Фатауа әл-Хиндия, 1/107.
2 Бадайғ санайғ, 1/ 216.
3 «Бақара» сүресі, 195-аят.
4 Муслим, №2219.

@muftyat_kz
#сұрақжауап
1.3K views14:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 13:18:10
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 423-пәтер кілтін ауыл имамына табыстады. Бұл жолғы пәтер Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылының имамы Әлімбек Батайға бұйырды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-08/36579-nauryzbai-kazhy-taganuly-423-pter-kiltin-auyl-imamyna-tabystady-foto
1.4K views10:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 18:04:36
Әр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді күніне 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.

Қасиетті Құран Кәрімнің 114 жерінде, көбінесе әр-Рахман сипатымен қосарланып айтылады.

«Уа, Раббым! Бір Өзің жарылқап кешіре көр! Мейіріміңе бөлей көр! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысы әрі ең мейірімдісісің» («Му'минун» сүресінің 118-аяты)

@muftyat_kz
#99көркемесім
1.1K views15:04
Ашу / Түсініктеме