Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 30

2021-06-01 18:51:59 ​​Балаларды кімнен және неден қорғаймыз?

Жыл сайын әлемнің бірнеше мемлекеті 1 маусымды балаларды қорғау күні ретінде атап өтеді. Ресми түрде 1950 жылдан бастап аталып, бүгінде жалпыхалықтық сипат алып қана қоймай, балалардың туған күні секілді атап өту дәстүрге айналып кеткен айтулы күннің атауында «қорғау» деген сөз қайдан жүр? Неге жәй ғана балалар немесе сәбилер күні емес? Сонда балаларымызды кімнен және неден қорғаймыз?

Бұдан бөлек күнтізбеде 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні, 16 маусым – Африка балаларын қорғау күні деген секілді де атаулы күндер бар. Яғни бұл – бауыр еті баламыз десек те, оған лайықты көңіл бөлмей жатқан да тұсымыз болды немесе бар деген сөз.

Шариғат тұрғысынан қарасақ, Алла Тағала Құран Кәрімнің «Тахрим» сүресінде: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді һәм отбасыларыңды (имандылыққа, адамгершілікке баулу арқылы) отыны адамдар мен тастардан тұратын алапат оттан қорғаңдар!» дейді. Балаға жақсы тәрбие беру, оған көркем үлгі көрсету – ата-ананың міндеті әрі сол арқылы ғана өзегін жарып шыққан перзентін екі дүниенің де қиындығынан қорғай алмақ.

«Бақпасаң, балаң кетеді» демекші, бала қараусыз қалса, оның тек ішіп-жемін қамтамасыз еткеннен пайда жоқ. Бүгін сіз оған уақытыңызды бөлмесеңіз, қартайғанда сізге де перзентіңіздің уақыт тауып, көңіл бөле қоюы екіталай. Демек Алла Тағала балаңызға жақсы тәрбие беру арқылы тұтас отбасыны тозақ отынан ғана қорғап қоймай, осы дүниеде де бақытты болуыңызды қалап тұр ғой!

«Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, жаман болса, жердің асты жақсы» деген екен бір қария. Яғни баланы қорғау дегенді оған көңіл бөліп, жақсы тәрбие беру арқылы түрлі жамандықтың алдын алу деп түсіну керек. Түптеп келгенде баланы қорғау – өзіңізді қорғау. Себебі ешкім де мәңгі жап-жас, әрдайым қуатты, күшті болып жүре алмайды. Бір күні қаусаған қартқа айналғанда балаңыз жаныңыздан табыла ма? Әлде бала күнінде сізге еркелеп бір нәрсені мың сұрағанда зекіп тастағаныңыздай, көңіліңізді қайтарып, бір минутын да бөлуге шамасы жетпей жүре ме? Бұл қазірден бастап ойланатын дүние...

@muftyat_kz
#исламжәнеотбасы
992 views15:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 08:53:37 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы pinned a video
05:53
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 05:30:01
маусым – Балаларды қорғау күні

@muftyat_kz
1.5K views02:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 13:08:49
Кеңес үкіметі алғашқы екі онжылдықта Исламның дамуын тежеу үшін аянып қалмады. Осы бағытта 1920-1930 жылдары мұсылмандық білім беру мекемелері, діни ұйымдар мен Ислам негіздерін қорғап келген мұсылмандық басқармасын жоюға тырысты. Алайда еліміздің дінбасылары мұсылман дәстүрлерін сақтап қалу үшін жан салды.

Темур Аманқұл

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/articles/islam-and-society/2021-05-31/36454-kenes-ukimeti-medreselerdi-kalai-kurtty/
1.8K views10:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 05:30:06
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды...
560 views02:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 17:00:34 ​​ Ақиқа – араб тілінде «туылған нәрестенің шашы» дегенді білдіреді. Ал, шариғаттағы мағынасы: «Ол – сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық».

Ақиқа құрбандығына байланысты Алла Елшісінің (ﷺ) Хасан мен Хүсейнге бір-бір қойдан сойғандығы туралы риуаят келген1. Сондай-ақ туылған ұл балаға екі, қыз балаға бір қой сойылатыны жайында да хадистер жеткен2. Осы деректерді алға тартып ақиқаның үкімін сүннет деген ғалымдар бар.

Ханафи мәзһабы бойынша ақиқаның үкімі мубах (яғни істеуі немесе істемеуі адамның өз еркінде). Өйткені құрбандықтың бұл түрі исламның алғашқы уақытына болып, одан кейін құрбан айт құрбандығымен күші жойылған. Оған Айша анамыздан, Алиден (Алла олардан разы болсын) жеткен:

«Құрбан айттағы құрбандық өзінен бұрынғылардың үкімін жойды»3, – деген риуаяттар дәлел болады. Ақиқа, атира 4 секілді құрбан айт құрбандығынан бұрын орын алған. Сондай-ақ Алла Елшісінен (ﷺ) ақиқа туралы сұрағанда:

«Расында Алла Тағала ата-анаға қарсы шығуды немесе ақиқ болуды ұнатпайды. Кімде-кім қаласа ақиқа құрбандығына ұл балаға екі, қыз балаға бір қойды шалсын» 5, – деп жауап берген.

Бұл хадис ақиқаның үкімі сүннет дегенді жоққа шығарады. Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) ақиқаның орындалуын адамның өз еркіне салды. Демек бұл мубахты білдіреді 6. Бұл пікірді имам Тахауи, ибн Абин секілді ғалымдар құптаған7.

Қорыта айтқанда, ақиқа құрбандығын шалу – мубах. Мүмкіндігі болса, қыз балаға бір қой, ұл балаға екі қой сойылады.

Ақиқа құрбандығын жетінші күннен бастап, балиғат жасына жеткенге дейін шалуға болады. Ақиқа құрбандық етін шалған адамның өзі жейді немесе көпшілікке дастархан жайып, дәм таттырады.

1 Әбу Дәуіт, 3/261-262.
2 Тирмизи 1516, Насаи 4217.
3 Байһақи, Сунан ал-Кибар, 9/439. Әл-Һинди, кәнзу әл-уммал, 5/860. №14564.
4 Жәһилет дәуірінде бір кісінің түйесі немесе қойы туса, бірінші баласын сойып өзі жеп және басқаларды да тамақтандыратын болған. Бұл сойылған малды атира деп атайтын.
5 Ахмад, 2/182-194. Әбу Дәуіт, 3/262, №2842. Нәсәи, 7/162-163.
6 Кәсәни, Бәдәи ас-санаиғ, 6/298.
7 Тахауи, Мухтасар әт-Тахауй,  299. Ибн Абидин, Әл-Ғуқуқ әд-Дария,  2/212. Және Радду әл-мухтар, 6/650.

www.fatua.kz
@muftyat_kz
#сұрақжауап
1.1K views14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 13:50:40
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Төлеби Оспан Алматы қаласының бас имамы болып тағайындалды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-05-28/36427-almaty-kalasynyn-bas-imamy-tagaiyndaldy-foto/
696 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 08:24:00
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында Ғұламалар кеңесінің кезекті жиынын өткізді. Кеңес жұмысына Ғұламалар кеңесінің Алматы қаласындағы мүшелері қатысты.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-05-28/36421-bas-mufti-almatyda-gulamalar-kenesinin-kezekti-zhiynyn-otkizdi-foto/
657 viewsedited  05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 05:30:00
Құрандағы Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы

رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ

«Уа, Раббымыз! (Алдыңда тұрып) есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре көр!»

«Ибраһим» сүресі, 41-аят

@muftyat_kz
#жұмамүбәракболсын
1.3K views02:30
Ашу / Түсініктеме