Get Mystery Box with random crypto!

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын | Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім жаман сөзден және жаман істен өзін тыймаса, оның тамақ пен сусыннан тыйылғанының Алла Тағала үшін ешбір қажеті жоқ», - деген.

Олай болса, хадис оразаның әсіл мақсаты асқазан және тән қалауынан тыйылу арқылы белгілі бір рухани деңгейге жетуді мұрат ету керектігін меңзеуде.

Осыған байланысты имам Ғазали:
«Білгенің жөн, оразаның үш деңгейі бар. Көпшіліктің оразасы (умум), ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус).

Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу.

Ерекше ораза – құлақ, көз, тіл, қол, аяқ және басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю.

Ал, арнайы ораза – жүректің оразасы, яғни жаман ой мен пікірден тұтастай тыйылып, толығымен Аллаға берілу», - деген екен.

Демек, оразаның сауабы, басқаша айтқанда деңгейі адамның Рамазанды қалай өткізгендігіне байланысты.

@muftyat_kz
#ғибратнама