Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 31

2021-05-27 14:25:00
Ақиқа берудің үкімі қандай?

#сұрақжауап

https://www.muftyat.kz/kk/qa/namaz/2021-05-27/36397-akika-berudin-ukimi-kandai/
1.5K views11:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 09:01:38
Алаш айтқан асыл сөз

«Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек керек. Аса сабыр керек. Білім мысқылдап кіреді. Білімді болу үшін көп сарғаю керек... Білім алудың жолы көп, жолдың ішіндегі ең төтесі – жақсы мектеп, білімді мұғалім, мұнан қалса, ел ішінде көпке түсінікті болып жазылған білім кітаптары»

Халел Досмұхамедұлы

@muftyat_kz
#алашапталығы
1.6K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 07:03:59
Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы қажылық маусымына дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялады.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-05-25/36371-saud-arabiia-biylgy-kazhylyk-talaptaryn-zhariialady-foto/
2.4K views04:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 19:59:21 ​​ Аффирмация латын тілінде «бекіту, растау» деген сөзге саяды. Яғни психологиялық тұрғыдан: «Мен бақыттымын, мен баймын, менің жан-дүнием сау, (жоқ болса да) менің алып үйім бар» деген сияқты сөздерді күнделікті бірнеше рет қайталау арқылы өзін-өзі сендіру, иландыру, санасында сол ойды орындалғандай етіп бекіту.

Аффирмацияны насихаттап жүрген өздерін психолог ретінде санайтындардың сөздеріне назар салсақ: «Аффирмация жұмыс жасау үшін оған толықтай 100% пайыз сену керек. Әр арман-мақсатың орындалғандай нақты сеніммен айтылуы шарт. Соған толықтай нанып, көп қайталаудың нәтижесінде ғана ол жұмыс жасайды1» - деп үйретеді.

Сонымен қатар, «Дінде жақсылық тілеу бар, жақсылықтардың барлығын бір Алла беретініне сенеміз» - дегендей шариғатпен байланыстырғылары да келеді.
Аффирмацияға 100% пайыз иланып, көп қайталаумен тілегі қабыл болады, оны дұрыс жасамасаң жұмыс жасамайды, тілектің орындалуын аффермациямен іске асты деу шариғаттың негіздеріне сай келмейді. Себебі Алланың қалауынсыз ешнәрсе жүзеге аспайды. Әрине себепті ұстанбау ақымақтық, бірақ сол себептің өзі бір нәрсені болдырады деп сену күпірлік. Сондықтан, әрбір ісімізде әуелі Аллаға сүйенуіміз керек.

Құранда Алла Тағала: «Қандайда бір іске бел бусаң, Аллаға сүйен! (тәубе ет!). Алла сөзсіз өзіне сүйенгендері жақсы көреді»2.

Басқа бір аятта: «Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана жәрдем тілейміз» 3 - деп бір Өзінен ғана тілеуімізге шақырған.

Әнас ибн Малик (р.а) жеткізген хадисте, пайғамбармыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):
«Сендердің бірлерің қажеттерін Раббысынан сұрасын, тіпті, үзіліп қалса, аяқ киімінің бауында Одан сұрасын» 4 деп, базарда толып тұрған баудың өзін Алладан ғана сұрауға шықырған. Олай болса неліктен шариғатымызда негізі жоқ, кеше ғана пайда болған тұжырымдарды қолданбақпыз?!

Құдси хадисте Алла Тағала:
«Кім менен сұраса, оған беремін...»5 - деген.

Жеңіс Әбибуллаұлы,
Қызылорда облысы бойынша пәтуаға жауапты маман

1 «Жұмыс жасайды» - деген сөзді, психологтар міндетті түрде орындалады деген мағынада қолданады.
2 «Әли Имран» сүресі, 159-аят.
3 «Фатиха» сүресі, 5-аят.
4 Табарани, 5/373.
5 Бұхари №1145, Мүслим №758.

@muftyat_kz
#сұрақжауап
795 views16:59
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 13:36:50
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден»

Әлихан Бөкейхан

@muftyat_kz
#алашапталығы
1.2K views10:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 19:27:54
Аффирмация жасау дұрыс па?

#сұрақжауап

https://www.muftyat.kz/kk/qa/akida/2021-05-24/36343-affirmatsiia-zhasau-durys-pa/
1.3K views16:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 11:48:10
Мүфтият тынысы. 17-23 мамыр

«Хикмет» студиясы

@muftyat_kz
#мүфтияттынысы
873 viewsedited  08:48
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 18:00:33
#ҚұранТыңдайық | «Адият» сүресі

«Хикмет» студиясы

#muftyatkz
1.2K views15:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 17:16:08 ​​ Расында, Құран оқу – бұл үлкен ғибадат, зікірдің ең жақсысы. Өйткені Құран оқумен бірге адамның иманы күшейеді. Оның сауабы соншалық көп, оны Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді.

Абдулла ибн Масғұдтан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, оған бір сауап (беріледі). Бір сауап он сауапқа тұрады. Әлиф, ләм, мимді бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм –бір әріп, мим – бір әріп», – деген (Тирмизи).

Фаруа ибн Нәуфәләл-Ашжағи (Алла оған разы болсын): «Мен Хаббаб ибн Араттың көршісі едім. Бірде мешіттен шыққанымызда ол менің қолымды ұстап: «Уа, Алланың құлы! Барынша Аллаға жақын бол! Әлбетте, сен Оған ешуақытта сөзінен (Құраннан) артық нәрсемен жақын бола алмайсың», – деді (Хаким).

Құран оқу тасбих, тахмид, тәһлил, такбир оқудан да жақсы. Құран оқудың артықшылығы Рамазан айында тағы бір дәлелденеді. Себебі ол Рамазан айында түсірілген. Дегенмен бірнеше адам бір немесе екі парадан бөліп алып, Құранды толық оқып шықса, оның сауабы бәріне бірдей жазыла ма? Яғни олардың бәрі Құранды толық оқып шыққан болып санала ма, әлде әркім өзінің оқыған көлемінде сауапқа ие бола ма?

Әдетте Құранды әркім жеке-жеке оқиды немесе біреуі оқып басқалары оны тыңдайды. Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ):

«Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Алланың кітабын оқыған және оны бір-біріне үйреткен қауымға тыныштық беріледі, рақым етіледі, оларды періштелер орап алады (қорғайды), Алла оларды Өзінің құзырындағы адамдардың ішінде еске алады», – деген (Мүслим).

Құран оқу үшін жиналу, бірігу – жақсы (сауапты) іс. Құран оқушыға да, оны тыңдаушыға да сауап жазылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оқитын әрі тыңдайтын. Алла Тағала: «Құранды мәнерлеп (анық) оқы» («Муззәммил» сүресі, 4-аят), «Оларға (оның) аяттары оқылғанда имандары бекиді һәм Раббыларына барынша тәуекел етеді» («Әнфәл» сүресі, 2-аят), – деді.

Демек, бірнеше адам бірігіп Құранды толық оқып шығу – сауапты іс, жақсы әдет. Ол хатым болып саналады. Бірақ әркім өзінің оқығанының сауабын алады. Себебі 30 адам бір күннен ораза ұстаса, олардың бәріне 30 күн оразаның сауабы жазылмайды. Сондай-ақ 20 адам екі ракағаттан намаз оқыса, бәрі 20 ракағат намаз оқыған болып саналмайды.

Сондықтан Құранды хатым етіп, оның сауабын алуды ниет еткен адам оны өзі толық оқып шығуы керек. Сонымен қатар бір адам немесе бірнеше адам Құранды толық оқып, оның сауабын марқұмға бағыштай алады.

Хасан АМАНҚҰЛ
«Мұнара» газеті, №8, 2021 жыл

@muftyat_kz
#сұрақжауап
1.5K views14:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 14:57:12
Баспанаға, бизнеске бағыт беріп, халыққа Dauletten есімімен кеңінен танылған журналист, кәсіпкер Дәулет Төлеутайұлының жаңа бастамалары «Ponchic» кафесі мен «Elorda onimderi» сауда белгісімен шығарылатын сүт өнімдері «QMDB halal» сертификатына ие болды.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-05-21/36317-ponchik-kafesi-elorda-onimderi-sut-onimderi-sertifikattaldy/
954 views11:57
Ашу / Түсініктеме