Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ
Telegram арнасының логотипі muftyat_kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Арна мекенжайы: @muftyat_kz
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.75K
Арнадан сипаттама

🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 27

2021-06-23 12:29:45
...Жақсылықтың келгенін түсінбей, бақыттың кеткенін түсініп, артынан сан соғып қалу – адамға тән мінездің бірі. Алла Тағала Құранда жақсылықтың қарымтасы жақсылық екенін ескертеді. Демек, жақсы амалдың соңы жақсылық әкеледі. Мәселен, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, садақа беру жамандықтың бетін қайтарады. Біз осы хадиске көп көңіл бөлуіміз керек.

Сұхбаттасқан Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

#мұнарагазеті

https://www.muftyat.kz/kk/articles/interview/2021-06-23/36755-zripbai-orazbai-kansha-gumyr-keshu-emes-kalai-omir-suru-manyzdy/
860 views09:29
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 20:45:23
Әл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді.
Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.

Құран Кәрімнің «Тәубә», «Хижр», «Ахқоф» және «Хашр» сүресінде кездеседі.

@muftyat_kz
#99көркемесім
952 views17:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 12:59:18 ​​ Елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Мақсаты – журналистермен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.
Еліміздің бас қаласында қызмет етіп жүрген баспасөз саласының 16 өкілі турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Топтық кезеңнен қара үзіп шыққан мықты өзара бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде жылдам әрі тартымды ойнаған «Қазақ радиосының» дикторы Мұхаммедәли Болатұлы қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал оған сәл ғана ұпайы жетпей қалған «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлы екінші орынды місе тұтса, үшінші орын «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Алмас Манапқа бұйырды.

Қалған бес қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді. Жеңімпаздарды марапаттаған ҚМДБ Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан турнирге қатысушыларға алғыстарын білдірді.

@muftyat_kz
#мұнарагазеті
1.3K views09:59
Ашу / Түсініктеме
2021-06-20 06:57:22
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: Қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында: «…Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық…» делінген.

Медицина – жауабы мен сауабы мол сала. Қасиетті Құранда айтылғандай, бір адамның өмір сүруіне себепші болған пенденің ізгі амалы бүкіл адамды өлімнен құтқарумен тең…

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-19/36716-bas-mufti-ak-khalatty-abzal-zhandarga-airyksha-algys-aitamyz/
1.6K views03:57
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 06:00:12
Бұл туралы бүгін Түркістан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-18/36704-bas-mufti-dini-baskarma-darhan-dala-zhobasyn-iske-kosty-foto/
1.7K views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 06:00:17
رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةًۚ إِنَّكَ أَنتَ الْوَهَّابُ


«Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқыта көрме! Бізге Өз тарапыңнан мейірім төккейсің! Шүбәсіз, Сен – Уәһһабсың (құлдарыңды мол сый-сияпатқа бөлеушісің)»

«Әли Имран» сүресі, 8-аят

Жұма мүбәрак болсын!

@muftyat_kz
925 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 20:00:37 Жәбірейіл (а.с.) періште бір күні былай деп тілепті:

–Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) деген Әбу Бәкірдің (р.а.) достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді…

…Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. Жәбірейіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден:

– Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (ﷺ) достығы үшін маған садақа тастаған адамның Алла тағала бар күнәсін кешірсін! - деп естірте дауыстай бастады. Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланбастан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да:

–Қане, тағы бір рет қайталашы? - деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады. Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда Әбу Бәкірде әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады. Сосын Біләлді (р.а.) шақыртып:

–Ей, Біләл! Айшаның үйіне барып маған бір киім әкел, — деді.

Біләл (р.а.) кетіп бара жатып жолшыбай Пайғамбарымызға (ﷺ) жолығып қалады. Алла елшісі (ﷺ)

–Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті бара жатқаныңды мен айтайын ба, әлде өзің айтасың ба?- деді. Біләл (р.а.) әдеп сақтап:

– Сіз айтыңыз,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған былай деді:

–Жол шетінде отырған соқыр, ол Жәбірейіл періште. Әбу Бәкірдің маған деген зор сүйіспеншілігі мен арамыздағы қыл өтпес достықтың қаншалықты адал екендігіне көз жеткізу үшін Алла тағаланың әмірімен осындай бейнеде келген.

Бұл кезде Әбу Бәкір (р.а.) Біләлді күтіп тұрды. Біләл Айшаның үйінен киім әкелді. Әбу Бәкір әкелген киімдерді киді.

Періште Жәбірейіл Расулаллаһтың (ﷺ) алдына келіп:

–Уа, Мұхаммед! Жәй ғана Әбу Бәкір Сыддықты бір сынамақшы болғаным болмаса, бұл киімдердің маған қажеті жоқ еді,- деп, Әбу Бәкір берген қымбат киімдердің бәрін қолына ұстатты.

...Жалғасын пікір алаңынан оқи аласыз

@muftyat_kz
#ғибратнама
418 views17:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 18:32:27
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-17/36695-bas-mufti-elordada-zhana-meshittin-kazygyn-kakty-foto/
668 views15:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-16 17:54:47
Ас-Сәламу – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.

أُولَـٰئِكَ يُجْزَوْنَ الْغُرْفَةَ بِمَا صَبَرُوا وَيُلَقَّوْنَ فِيهَا تَحِيَّةً وَسَلَامًا

«Міне, осынау игі жандар Аллаға құлшылық етіп, хақ жолды ұстауда сабырлылық пен табандылық танытқандары үшін жұмақтағы ең жоғарғы мәртебелермен марапатталады. (Періштелер) амандық-саулық тілеп, оларды ерекше қошеметпен қарсы алады»

«Фурқан» сүресі, 75-аят

@muftyat_kz
#99көркемесім
723 views14:54
Ашу / Түсініктеме
2021-06-15 11:36:52
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

#muftyatkz

https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-06-15/36662-kmdb-ikhsan-trbie-negizi-kitaby-zharyk-kordi-foto/
985 views08:36
Ашу / Түсініктеме