Get Mystery Box with random crypto!

Айналаңыздан тізімдегі достарыңыз табылып жатса өзіңізді жолы | Massaget TANYM

Айналаңыздан тізімдегі достарыңыз табылып жатса өзіңізді жолы болғыш жанмын деп есептей беріңіз

Дәрігер досыңыз

Медициналық көмектен бастап консультацияға дейін сіз үшін оңай әрі қолжетімді болар еді. Тіпті досыңыздың кеңесімен диагнозыңызды анықтауға мүмкіндігіңіз болады. Кем дегенде өзіңізге қажет мамандарды табу жеңілдейді.

IT маманы
Компьютеріңізбен қиындықтар болғанда қасыңыздан табылар досыңыз. Барлық мәселеңізді шешіп, қажет бағдарламарыңызды орнатып беріп қана қоймай, керек болса тіпті сайт жасауы да мүмкін.

Заңгер
Заң саласында қиындықтар туғанда бұдан хабары бар заңгер досыңыз көмекке келері сөзсіз.

Риелтор
Қаншама уақытыңызды, жүйкеңізді зая кетіріп әуре болмайсыз. Риелтор досыңыздан үй мәселелерін реттеуді сұрасаңыз жетіп жатыр. Мәселеңіз бір коңыраудан-ақ шешіледі.

Аспаз
Аспазбен дос болу – бәрінің арманы. Тағамның түр түрімен сізді таңғалтудан жалықпайтыны анық. Кейде құпия рецептімен бөлісер еді.

Фитнес тренері
Дене сымбатыңызды қалай қалыпқа келтіремін деп бас қатырмайсыз. Жаттығу залы сіздің екінші үйіңізге айналып, досыңызден еш қысылмастан ақыл-кеңес сұрай аласыз.

Турагент
Досыңыз тұрғанда сенімді турагенттік іздеп әуреленбейсіз. Тек қаласаңыз болғаны, досыңыз әлем бойынша саяхат жасауға есік ашып беретіні анық.

Психолог
Психолог досыңыз болса, ол тек дос ретінде ғана емес, кәсіби маман ретінде кеңес беретініне күмәніңіз болмасын.