Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2022-08-03 13:16:00
Қазақстан мен Ресей экономикалық тұрғыдан одақтас, әскери негізде бір ұйымда, ал саяси тұрғыдан серіктес.

Екі елді тек қана ресми байланыстардан бөлек жеті мың шақырым шекара, Ресейдегі миллион қазақ пен Қазақстандағы екі жарым миллион орыс, КСРО құрамындағы ортақ тарих пен өзге де байланыстырушы факторлар біріктіреді.

Алайда сол біріктіруші факторларды екі ел арасындағы достықты дамытушы сипатта қолданудың орнына, Кремль қысым жасаушы рычаг ретінде пайдалануды көздейді. Мысалы ортақ шекараны ресми мойындап, бірақ бейресми “біздің тарихи жеріміз” деген сандырақты айтады.
61 viewsTorgyn Abushakhman, 10:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 13:42:41
Одна из рискованных с точки зрения введения бизнеса является строительная отрасль. И в этой отрасли были и есть свои «омуты», которые «засасывают» и строителей, и дольщиков, и ипотечников, и покупателей.

Сколько было случаев, когда участники долевого строительства оставались без жилья и денег, в тяжелое положение попадали и теряли квартиры ипотечники, не сумевшие по разным причинам выплатить кабальную ипотеку, немало случаев отъема жилья по решению суда и т.д.

«Vesnovka» и «UshQonyr»: ловкость рук и никакого мошенничества
В этом плане – характерный случай при строительстве жилищного комплекса «Vesnovka» в городе Алматы. О проблемах с этим ЖК в СМИ есть информация.

Продолжение: https://kznews.kz/zhanalyqtar/zhk-vesnovka-i-zhk-ushqonyr-lovkost-ruk-i-nikakogo-moshennichestva/
145 viewsSaq Qulaq, 10:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 11:46:36
Қашағаннан Қазақстанға пайда түсе бастау үшін оның жылдық мұнай өндіру көлемі 3 миллиард баррельден асу тиіс. Бірақ шетелдік компаниядан құралған консорциум – NCOC бұл межеге жетуге асықпай отыр. Себебі, ол шетелдіктерге тиімсіз. Ал қазір біздің Қашағаннан алып отырған үлесіміз небары 2 пайыз ғана деп хабарлайды NEGE.KZ

Инвесторлар Қашағанды асықпай, 2060 жылға дейін игермек. Олардың қазіргі қарқынына қарап, Қазақстанның аталған кен орнынан тек 2037 жылы ғана дивиденд түсіре алатынын топшылауға болады.

«Бұл кен орнындағы өндірісті айтарлықтай ұлғайту үшін қажет ірі инвестицияларды кейінге қалдыру», — деп жазады, EnergyNavigator. Инвесторлардың көзқарасы бойынша бұл тәсіл өте қисынды болып көрінеді, өйткені олар осылайша жобадан ұзақ уақыт бойы қаржы алып отырмақ.
145 viewsTorgyn Abushakhman, 08:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:03:04 Әнші Нұрболат Абдуллин желіде сәуір айында берген концертінен үзінді жариялап, елді жылатты. Онда өнер иесінің марқұм әкесіне ән арнап, сахнада көз жасына ерік бергенін көруге болады, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Нұрболат Абдуллин өз ән кешінде орын алған әсерлі сәттің видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлдызы көпшілік алдында әкесіне ән арнап, көз жасын тыя алмаған. «Көңілім босаған сәт. Алғашқы шығармашылық кешімде анам әкеме сүйеніп отырғанына баладай куә боп ән салған едім. Бұл жолы анамның өзін ғана көргенде әкемді жан дүниеммен іздеп кеткенім рас. Сағыныш кеудеге сыймай көмейімдегі үнімнің шығуына сәл кедергі болғанын келген көрерменде сезіп, әр сәт сайын қолдау білдіріп отырды. Бұл құрметтеріңізден өзімді тез жинап алуға тырыстым. Жақындарыңызды жақсы көріп үлгеріңіздер! Рахмет, Әке!», — деп жазды ол. Желі қолданушылары өнер иесі қолдау білдіріп, өз жылы лебізін жеткізді. «Сынба, мойыма, басыңды тік ұста, Алланың көзі түзу болсын», «Ең әлсіз жерім әке еді, жылаттың-ау, талантты інім», «Көңілім қатты босап кетті. Әкелеріміз аман болсын. Анаңыз аман болсын», «Аты мен ақылына мұрагерсің», «Жарайсың, сендей баламен мақтан тұтады», «Әкесінің мақтанышы», «Құдай қуат берсін», » Өзіңдей алтын ұлды тәрбиелеген әкеңнің жаны жәннаттық болсын!», – деп жазды желі қолданушылары.
147 viewsTorgyn Abushakhman, 07:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:02:42
137 viewsTorgyn Abushakhman, 07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 09:59:48
Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова желіде жаңа видеоны бөлісіп, қалың көпшілікке өз күйеуін көрсетті. Ерлі-зайыптының бейнежазбасы бірден елдің қызу талқысына түскен, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Жеңіс Ысқақова көпшілік қызығушылығын тудырған видеоны Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда әншінің күйеуімен мерекелік шараға қатысқанын көруге болады. Ерлі-зайыпты қызыл кілеммен жүріп өтіп, ел назарын өздеріне аударды. Желі қолданушылары әртістің күйеуін алғаш көргендерін жазып, оларға өз жылы лебізін білдірді. «Әдемі жұп, сымбатты күйеу. Жарасып тұрсыздар, бақытты отбасы эталоны», «Жолдасы жас көрінеді екен», «Сымбатты кісі екен жолдасы», «Күйеуіңізді бірінші рет көріп тұрмыз», «Күйеуіңіз жас екен», «Қандай әдемісіздер», «Жездеміз сымбатты азамат екен», – деп тамсанды оқырмандар.
144 viewsTorgyn Abushakhman, 06:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 09:58:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды kznews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.
138 viewsTorgyn Abushakhman, 06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:36:19
2020 жылы оның компаниясы «Шахтер» командасына қаржылай қолдау көрсетті

Бизнесмен Тимур Турлов Алматының «Қайрат» футбол клубын сатып алуы мүмкін.

Бұл туралы Ресейдің sport.ru порталы хабарлады.

Ол «Freedom Holding Corp» корпорациясының негізін қалаған кәсіпкер. Қазір осы компанияны басқарады.

Биыл бизнесмен Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстанның азаматтығын алған соң, мамыр айында еліміздің ең ауқатты 50 кәсіпкерінің қатарына қосылды.

2020 жылы «Freedom Holding Corp» Қарағандының «Шахтер» командасына қаржылай қолдау көрсетті. Содан кейін «Super Bol» жобасының демеушісі болды.

Енді Турлов істі болып отырған «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаевтың орнына клубты сатып алуы мүмкін деген дерек бар
161 viewsTorgyn Abushakhman, 08:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:35:32
Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кетті. Бұл туралы округ әкімі полицияға хабарлады.

«31 шілдеде кешкі сағат 21:30 шамасында Махамбет ауданына қарасты Ортақшыл ауылында  Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзенінде шомылып жүргенде суға кетті», — делінген ақпаратта.

Аудан әкімінің денесі әлі табылған жоқ.

Атырау облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамның суға кеткені туралы 22:38-да хабарланды. Оқиға орнына облыстың жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен техникасы жіберілді. Сондай-ақ оқиға орнына Махамбет ауданы төтенше жағдай бөлімінің бастығы барды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
162 viewsTorgyn Abushakhman, 08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 20:45:03 Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 шілдеде сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді.
Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Оразбайдың асылып тұрғанын көреді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомсвто мәліметінше, автопарктің кезекші қызметі Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Сол жерде Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растаған.

Қатардағы Оразбай 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі Н.А.Оразбайдың ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

https://t.me/adyrnaportal
30 viewsTorgyn Abushakhman, 17:45
Ашу / Түсініктеме