Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 4

2022-08-29 09:11:43
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев өмірден озды. Қаралы хабарды қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі , қайталанбас талант иесі, Церетели атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Тілеуберді Бинаш мәңгілік мекеніне жол тартыпты. Ол — 18 жасында күш атасы Қажымұқанның мүсінін жасап, Одақ көлемінде танылып , жарқ етіп, жұлдыз атанған мүсінші. Өмірінің соңғы жылдары Дінмұхахамед Қонаев, Шәмші Қалдаяқов, Өзбекәлі Жәнібеков, тағы да басқа қазақ батырларының тұлғасын сомдаған ерекше өнер иесі.... Асықты, бірақ артынан мәңгі өшпес мұра тастап кетті!»—деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

https://t.me/adyrnaportal
158 viewsTorgyn Abushakhman, 06:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:11:22
Алғашқы некесі сәтсіз аяқталғаннан кейін, екі баламен жалғыз қалған Жанель оларды аяққа тұрғызуды ойлайды. Жеті жыл үйде отырып қалғандықтан, бар ойы – жұмысқа тұрып, перзенттеріне жарқын болашақ сыйлау.
«Екінші рет тұрмыс құрамын, оның үстіне өзімнен 8 жас кіші жігітке шығамын» деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Дегенмен Жанель іштей тілеп, іздеген азаматын тапқанын сенімді түрде мәлімдеді.
Бұл туралы kznews.kz сайты stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Актер Абай Асылхан жары Жанель Мақажаннан 8 жасқа кіші. Екеуі танысқанда Жанель екі балалы актриса болса, Абай – қарапайым студент.
«Мен Әуезов театрында жұмыс істеп жүрдім. Ал ол астанадан Алматыға келіп, екеуміз бір рет суретке түстік. Бір жылдан кейін бір концертті бірге жүргіздік. Әрі қарай таныстығымыз жалғасып, Instagram желісінде бір-бірімізді оқи бастадық.
159 viewsTorgyn Abushakhman, 06:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:09:13 Осы фактілерді алға тарта отырып, құзырлы органдар мен мемлекет басшысынан қамаудағы Кәрім Мәсімовтің үкімет пен ҰҚК басқарған кезіндегі экстремизм-терроризмге қарсы кешенді күрес бағдарламасына жұмсалған,яғни халықтың қыруар ақшасының есебін беруін талап етемін!», – деп жазды Тұрарбек Құсайынұлы.
155 viewsTorgyn Abushakhman, 06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:08:44 Атап айтқанда нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, Дін істері комитеті теріс қорытынды берген діни әдебиеттерді ҚР аумағында таратуға тиым салған.

Сонымен қатар, бүгінде салафизмді қоса алғанда, дәстүрлі емес идеологияны насихаттайтын еліміздің өңірлеріндегі барлық діни өнімдердің жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде деген Дін істері комитеті сәләфизмді ашық насихаттаған Нұрсұлтан Назарбаев пен оның әулетіне келгенде неге тым-тырыс һәм үнсіздік танытады?!

Әлде бұдан шығатын қорытынды монархиялық сәләфизмді аңсаған Назарбаев пен оның әулеті және сол саяси жобаны жүзеге асырғысы келген Кәрім Мәсімов,Қайрат Сатыбалды,Бекболат Тілеухан,Мұхамеджан Тазабек сияқтылар діни экстремизмге қарсы бағытталған 300 миллиардтан астам халықтың ақшасын,өз бидайын өзіне қуырып,яғни ортағасырлық араби-парсы идеологияны қазақтың санасына тықпалау мен шырмауға жұмсаған ба?!

Бұл деген кәдуілгі қасқырға қой бақтыру емес пе?!
157 viewsTorgyn Abushakhman, 06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:08:02 Соның нәтижесінде Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен уахаби Эльмир Кулиевтің 10-мың данадан астам сәләфилік сарындағы «Тафсир Саади» кітабы ҚМДБ мешіттеріне тегін таратылды. http://www.gorodpavlodar.kz/News_1013_4.html

Сол сәләфилік бағыттағы Назарбаевтың қазақты арабтандыру мақсатындағы сыйлық Һәм тегін кітабын оқыған ҚР азаматы Абылайхан Шалимбаев көп жылдарға сотталып кетті. https://rus.azattyq.org/a/delo-ablaykhana-chalimbaeva-kniga-bez-zapreta/28811186.html

Ең парадоксті жәйт ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті арнайы діни сараптама жасап,сәләфи Эльмир Кулиевтің аталмыш «Тафсир Саади»кітабына теріс қорытынды берген.
160 viewsTorgyn Abushakhman, 06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:07:41 Ал енді Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетіне жетекшілік еткен,яғни 2019-2021 жылдар аралығында экстремизм мен терроризмге қарсы 100 миллиардтан астам қаржы бөлінді.
Мысалы Түркиядағы Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деп айып тағылған Кәрім Мәсімовтің саясаткер ретінде ерекше қасиетін бағалап, жер-көкке сыйғызбай мақтады:
«Ол өте терең саясаткер. Сенің агрессияңа агрессиямен жауап беру жоқ. Құдай сақтасын, кездескен жерде жорғалап алдыңа түсіп алады, күлімдеп шығарып салады. Өте терең саясаткер адам. Біздің қазақтың арасында сондай адам бар ма, жоқ па білмеймін», – деген Бекболат Тілеухан өзі патронаж жасайтын «Әл-Баракат» ислами қоры арқылы, ұмытпасам 2007-шы жылы атақты азербайжандық сәләфи идеологы Эльмир Кулиевті Қазақстанға арнайы шақырып премьер-министр Кәрім Мәсімовпен таныстырған-ды.
166 viewsTorgyn Abushakhman, 06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:07:23
Діни радикалдармен күреске арналған 200 млрд теңге қайда кетті?
Дінтанушы Тұрарбек Құсайынұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты оның жазбасына сілтеме жасап.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен ҚР Бас прокуратурасының назарына!

Қазақстанда діни экстремизм және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2013-2017 жылдар аралығында 200 млрд.теңге жұмсалған екен.

Ол уақытта Кәрім Мәсімов премьер-министр еді.
172 viewsTorgyn Abushakhman, 06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 13:52:21 Жалақысы төмен және бонустары мен сыйақылары жоқ шенеунік сапалы жұмыс жасауға талпынбайды. Ол өз бизнесін байланыстар арқылы дамытуды көздейді. Әдетте, шенеуніктің жұмыс істеуге деген құлшынысы алты айға дейін жоғары болады. Кейін жаңа кадрлар жоқ екенін және кадрлардың сапасы төмендейтінін ескере отырып, деградация жүреді.

3. Сапалы тәуекелдер. Әрине, уақыт өте келе, төмен жалақы сапалы кадрларды мемлекеттік органдарға баруға деген ниетін жояды. Жас мамандар жеке секторларда жұмыс істеп, шенеуніктер арам ойға кетеді.

4. Жауапкершілік тәуекелі. Қабылданған шешімдер мен жауапкершілік үшін жақсы жалақы төленуі керек. Егер шенеуніктің жалақысы төмен болса, ол бар қиындықты басқаларға жүктеп, жұмысына деген қызығушылығы төмендейді.
203 viewsTorgyn Abushakhman, 10:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 13:51:53
Шенеуніктер мен квазимемлекеттік сектор басшыларының жалақысы туралы түрлі мақалалар жиі жарияланады.

Әкімнің, Министрдің немесе ұлттық компания басшысының, шенеуніктердің 2-3 млн теңгені құрайтын жалақысы біз үшін тым көп болып көрінеді. Сол үшін сынға аламыз. Меніңше, бұл өте аз. Неге?

Мен оның себебін түсіндіріп көрейін. Кеңес Одағының кезінен бастап біз биліктегілердің жоғары жалақы алғанын қаламаймыз. Өкінішке орай, мұндай перспективаның салдары жақсы болмайды.

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Әр адам тәуекел мен кірісті бағалайды. Ұзақ мерзімді табыс пен тұрақтылықты жоғалту жұмысынан айырылу мен қылмыстық қудалауға ұшыратады. Алайда жоғары жалақы олардың өзіне деген сенімділігін арттырады. Ал еңбекақының төмен болуы жемқорлыққа әкеп соғуы мүмкін. Оларды азайту үшін шенеуніктің тұрақтылығы мен табысын сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда жоғары бағалайтындай етіп көбейту керек.

2. Мотивациялық тәуекелдер.
200 viewsTorgyn Abushakhman, 10:51
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 12:58:36
Келесі айдың ортасында Самарқанда өтетін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының кезекті саммитіне мүше және бақылаушы елдердің басшылары түгел қатысады

https://t.me/ulys1
191 viewsTorgyn Abushakhman, 09:58
Ашу / Түсініктеме