Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 9

2022-07-26 17:08:00
Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап-сау! — Арман Шораев
«Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап-сау». Бұл пікірді белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Арман Шораев Adyrna.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Болат Назарбаев ешқандай аурумен, ешқандай қатерлі ісікпен ауырып жатқан жоқ. Бұның бәрі далбаса! Жалған спектакль! Постановка! Біздің халқымыз кешірімді болғандықтан олар өздерінің арам пиғылдарын іске асырып, «бізді аясын» деп осылай жасап отыр. Болат та, оның балалары да мыңдаған қазақтардың көз жасы мен обалына қалғандарын біледі. Олар осындай амал-айламен өздерін жауапкершіліктен аман алып қалғысы келеді. Болат Назарбаев осыдан 7 ай бұрын Қанды Қаңтар кезінде елден қашып, өз аяғымен Қырғызстанның шекарасына өткен. Иә дәл сол баяғы қарны шартиған, 1 кг салмағын да түсірмеген Болат Назарбаев. Мен де дәл солай мүгедектердің арбасына отырып, қолыма планшет алып, өтірік сөйлей алмайтындай бірнәрсені жазып отыра алам. Сондықтан Болат Назарбаев ешқандай да ауру емес, сап- сау!"
155 viewsTorgyn Abushakhman, 14:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:55:10
Актриса Дариға Бадықова бүгінде отандық бағдарламаларға көңілі толмай жүргенін ашық айтты. Өнер иесі шығармашылығында болып жатқан жаңалықтарын қайда бөлісерін білмей қалғанын жеткізді, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Дариға Бадықова бағдарламаларға қатысып, ауқымды сұхбат бергісі келетінін алға тартты. Алайда актриса қазіргі уақытта көңілінен шығып жатқан бағдарлама таба алар емес. Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасында айтты. «Қайда барарымды білмеймін. Осы қара көйлекті бәрі ұнатып жатыр. Енді осыны киіп баратын күшті бір шоу программа болса ғой! Тек шоуды жүргізе алатын әзілі мықты жүргізуші болса.⠀ Келген қонаққа қазан ошақтың төңірегінде сұрақ қоймай, өсек-аяңды сұрап кетпей, шоуға сай, ішкі еркіндігі бар, қонақтың мамандығы бойынша, сұрақтың астаң-кестеңін шығарып, күлкіге толы астарлы әзілдермен, сұрақ қоя алатын, бір бағдарлама болса шіркін ай! Бізде бағдарламалар бар ғой дерсіз, бірақ жүргізушілердің ішкі еркіндікі жоқ, қатып қалған ауырлық сезіледі.
162 viewsTorgyn Abushakhman, 13:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:16:01
«Барселонаның» бас бапкері Хави клуб басшылығынан аргентиналық Лионель Мессимен жаңа келісімшарт жасауды сұрады.

Ол Месси оралса, клубқа экономикалық және спорттық тұрғыдан үлкен үлес болатынын айтты.

Осылайша, маман каталондықтардың президенті Жоан Лапортадан ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғанда Мессиді қайтарып алуын сұраған екен. 

https://t.me/adyrnaportal
186 viewsTorgyn Abushakhman, 09:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:15:39
Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаев Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды

https://t.me/ulys1
181 viewsTorgyn Abushakhman, 09:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:14:32
ҚР Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров желіде Тимур Құлыбаевқа қатысты жазба қалдырды.
– Тимур Кулибаевқа тиесілі деп аталатын «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты.
«Түйені түгімен жұтып», енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады.
Бұл мәселе бойынша, мәміленің заңдылығы мәселесімен құзырлы органдар айналысуы тиіс деп есептеймін, – Ерлан Саиров.
https://kznews.kz/zhanalyqtar/deputat-erlan-sairov-qulybaevtyn-qazaqstandyq-kasiporyndardy-resejge-satyp-zhatqanyn-ashkereledi/
167 viewsTorgyn Abushakhman, 09:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:00:07
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі парақшасына белгісіз адамдардың шабуыл жасағанын мәлімдеді.

– Соңғы бірнеше апта қатарынан ресми аккаунттарды бұзу және жалған аккаунттарды құру жағдайлары жалғасуда. Зиянкестердің құрбандарының арасында көптеген танымал тұлғалар – бизнесмендер, блогерлер, қоғам қайраткерлері және тағы басқалар бар. Өкінішке қарай, менің атымнан Telegram-дағы достарым мен таныстарыма қаржылық мәселе бойынша түрлі жалған өтініштер түсе бастады. Баршаңызды бұл жалған ақпарат екенін хабарлаймын, – деп ескертті Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды.
169 viewsTorgyn Abushakhman, 09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 10:53:35
ҚР Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров желіде Тимур Құлыбаевқа қатысты жазба қалдырды.

– Тимур Кулибаевқа тиесілі деп аталатын «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты.

«Түйені түгімен жұтып», енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады.

Бұл мәселе бойынша, мәміленің заңдылығы мәселесімен құзырлы органдар айналысуы тиіс деп есептеймін, – Ерлан Саиров.
177 viewsTorgyn Abushakhman, 07:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 21:32:59
Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерінің фотосы жарияланды

Бұл мәліметті «Демпартия» белсендісі Абзал Достияров өз facebook парақшасына жариялады деп хабарлайды kznews.kz тілшісі:

Шұғыл !!!
Дәурен Достияр ды азаптаған полициялардың бірінің аты-жөні,бет-бейнесі белгілі болды!

Мына адамның аты-жөні Аян Елеубеков.
Осыдан тура 1 жыл бұрын Алматы Полиция Департаментінің астындағы Уақытшы Ұстау Изоляторында қамауда отырдым,мына Аян Елеубеков деген кезекші бөлім бастығы сол мен қамауда отырған 20 тәулік...


https://kznews.kz/zhanalyqtar/qantar-oqigasynda-ustalgandardy-azaptagan-policija-qyzmetkerinin-fotosy-zharijalandy/
29 viewsTorgyn Abushakhman, 18:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 14:51:24
"Адырна" тілшісі түрколог ғалым Напил Базылханмен сұхбаттасты.

“ҚХР-да ежелгі заманнан бері түріктер, моңғолдар, манжұрлар, тұңғыстар, тибеттер, таңғыттар, сөңгүттер секілді көптеген далалық көшпелі әрі отырықшы халықтар мекендеген. Әсіресе, әсіресе түрік қағандығы дәуіріне қатысты түрік бітік жазулы ескерткіштер, тасмүсіндер, қорғандар, қалалар секілді көптеген мұра бар. Шығыс Түрікстан аумағында ұшан теңіз ескерткіштер шоғырланған.

Қазақ хандығының Абылай хан бастаған хандардың, билердің, батырлардың, ру-тайпалық құрылымдардың алуан түрлі мазмұнды қазақша, ойратша, манжұрша дипломатиялық қарым-қатынастарға байланысты түпнұсқалары, аудармалары, баяндамалары, рапорттары сияқты жазба құжаттары Қытайдың Бірінші архивінде сақтаулы. Көпшілігі манжұр тілінде манжұр жазуымен жазылғандар. Олардың факсимилесі 2 том басылым болып Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Қытайдың Бірінші архиві тарапынан жарыққа шыққан”,— дейді ол.

Толық нұсқа: https://adyrna.kz/post/122250

https://t.me/adyrnaportal
99 viewsTorgyn Abushakhman, 11:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 10:06:17
Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері келіссөз жүргізді

Қазақстан Президентінің айтуынша, Мемлекет басшысы ретінде Сауд Арабиясына алғаш рет келгендіктен, бұл сапардың маңызы зор.
134 viewsTorgyn Abushakhman, 07:06
Ашу / Түсініктеме