Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 8

2022-07-28 12:30:14
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ӨЗГЕ ЗАҢДАРДАН ЖОҒАРЫ ЗАҢДЫҚ КҮШІ ҚАЙДА?!.

Өзбекстаннан атамекенге оралған қандасымыз Талғат Ахметовтың жағдайына оқырман назарын аударамыз. Мемлекеттік тіл үшін табандылық танытып жүрген қандастың мәселесіне көңіл аударған Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса “Талғат Ахметовтың талабы дұрыс! Конституция бойынша Мемлекеттік тіл — қазақ тілі болғандықтан, Мемлекеттік тілде жазылған Жарғыны тіркеу керек әділет органдары! Екінші тіл — Ресей тілінде де жазуды талап ету заңсыздық!

Конституцияның өзге заңдардан жоғары заңдық күші қайда?”- деп жазды әлеуметтік желіде.

Өзбекстаннан атамекенге оралған қандасымыз Талғат Ахметовтың Мемлекеттік тілдің мүддесі үшін күресіп жүргені туралы баспасөзде талайдан бері жазылып келеді. Бұл туралы бүгін журналист Нәзира Жарымбетова фейсбук парақшасында жариялады.

https://kznews.kz/zhanalyqtar/qandasymyz-qazaq-tili-ushin-sottasyp-zhur/
68 viewsTorgyn Abushakhman, 09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:28:20
АҚШ-тың Экс-президенті Дональд Трамп CNN телеарнасына қарсы сотқа арыз жіберетінін айтты. Трамптың айтуынша, бұл БАҚ ол туралы «жалған» ақпараттарын үнемі таратып отырады, — деп Kzntws.kz жаңалықтар порталы www.mk.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы президенттің адвокаттары телекомпанияның басшылығымен байланысып, жарияланымдарды жоюға немесе түзетуге, сондай-ақ олар үшін кешірім сұрауға шақырды.

«Біз CNN-ге олардың мені жүйелі түрде қорлайтын мәлімдемелеріне байланысты сот ісін бастау ниеті туралы хабарладық. Мұндай маған жала жапқан және 2020 жылғы сайлау науқанында АҚШ азаматтарын адастырған басқа БАҚ-қа да қолданылады», — деді Трамп.
70 viewsTorgyn Abushakhman, 09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:13:59
Бұл туралы Kznews.kz медиа порталы хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова немерелерінің орысша сөйлейтіні үшін, келіндерін кінәлады. Әлеуметтік желіде немерелерінің орысша сөйлеген видеосын жүктеген продюсер оқырмандарынан сөз естіді.
«Неге қазақша сөйлетпейді», – деген оқырманына продюсер былай деп жауап берді.
«Біз ұлдарымызды солай тәрбиеледік. Елден қаншама сөз, мысқылдар естідік кезінде Қайрат орысша сөйлемейді, сөйлей де алмайды деген. Бірақ өз тіліңнен ұялма, басқа тілмен шүлдірлегендер өз тілін білмегеніне өздері ұялсын деп ескертіп отырдық.Ал, енді немерелердің жанында бола бермейміз, оның үстіне келіндер өз анасымыз өзіміз туып алғанбыз, өзіміз білеміз дейтін шығар, ия деп қояды да өз білгендерін жасайды ғой. Әрине, сын айтылған сайын жерге кіретін біздер, бастарына тиген күні түсінер», – деп жауап берді.
https://kznews.kz/zhanalyqtar/gulzira-ajdarbekova-kelinderi-zhajly-bar-shyndyqty-ajtyp-zhan-syryn-aqtardy/
110 viewsTorgyn Abushakhman, edited  06:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:10:58 Қысқасы, бірінші топтың жинап алғандарын екінші топ ұстап алып, оны қайта бөліске салуы әбден мүмкін. Заңсыздық болған жерде бұл міндетті түрде орын алады”, - дейді Дос Көшім.

https://t.me/adyrnaportal
95 viewsTorgyn Abushakhman, 06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:10:58 “Әр түрлі жолмен жинаған қаржыларын, байлықтарын “өз еріктерімен қайтарып жатыр” дегенге мен сенбеймін. Оған ешкім де сенбейтін шығар. Демек, оларға белгілі бір деңгейде әсер етті. Қолдарын қайырды ма? Келісімге келді ме? Ал бұл демократиялық қоғамда болмайтын жағдай. Егер олардың сол алған байлықтарының заңсыз екені анықталатын болса, ол сот арқылы қайтарылады. Сот оларға “осыншама ақшаны ұрладың” деп алдарына белгілі бір мәселе қояды. Егер олар соның белгілі бір бөлігін қайтарса, мүмкін жазасы жеңілденетін шығар. Бірақ, мысалы Қайрат Сатыбалды “Қазтелекомның” 28,8% пайызын өзі қайтарды дегенде мен өз басым сенбеймін”,- дейді Дос Көшім.

Саясаткердің айтуынша, бұл жерде құқықтық мемлекетке “сай емес” мәселелер жүріп жатыр.

“Мүмкін олар өздерінің заңсыз алған байлықтарының 10% пайызын ғана қайтарып, қалғанын өзімен бірге алып кету жөнінде келісім жасалды ма? Ондай да сөздер бар. Сот жүйесі арқылы барлығы халыққа, қоғамға белгілі болатындай, осылардың бәрі шешілуі керек. “Қанша ұрланды? Қанша мәселенің ұрланғаны шешілді?” т.б. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе - тек қана экс-президент Назарбаевтың туған-туысқандары, жақындары, қыздары, күйеу балалары Қазақстанды тонады. Тек солар ғана қылмыскер. Басқа бәріміз сүттен ақ, судан тазамыз” дегенге мен ешқашан сенбеймін. Себебі, бұл жүйе осылай халықтың ақшасын тонауға арналып құрылған. Жүйе бұзылған жоқ. Сол жүйенің бір топ адамын - Назарбаевқа жақын адамдарын мемлекет және билік ұстап беріп, соларға қысым жасап, солар қайтарып жатыр деп басқаларының бәрі құтылып кете ма? деген қорқыныш бар…",- дейді қоғам қайраткері.

Дос Көшімнің айтуынша, бұл жүйені пайдаланған тек қана Назарбаевтың туысқандары деп ешкімді сендіре алмайсыңдар…

“Осы жердегі олигархтардың ешқайсысы кетпенімен бақшаны шауып, оған қауын пісіріп, күндіз-түні күннің астында жүрген жоқ сияқты… Тек қана бір отбасын беріп, басқаларда ешнәрсе жоқ сияқты көру - дәл қазір "осындай жағдай" болып жатыр. Бұл өте қауіпті құбылыс. Тек соларды ұстап беріп, басқаларын жасырып қалатын сияқты күдік қалдырады…Үшінші мәселе -  тұтқындалған адам дейміз бе, қылмысы дәлелденген адам дейміз бе… Немесе билік оның қолын қайырған дейміз бе… Өздерінің бірнәрселерін беріп жатыр дейік, иә. Ана жақтан 3 млн тапты, мына жақтан 20 млн тапты. Жапониядан қайтарылды. Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарылды деген мәселелер көбейіп жатыр. Көптеген жерде "рейдерлік тәсілменен" басқаларының бизнесін басып алды дейді.  Енді осылардың бәрін жасаған уақытта олар жалғыз өздері жасаған жоқ қой. Осы жерде міндетті түрде мемлекет қызметкерлері, сот жүйесі көместесті. Осылардың барлығын неге тексермейді?", - дейді Дос Көшім.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, Назарбаев әулеті сол байлықты жинаған уақытта қаншама заңсыздықтар орын алғаны сөзсіз.

"Сол Заңды жасаған Парламент депутаттары жауап беруі керек. Бізде байлық пен билікті біріктіретін жүйе құрылды. Сол жүйені құрып, осындай заңдарды дайындап шығарған осы біздің Парламент депутаттары. Рейдерлік кезінде біреудің бизнесін басып алып, тонағандардың бәрі - сот жүйесінің көмегіне сүйенгені айдан анық. Ол сот жүйесін неге анықтамаймыз? Қысқасы, ешқандай тексеру жоқ. Қоғам ешнәрсе білмейді. Біз тек қана ең соңғы нүктесін ғана көріп жатырмыз. “Мынадай нәрсені қайтарыпты, мына нәрсені қазір алып жатыр, бұл Үкіметке өтіп жатыр” деген мәселе… Ол әрине қоғамда сан түрлі пікір туғызады. Бұл билікке деген сенімсіздікті ұлғайта түседі. Иә бір жағынан “Ой Назарбаевтың туысқандарын құстырып жатырмыз. Алып жатырмыз” деп қуанатын шығар. Бірақ, демократиялық елде олай құстырмайды ғой… Демократия дегеніміз - оның бәрі де ашық болады. Оның бәрі заңды болады. Мен осы ашықтық пен заңдылықты көріп отырған жоқпын. Тек соңғы нүктесі "қайтарылған мәселені" көріп отырмын. Сол қайтарылған ақшалар қайда кетеді? Менің ойымша, бұл екі түрлі жағдайға жұмсалады. Біріншісі - конфискация. Егер мемлекет шын мәнінде заңды түрде конфискация жасаса, ол қазынаға құйылады. Ал егер оның алғанының бәрін қайда кеткенін білмейтін болсақ, бұл онда бір жемқорды екінші жемқордың тонауы болады.
98 viewsTorgyn Abushakhman, 06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:10:57
Дос Көшім: Тек Назарбаевтарды ұстап беріп, басқаларын жасырып қалмайық!

"Тек Назарбаевтың туған-туысқандары, жақындары, қыздары, күйеу
балалары Қазақстанды тонады. Тек солар ғана қылмыскер. Басқа бәріміз сүттен ақ, судан тазамыз” дегенге мен ешқашан сенбеймін. Тонағандардың бәрі - мемлекет қызметкерлерінің, сот жүйесінің көмегіне сүйенгені айдан анық. Байлық пен билікті біріктірген жүйе құрып, осы заңды шығарған Парламент депутаттары жауап беруі керек. Осылардың барлығын неге тексермейді?". Бұл пікірді белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Дос Көшім Adyrna.kz ұлттық порталының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

97 viewsTorgyn Abushakhman, 06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 19:58:56
Қазақстандық актриса әрі блогер Айжан Байзақова мен оның бауыры Әлихан жол апатына түсті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бұл туралы Айжан Байзақова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Актрисаның айтуынша, олар ес-түссіз жатқан адамға көмектесу үшін көлікті тоқтатқан. «Біз адамға көмектесу үшін тоқтадық. Оның жүрегі ауырып, өзін жайсыз сезінді. Соңында ол газды басып жіберді, өйткені өзін нашар сезінді, осылайша біздің көлігімізді де соқты», — деп түсіндірді Байзақова. Блогер жол-көлік оқиғасының видеосын жариялады. Кадрдан Байзақованың «Гелендваген» көлігінің алдыңғы есігінің соғылғанын байқау қиын емес.
149 viewsTorgyn Abushakhman, 16:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 17:10:59
Ауыл шаруашылық министрі де, Сауда министрі де шайды қантсыз ішіп жүр екен)
152 viewsTorgyn Abushakhman, 14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 17:09:51 Еуропа даму және қайта құру банкі “Қазақстан Темір жолы” ұлттық компаниясына “Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасу жолдарын жетілдіруге” 50 миллиард теңге инвестиция салады. Былайша айтқанда Ресейді айналып өтетін темір жол жобасын Батыс қаржыландырады.
Бұны естіген Путин боғын пышақтап жатыр дейді. Маған десе асылып қалсын. Осы себеп болып, Ақтаудан консулдық ашып жатқаны да сол екен. Транскаспий жобасы осы жақпен Әзірбайжан, Грузияға шығады.
158 viewsTorgyn Abushakhman, 14:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 17:09:19 Приключения итальянки в Казахстане: женщина заплатила таксисту 45 000 тенге (чуть меньше $100) за трансфер до гостиницы

Таксист назойливо предлагал иностранке свои услуги, а когда она согласилась сесть в машину, объяснил ей, что 100 долларов за поездку - это нормально, в Алматы все так платят.

Правда, знакомым иностранки такая цена показалась завышенной в несколько раз, и они обратились в полицию.

Таксисту выписали штраф в 15 000 тенге за приставание в общественном месте, а кроме того, он возместил гостье ущерб.

@sputnikKZ
151 viewsTorgyn Abushakhman, 14:09
Ашу / Түсініктеме