Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 17

2022-07-08 21:14:00
Мәселен, оқу орынының салтанат залында магистр дәрежесін алған түлектерге диплом табыстау іс-шарасында мынадай банер ілінді.
«Сіздерді магистратураны бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге одан әрі табысты ғылыми қызмет, жаңа ашылымдар қуанышы, шабыт және өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер тілейміз. Кез келген ШЫҢДАР сіз үшін оңай ЖАЗАЛАНСЫН, жоспарларыңыз мүмкіндігінше тез орындалсын».
Білдей бір қазақ филология факультеті бар, самсап жүрген сансыз институт директорлары, проректорлардың ішінде «Айналайындар-ау, мынау жазғандарың не?» дейтін бір қазақ болмаған ба?!
Диплом құны – 1 млн-дай, сиқы – ұсқынсыз А4 парақ.
Республиканың өзге университеттері тәрізді сырты қатты мұқабасын жасатуға да жарамады.

https://t.me/adyrnaportal
53 viewsArman Aubakir, 18:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:29:28
Синдзо Абэ қастандықтан ауруханада көз жұмды.

Дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.

Оқиға 8 шілдеде Нара қаласында жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған еді. Қаскөй жиында сөз сөйлеп жатқан Абэге оқ атты.

Полиция шабуыл жасаған адамды Нара префектурасында ұстады.
149 viewsSaq Qulaq, 10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:28:05
Шілденің басында бір сілкінген Қарақалпақстандағы наразылық әлі ел аузында.

Өзбекстанның ұлттық ұланы Нүкіс көшелерінің неге қызыл түске боялғанын түсіндірді.

Сөзінше, бұл қан емес бояу.

Енді сұрақ суды қызыл түске бояудың не қажеті болды?
148 viewsSaq Qulaq, 10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 13:08:56
Қарақалпақстанда шілде айының басында орын алған тәртіпсіздіктерді Өзбекстанға дұшпандық танытқан шетелдік күштер жылдар бойы дайындаған.

Бұл туралы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев айтты.

– Әрине, бұл шаралар бір-он күнде ұйымдастырылған жоқ. Оларды деструктивті сыртқы күштер жылдар бойы дайындаған. Олардың басты мақсаты Өзбекстанның аумақтық тұтастығына қол сұғу және ұлтаралық қақтығыс тудыру, – деді Мирзиёев.
152 viewsSaq Qulaq, 10:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:36:09 https://kznews.kz/zhanalyqtar/musylman-men-tanirshi-tabysady-ozin-allanyn-elshisimin-dep-zharijalagan-dindar-gibadathana-ashpaq/
156 viewsTorgyn Abushakhman, 09:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:35:47
Ақ жаулықты апамыз шығып, сұрақ қойып тұр. Иә, мүмкін сұрағын дұрыс жеткізе алмаған болар, мүмкін тіпті сұрағы қате болар, алайда ұлт тәрбиесін ойлап тұрғаны соқырға да көрініп тұр.

Осындай сәтте министрдің "каналды ауыстыра салыңыз, үнді сериалын көрмеңіз, қолыңызда пульт бар" деп жауап қатуын қалай түсінуге болады?! Сұрақ қоюшыны келеке ету ме, әлде әзілдеген түрі ме?...Халықтың сауалына бұлай жауап беруге болмайды!
134 viewsTorgyn Abushakhman, 09:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:32:37
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон он шақты министр отставкаға кеткеннен кейін қызметінен кететін болды.

https://t.me/adyrnaportal
136 viewsTorgyn Abushakhman, 09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:32:36 ҰБТ-дан 139 балл алған екі түлектің нәтижесі жойылды.

Биыл оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуді 154 мың талапкер екі мүмкіндікті қатар есептегенде 276 мың рет тест тапсырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

«Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға жоғары болды. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы (33%-ы) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 66 балды құрады.
Биыл ең жоғары балл 139 болды. Жоғары балды Қазақстан бойынша 3 талапкер жинады. Бірақ өкінішке қарай, екі талапкердің 139 балға академиялық адалдықты сақтамай, ереже бұзу арқылы қол жеткізгені анықталып, екеуінің де нәтижесі жойылды. Қазір үшінші талапкердің нәтижесі тексеріліп жатыр», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

https://t.me/adyrnaportal
133 viewsTorgyn Abushakhman, 09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 12:32:36 Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қазақстандық түлектер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтарды атады.

Оның айтуынша, техникалық мамандықтар арасында ең танымалы – ІТ бағыты. Екінші орында – тіс дәрігері мамандығы. Ал үшінші орында педагогикалық мамандықтар тұр.

"Бейінді пәндердің қорытындысы бойынша талапкерлердің 27%-і техникалық мамандықтарға түсу үшін физика-математика комбинациясын тапсырған. Техникалық мамандықтар арасында ең беделдісі – ІТ. Екінші орында 18%-і – химия-биология. Бұл жерде стоматология ең көп сұранысқа ие. Үшінші орында – педагогикалық мамандықтар", - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

https://t.me/adyrnaportal
144 viewsTorgyn Abushakhman, 09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 08:52:16
Бүгін елорда күні. Астанамыздың атауы өзгеруі тиіс пе?
Anonymous Poll
65%
Астана атауы қайтарылуы керек
11%
Нұр-Сұлтан болып қала берсін
10%
“Алаш Орда” деп атау керек
8%
“Алтын Орда” десек жарасымды
5%
Ақмола болуы қажет
2%
Басқа жауап (пікірге жаздым)
2.4K voters179 viewsArman Aubakir, 05:52
Ашу / Түсініктеме