Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2022-07-30 20:44:50
Иракта ереуілшілер парламент ғимаратына тағы да басып кірді

Жүздеген демонстранттар бүгін Бағдадтағы Ирак парламентінің ғимаратына басып кірді. Садрис қозғалысының (Ирактағы ислам қозғалысы) жақтастары үкімет басшысы лауазымына үміткерлердің біріне қарсы.

Шафактың айтуынша, кейбір наразылық білдірушілер конституциялық залға кіруге тырысуда. Адамдар Бағдад орталығында мемлекеттік мекемелер мен елшілік орналасқан ерекше қорғалатын «жасыл аймаққа», сондай-ақ әскери аэродромға іргелес орналасқан халықаралық әуежайға кіріп үлгерді. Қазіргі уақытта елде төтенше жағдай жарияланды.

https://t.me/adyrnaportal
30 viewsTorgyn Abushakhman, 17:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 20:44:25
Скриптонит.
Respect
31 viewsTorgyn Abushakhman, 17:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 10:20:12
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық соты алты жасар ұлын балталап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай биыл 4 наурызда болған. Сот тергеуінде сотталушы өзінің 2016 жылы туған баласын тоғайға «отын жинаймыз» деп алдап апарғаны анықталды. «Онда жәбірленушінің сол жақ самай сүйегіне темір балтаның тегіс жағымен бір мәрте соққы жасаған. Содан баласының денесін көтеріп, шабылған жиде ағашының томар астына ынғайлап койып, темір балтаның үшкір жағымен мойын аймағынан бірнеше рет соққы жасап, шауып өлтірген», — делінген хабарламада. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты қызметтерді атқаруға 10 жылға тыйым салынды.
80 viewsTorgyn Abushakhman, 07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:20:32 Қаңтар оқиғасына байланысты 700-ден астам адам сотталды

Мұны Қазақстан бас прокуратурасы хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберілген, 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталған. Ведомство уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылғанын айтты.

Ресми ақпарат бойынша, жыл басынан бері 1077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Алайда оның қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбаған.

https://t.me/adyrnaportal
38 viewsTorgyn Abushakhman, 06:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:19:55
Мұрат Әбілдәнің түрмедегі видеосы. Иә, эмоциясын басқара алмайтын шығар, артық сөйлеп, артық жеке басқа өткен болар, бірақ 5 жылға сотталатын қылмыс жасамады деп ойлаймын.
37 viewsTorgyn Abushakhman, 06:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 17:13:25
4,5 жылға сотталған Мұрат Әбілда түрмедегі өмірі жайлы сұхбат берді. Даулы жазбаларымен және ән айтып танылған түркістандық блогер «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық, діни алауыздық» тудырғаны үшін сотталған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” арнасына сілтеме жасап.
Мамыр айында колонияға түскен Мұрат түрмедегілердің өзін танығанын айтады. Алайда «онда отырғандардың бәрі бірдей» деп бастады блогер әңгімесін.

«Осында әкелген кезде көбісі таныды. Барлық жерде ән айтып жүрген сен емес пе?” – деді. Әрине, бұл мен үшін жағымды. Маған барлығы жақсы қарайды, мазақ қылып жатқан ешкім жоқ, әкімшіліктің де көзқарасы жаман емес. Мені бірден цехқа орналастырды. Онда пісірушінің көмекшісі болып жұмыс істеймін, айлық тааламын. Тек анамды сағынамын. Тек бостандықта жүрмегенім жаман, ол да өтер», — дейді Мұрат Әбілда.
110 viewsTorgyn Abushakhman, 14:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 16:20:44
Бақытбек Есентаевтың түрмеден шыққан сәтін қарындасы Нағима Есентаева видеоға түсіріп, инстаграм парақшасына жүктеген деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

Видеода қарындасы ағасын түрмеден қалай шығарып алып жатқандарын баяндап, қуанышын жасырмады.

Бақытбек Есентаев түрмеде 6 жыл отырды. Оны түрмеден шығарып алуға барлық дос-жараны, туған-туысы жиналған. Алайда, қыздары келмеген.
115 viewsTorgyn Abushakhman, 13:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:32:36 "Елге қайтарылған ақшаға жас жұбайларға арналған мемлекет меншігі болып табылатын, жекешелендіруге жатпайтын бір бөлмелі пәтерлер салу керек. Осылай еткен күнде қазақтың саны көбейеді. Жас жұбайлардың ажырасуы азаяды. Жастар еліміздің болашағы. Ал елдің болашағына ақшаны аяуға бола ма?" Бұл пікірді белгілі мәдениеттанушы Бердалы Оспан Adyrna.kz ұлттық порталының тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

"Ұрланған ақшалар елге қайтарылып жатыр" деген жақсы хабарды естідім. Енді сол қомақты қаржыны қайда, қалай жұмсау керек деген сұрақтың туындауы заңды. Түрлі ойлар да айтылуда. Меніңше, бұл қаражатты бірнеше мәселелерді шешуге жұмсау нақты нәтиже бермейді. Себебі, ақша көп бөлікке бөлінеді де қайда, қанша жұмсалғаны туралы білу қиынға соғады және бұлай еткен жағдайда, қаражаттың тағы да ұрлану қаупі туындайды. Олай болмас үшін елге қайтарылған ақшаны бүкіл елдің көзіне көрінетін бір ғана ауқымды іске жұмсаған дұрыс деп білемін",- дейді мәдениеттанушы. 

Бердалы Оспан келесідей ұсыныстар айтты:

"Елге қайтарылған ақшаға жас жұбайларға арналған мемлекет меншігі болып табылатын, жекешелендіруге жатпайтын бір бөлмелі пәтерлер салу керек. Әр жас жұп үйленген күні, неке қию орнында, ресми түрде мемлекеттік ортақ тізімге тіркелінеді және үйлену куәлігі мен бірге пәтер тізіміне тіркелгені туралы құжат беріледі. Пәтердің кілті жас жұбайларға, олар алғашқы сәбиін перзентханадан алып шыққан күні беріледі. Жас жұбайлар болашақта жаңа үй ала алмаса, мемлекет меншігі болып табылатын бір бөлмелі пәтерде өмір бойы тұруға құқылы. Болашақта жас жанұя жаңа үй алған жағдайда, пәтер мемлекет қарамағына қайтарылады. Босаған пәтерлер, басқа жас жұбайларға алғашқы сәбиін перзентханадан алып шыққан күні беріледі. Егер жас жұбайлар ажырасқан жағдайда, пәтерде тұру құқы баласымен қалған анасында немесе әкесінде болады. Сәбилі болмаған жас жұбайларға пәтер берілмейді. Егер жас жұбайлардың пәтер алғаннын кейін сәбиі шетінесе, немесе балалары басқа да жағдайда қаза болып, басқа балалары болмаған жағдайда, олар сол пәтерде ары қарай тұра береді",- дейді Бердалы Оспан. 

Жоба халықтың қадағалауымен іске асуы шарт.

"Бұлай болуы үшін Қазақстанның әр азаматы ғаламтор жүйесі арқылы, пәтер алу тізіміне кімнің тіркелгенін, пәтердің кімге берілгенін, қай пәтердің мемлекет қарамағына қайтарылғанын, қарап біліп отыра алатындай ашық түрде жүргізіледі. Осылай еткен күнде қазақтың саны көбейеді. Жас жұбайлардың ажырасуы азаяды. Ал қазақтың санының көбеюі - еліміздің көркеюі деген менің ойыма бәріңіз қосыласыздар деген сенімдемін. Ендігі жерде елге қайтарылған қаражат, бұл жобаны ары қарай жалғастыруға жете ме дейтін сұрақ туындайтынын біліп отырмын. Бұл игі іс мемлекет тарапынан жалғастырылуы қажет. Жастар еліміздің болашағы. Ал елдің болашағына ақшаны аяуға бола ма? Бұл сұрақтың жауабын өздеріңіз айтыңыздар",- деп түйіндеді сөзін Бердалы Оспан.

https://t.me/adyrnaportal
69 viewsTorgyn Abushakhman, 09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:32:36
Бердалы Оспан: Елге қайтқан ақшаға жастарға пәтер салса, ажырасу азаяды!
62 viewsTorgyn Abushakhman, 09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:31:46 Сонымен Украина соғысы қайта жанданды. Екі-үш аптаға созылған айтарлықтай тыныштық тоқтап, Ресей әскері Донбасста, Украина әскері Херсон мен Запорожье облыстарында шабуылға шықты. Тамызда ірі шайқастар болатын сыңайлы.
61 viewsTorgyn Abushakhman, 09:31
Ашу / Түсініктеме