Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 10

2022-07-24 10:01:38
Жамбыл облысында ер адам немересімен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 23 шілдеде болған.

«Талас өзеніне түскен 61 жастағы ер адам мен 7 жасар қыз қаза тапты. Олар шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен»,— деп түсіндірді ведомство.

https://t.me/adyrnaportal
132 viewsTorgyn Abushakhman, 07:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 13:22:42
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады.

Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. 

https://t.me/adyrnaportal
51 viewsTorgyn Abushakhman, 10:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 20:16:46
"Алтын орда" базары иесінің 47 млн теңге табысы тәркіленді

Altyn Orda QazTrade LTD компаниясының монополиялық жоғары бағаны қолдану арқылы алынған 46 976 550 теңге мөлшеріндегі табысы тәркіленіп, 1 424 776 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордалық заңгер “Алтын орда” базары Болат Назарбаевтан заңсыз тартып алынғанын мәлімдеп, базардың жаңа қожайындарын тексеруге шақырған.

https://t.me/adyrnaportal
66 viewsTorgyn Abushakhman, 17:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 20:16:23
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мықты айтты!
71 viewsTorgyn Abushakhman, 17:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 20:13:49
Журналистер Рамзан өзінің туған ауылы Центарой маңында әуе шабуылына қарсы қорғаныс базасын орналастыруды сұрайтынына назар аударды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Unian.net басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жауынгерлердің тик-ток жетекшісі Рамзан Қадыров Кремльге Шешенстанға әуе шабуылына қарсы қорғаныс беруді сұрады.

Freed жобасының сюжетінде айтылғандай, Рамзан мұндай өтінішті жаңа стратегиялық шешімдермен негіздеді, өйткені оның айтуынша, Шешенстан белгілі бір жаудың мақсатына айналады. Ал ШҚЖ ему нужна ретінде алдын алу қадамын қорғау үшін.

Бірақ Украинаны ғана емес, НАТО елдерін де басып аламын деп қорқытқан Қадыров кімнен қорқатыны белгісіз. Украинадағы өзінің тик-ток әскерлерінің фиаскосынан кейін Кремль субъектісі Рамзан бос қауіп-қатерлерге бой алдыруды жалғастыруда. Сонымен бірге, Кремль жаяу әскерінің айтуынша, оның батыс мемлекеттерінің ешқайсысын әлі жаулап алмауының жалғыз себебі-Путин бұған әлі тапсырыс берген жоқ.
74 viewsTorgyn Abushakhman, 17:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 20:07:29
«Кезінде Назарбаевқа қарсы келген адаммын» – Асылжан Мамытбеков

Сондай қарсылық білдірудің арқасында жеке банк пен компания арасында бюджет ақшасын жымқырмақ болғандардың жымысқы әркеті орындалмай қалған оқиғаны айтып берді.


Бұрынғы Президент заңға қайшы келетін тапсырмалар берген жоқ. Керісінше жауапты министрлікті реттеуді тапсырған. 2011-2016 жылдары Ауыл шаруашылығын басқарған экс-министр Асылжан Мамытбеков YouTube-тағы «Сұрау бар» бағдарламасына қатысып, Нұрсұлтан Назарбаев жүйесінде қалай жұмыс істегенін айтып берді.
71 viewsTorgyn Abushakhman, 17:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 20:05:13
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нұрғали Нүсіпжанов соңғы уақытта желіде асқан белсенділік танытып жүр.

Өнер иесі түрлі жиындардан суреттер жариялап, ел назарын өзіне аударуда. Көпшілік әртістің жаңа образдарына тәнті болып, оның жасарып кеткенін жарыса айтып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты nur.kz порталына сілтеме жасап.

Нүсіпжановтың Instagram парақшасында бөліскен суреттері оның оқырмандарын қатты таңғалдыруда. Олар фотоларға қарап, әртістің ерекше киіну стиліне ғана тәнті болмай, оның қатты жасарып кеткенін де атап өтті.

Кейбір желі қолданушылары тіпті әншіні танымай қалғандарын жазуда.

«Атамыз гламурный болып кетіпті», «Ағамыз жасарып, имиджі ауысыпты. Соған қарағанда жеңгеміз сізге басын иіп қызмет етеді-ау. Керемет, мың жасаңыз», «Жеңгемізге рақмет», «Жасарып кеткен», «Жадыра жеңгейге рақмет. Ұзақ жасаңыз», «Шынымды айтсам сізді танымай қалдым. Жасы 85-те деп кім айтады?», «Үнемі осылай жүре беріңіз. Мәңгі жас болыңыз», — деп жазуда көпшілік.
75 viewsTorgyn Abushakhman, 17:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:14:43
Ресей халқының өзі агрессор Путиннің жауыздығын мойындауда!

https://t.me/adyrnaportal
87 viewsTorgyn Abushakhman, 11:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:14:43
86 viewsTorgyn Abushakhman, 11:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:14:43
Алақай! Олжалы болдық!

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ватиканның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесіп, қазақстандық ғалымдардың Ватикан кітапханасының ежелгі қолжазбаларына қол жеткізуіне жәрдем көрсетуді сұрады.

Бұл Түркі әлемінің тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік аламыз деген сөз! Көшпенділердің өміріне байланысты көне латын тілінде жазылған тарихи карталар, біздің тарихымызға қатысты құнды деректер! Иә, осының барлығын алуға мүмкіндік туатын болды!

https://t.me/adyrnaportal
80 viewsTorgyn Abushakhman, 11:14
Ашу / Түсініктеме