Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2022-09-01 08:37:23 Касым-Жомарт Токаев:

«По мере повышения качества отечественных вузов будет возрастать и стоимость обучения в них.

Поэтому государство планирует выделять образовательные гранты, которые в зависимости от результатов ЕНТ и иных показателей будут дифференцированы по размеру – от 30 до 100%.

Будут предоставляться и льготные кредиты на обучение под 2-3% годовых.

Указанные меры сделают высшее образование более доступным, а также укрепят в обществе идеологию партнерства и взаимной ответственности»

@kazinform_news
107 viewsTorgyn Abushakhman, 05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:37:23 Президент:

«Глубоко убежден, что решающую роль в построении Справедливого Казахстана сыграют школьные учителя.

Для повышения привлекательности этой профессии в последние годы государство сделало немало. Однако, в данном направлении все еще требуются положительные изменения.

Предстоит принять новый стандарт аккредитации педагогических вузов и выработать рамку компетенций педагога.

Учитывая глобальный научно-технический прогресс, важно усилить в старших классах преподавание предметов естественно-математического цикла и английского языка»

@kazinform_news
107 viewsTorgyn Abushakhman, 05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:37:23 Мемлекет басшысы:

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз.

Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек»

@kazinform_news
108 viewsTorgyn Abushakhman, 05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:31:36 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды.

Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс.

Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын»

@kazinform_news
111 viewsTorgyn Abushakhman, 05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 13:56:16 Журналист Бақтияр Тайжан сынның астында қалған Бекболат Тілеуханға араша түсіп, досына түсіністікпен қарауға шақырды.

"Бекболат Тілеуханов екеуіміз бір топырақтың түлегіміз. Сәкендей нұр дидарлы азаматты дүниеге әкелген аймақта, «Жаңаарқа - балуандар мен әншілердің елі» деген қанатты сөз бар. Сонау сексенінші жылдары алақандай Жаңаарқа Қазақстанның самбо, қазақша күрес құрамасын тең түсердей халде еді. Жеңілмейтін. Ал, әншілері беріден тартқанда Игілік Омаров, Қайрат Байбосынов, барда әншілердің кумиріне айналған Қорабай Есенов, солардың ізін басқан, Қазтуған, Ақтамберді Шалкиіздердердің жырынан қозғағанда жалаң қылышпен атқа мінгізіп жібере жаздайтын Бекболат Тілеуханов. Аты ерте шықты. Ерте есейді. Ұлыстың сөзін қай сында да қайыспай сөйлейтін қайтпас қайраткеріне айналды. Өткенде мерейтойымда Академиялық Инновациялық Университеттің құрылтайшысы, профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Жахан Оңалбеков «Бақтияр, адамдардың тек жақсы жағын көреді» депті. Момын, адал әке-шешемізден жұққан қасиет болар, шындығы осы. Маған жұрттың біразы күстаналап жатқан Бекболаттың «күмәнді» жақтары емес ұлтқа жасаған жақсылықтары әбден жақын. Дүмбілездеу, орысқолды Білім Министрі «Әліппені» оқу пәнінен аластап жатқанда Парламентте шыбын жанын шырқыратып қайтарып алған атадан ер болып туған Бекболатың емес па еді бұл?! Қазақ өз жерінде азшылық болды. Үні құмыға берді. Алыстағы ағайынның көші тоқтауға айналғанда Ақтамбердінің ұранына басып, мемлекеттің есін жиғызған, жарты есті министрлердің апшысын қуырған, көшті орнынан қозғаған Бекболатың емес пе бұл?!",- деп жазды Бақтияр Тайжан өзінің фейсбук парақшасында. 

Журналисттің айтуынша, Бекболат Тілеухан ұлт мүддесін сататын азамат емес.

"Оңтүстік Қазақстан - кеңес империясының тісі батпаған жер. Солтүстік, Орталықты орысқа айналдыруға шақ қалғанда қазағы мол, салт-дәстүрін сақтап қалған Оңтүстік илеуіне көне қоймады. Империяның Оңтүстікті жерге ұрған саясатын біздің көп ағайын әлі де шыңдық деп біліп, Шымкент десе ежірейіп шыға келеді. «Апыр-ау, елді ел қылған хан, төре, би, сұлтан, батыр, бай бағыландарыңның дені Оңтүстікте мәңгі дамылдап жатыр. Арғысын былай қойғанда қазақ руханиятының сардары Өзбекәлі Жәнібеков, берісі Октябрь Жарылқапов, Әбдісалан Нұрмаханов, Бекзат Саттарханов пен Мұхтархан Ділдабековті жақсы көресіңдер де, оларды дүниеге әкелген Оңтүстікті қалай жаман көресіңдер деп ұлттың есін жидырған Бекболаттың емес пе бұл?! Айтса айтар кеп көп қой. Кейінгі кездері Бекболатты сынап-мінеушілердің көбейгені қорқытады. Әнебіреу, бүгінде бүкіл әлемге қазақша ән салдырып қойған Димашты елдегі конкурста құлатып «осы қатындауысты, шыңғырып ән айтатын әншілерден қорқамын» деп ұлы жаңалық ашқан, жау жоқта аттандап, жау кеткенде қылышын боққа ұратын айтыс ақыны «Бекболат қаңтар оқиғасын білді, қашып кетті» деп жүр. Сол Бекболат желтоқсанда қызмет ауыстырғанын, Түркияда болатынын айтпап па еді. Ашығы тек Аллаға аян. Қаңтарда қайда болдық. Тығылып үйде жаттық. Бүгінде «қаңтарда қайда болдың?» деп әркімге сұқ саусағын безейтін әсірепатриоттар да сол қырғында ешбірі төбе көрсетіп, халық ортасында жүрмегенін көрдік қой. Бекболаттың адвокаты емеспін. Сонау мектепте жүріп сыйлаған сыралғы дос, ұлт сөзін сөйлеген жақсы ініні жүндей түтіп жатқан соң аулағырақ тұра алмадық. Рас, Бекболат кемшіліксіз емес. Ондайдан ешқайсымыз құралақан емеспіз. Ұлық Алла ғана кемшіліксіз. Бірақ, қанша жерге ұрсақ та Бекболат ұлт мүддесін сататын азамат емес еді. Түсіністікпен қарайық. Ардақтыларымызды кенеусіз қырған зұлмат заманы емес. Парламентке Шерхан Мұртаза, Амангелді Айталы, Мұхтар Шахановтан кейін ұлттық рух әкелген, қазақ мәселесіне келгенде шовинистерге қасқайып қарсы тұрған қарға бойды Қазтуғанымызды қадірлей білейік. Осы еді айтпағым. Барымызды бағалайықшы. «Бағалай білгенге бақ қонады, қуана білгенге құт қонады» деп абыз Әбіш аға айтпап па еді", - дейді ол.

https://t.me/adyrnaportal
137 viewsTorgyn Abushakhman, 10:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 19:41:38
Тректегі веложарыстан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Таиландта өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол топтық жарыста ұпай саны бойынша үздік атанды.

Айта кетейік, бұған дейін спортшы топтық іріктеу жарысында қола жүлде алған еді.

https://t.me/adyrnaportal
157 viewsTorgyn Abushakhman, 16:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 19:41:25
156 viewsTorgyn Abushakhman, 16:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 11:12:51
Әлеуметтік желіде Бекболат Тілеухан оқыған туындыларды кітап дүкенінен іздеген блогер Мейіржан Батырбековтың бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Желі қолданушысы «Конец власти» мен «Окна Овертона» кітаптарын сатып алу үшін арнайы дүкенге барған. Алайда сатушы бұндай туындылардың сатылымда жоқ екенін айтады.

Видеоны көрген халық түрлі пікір білдіріп жатыр.

«Кітаптар тек Бекболатта», «Өмірде бар шығармалар ма?», «Ұлттық кітапханадан іздеп көр»,— деп жазды олар.

Айта кетейік, Бекболат Тілеухан таяудағы сұхбаты барысында«Конец власти» мен «Окна Овертона» кітаптарын оқымаған журналист Нартай Аралбайұлына сын айтқан еді.

https://t.me/adyrnaportal
179 viewsTorgyn Abushakhman, 08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 11:11:44
Депутат елдегі проблеманы жіпке тізгендей айтып берді
Еділ Жаңбыршин Маңғыстау облысына сапарын қорытындылады. Парламент Мәжілісінің депутаты  әлеуметтік желідегі парақшасына көптің көңіліндегі проблемаларға тоқталып, оны шешудің бірнеше жолын ұсынды. Оның айтуынша, ескі жүйеге үйреніп қалған шенеуніктер, жаңа жағдайға бейімделе алмай, жаңаша жұмыс жасай алмай отыр.
«Елдің көңілі референдумға дейінгідей емес. Жабырқау… Күткен жаңалықтың көңілден шықпағаны көрініп тұр. Шарықтап кеткен баға, титықтатқан жұмыссыздық, теңіздің қасында отырып, ауыз суға жарымау, айта берсең проблема шаш етектен.
Құрылыс жұмыстарына қаржы жетіспейді, жобалық-сметалық құжаттар түгелге жуық корректировкадан өтуі керек. Оған да қаржы жетіспей жатыр дейді құрылысшылар. Арты не болмақ?
Жанар-жағар май дефициті. Біз мұнай мен газдың үстінде отырған елміз, үш мұнай өңдеу зауытымыз бар. Бұл қалай сонда?! Қант тапшылығы неше ай болды әлі реттелген жоқ, реттелетін түрі де көрінбейді», — деп жазды депутат.
173 viewsTorgyn Abushakhman, 08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:11:59
Украинаның депутаты болған, кейін Ресейге сатылып кеткен Алексей Ковалевті өлтіріп кетіпті.
157 viewsTorgyn Abushakhman, 06:11
Ашу / Түсініктеме