Get Mystery Box with random crypto!

KzNews

Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews K
Telegram арнасының логотипі kznews_kz — KzNews
Арна мекенжайы: @kznews_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 700
Арнадан сипаттама

Ең соңғы жаңалықтар

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 17:16:35
Абилов Болат есімді қазақ азаматы мен Горбачевтың әңгімесі:
— Неге Димаш Ахметұлы Қонаевтың орнына одақтық орталық республикадан Қазақстанға біздің мемлекеттен мүлде хабары жоқ адам басқаруға жіберілді? Жергілікті кандидатурадан лайықты үміткер табылмады ма?
— Жоқ, лайықты кандидатура болған жоқ, — деп жауап берді Михаил Сергеевич.
Негізі үміткерлердің қатарында Қаз Министрлер Кеңесінің төрағасы Назарбаев та болған. Алайда Горбачев оған айтарлықтай сенім білдірмеген. Неге екені белгісіз.
97 viewsTorgyn Abushakhman, 14:16
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 16:58:55
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 2023 жылды “Орыс тілі жылы” деп жариялады

https://t.me/ulys1
91 viewsTorgyn Abushakhman, 13:58
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 09:09:16 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды.

Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын.

Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз»

@kazinform_news
118 viewsTorgyn Abushakhman, 06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 09:09:16 Президент:

«Мы строим Справедливый Казахстан с открытой конкуренцией и равными возможностями для каждого.

Принципиально важно осуществлять масштабные политические преобразования в режиме транспарентности, честности и взаимного доверия.

Публичное обнародование сроков и последовательности нового электорального цикла отвечает принципам открытости в принятии решений.

Все эти шаги поэтапно наполняют реальным содержанием нашу главную формулу «сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство»

@kazinform_news
114 viewsTorgyn Abushakhman, 06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 09:09:16 Глава государства:

«В рамках политической модернизации в нашей стране центральное место занимает развитие парламентаризма. Обновленная Конституция задает совершенно новые стандарты политической системы с честными и открытыми правилами игры.

Процедуры регистрации политических партий уже значительно упрощены. Заработают новые механизмы формирования Парламента и маслихатов по партийным спискам и одномандатным округам.

В целом, все институциональные изменения, предусмотренные конституционной реформой, необходимо законодательно завершить уже до конца года.

Они приведут к увеличению количества политических партий, усилят политическую конкуренцию, будут способствовать появлению новой волны народных избранников. Избранные по старым лекалам представительные органы власти должны закономерно обновиться, пройдя через внеочередной электоральный цикл»

@kazinform_news
108 viewsTorgyn Abushakhman, 06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 09:09:16 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын.

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады»

@kazinform_news
96 viewsTorgyn Abushakhman, 06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 09:09:16 Президент:

«Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры.

Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.

Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.

Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ»

@kazinform_news
97 viewsTorgyn Abushakhman, 06:09
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:53:45 Президент:

«Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек.

Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек.

Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын.

Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек.

Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет»

@kazinform_news
99 viewsTorgyn Abushakhman, 05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:53:45 Глава государства:

«Акцент необходимо сделать на децентрализации системы государственного управления при одновременном повышении персональной ответственности политических служащих.

Часть компетенций Правительства следует передать министерствам – за конкретную отраслевую политику должен отвечать конкретный министр, а не «коллективный кабинет».

Правительство же сосредоточится на решении межотраслевых вопросов»


@kazinform_news
98 viewsTorgyn Abushakhman, 05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:53:45 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек.

Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды.

Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек.

Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады»

@kazinform_news
100 viewsTorgyn Abushakhman, 05:53
Ашу / Түсініктеме